Білім
сапасын арттыруда оқу үшін бағалау және
оқуды бағалаудың алатын орны
Сыныптағы
бағалау тек қана техникалық тәсіл
емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша
түрде баға қою арқылы бағалайды.Олар
қолданатын кез келген нысанның артында
тек қана объективті немесе жеткілікті
дәрежеде объективті емес нормалар мен
стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың
дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік,
сонымен қатар өзін-өзі бағалау,
қабілеттілік және күш-жігер сиқты
ұғымдарға қатысты құндылықтар
жатады.(Alexander,2001).
Бағалау-одан
арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен
оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде
жиынтықтауға бағытталған қызметті
белгілеу үшін қолданылатын термин.
1960
жылдардан бастап бағалаудың екі түрі
бар деген пікірлер анықталған.Бағалауды
екі жақтан қарастырған.Ол қалыптастырушы
және жиынтық бағалаулар.Енді осы екі
бағалаудың ара - жігін ажырату керек.Яғни
оқытуды,оқуда қолданатын әдіс-тәсілдерді
жақсарту мүмкіндіктерін және осы
мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін
анықтауға бағытталған бағалау
қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттар
немесе оқу қорытындысын шығару болса,
онда ол өзінің функциясы бойынша жиынтық
бағалау болып табылады .
Бағалау
мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті
мәселе. Көптеген жылдар бойы білім
алушының жетістігі басқа білім
алушының жетістігімен салыстырмалы
түрде 5-тік баллдық сандық жүйемен
бағаланып келді. Бұл жағдайда білім
алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға
мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты
критерийлері, мұғалім мен білім алушы
арасындағы кері байланыс болмады.
Қалыптастырушы
бағалау әртүрлі формада іске асады
(ауызша сұрау, жазбаша, практикалық
жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.)
және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге
де, оқушыға да оқу барысында кеткен
кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға
мүмкіндік береді.
Сабақ
барысында білім алушылардың мұғалімнің
бақылауымен өздерінің білімдерін
бағалау тәсілі өте ұтымды тәсіл деп
санаймын. Бағалаудың әртүрлі болатынын
және ол оқушыны оқыту үшін, ынталандыру
үшін қойылу керектігін білеміз. Білім
алудың нәтижелерін жақсартуға бағытталған
бағалау - қалыптастырушы бағалау және
оқытудың қорытындысын шығаруға
бағытталған бағалау - жиынтық бағалау
екені белгілі.
Мен
өзі практикамда өткізген әрбір сабақта
қалыптастырушы бағалауды, сол нәтижелерге
қарап пән бойынша білім алушылардың
білімдерін қорытуда жиынтық бағалауды
пайдаландым. Сонымен қатар, өз сабақтарымда
өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топ
басшысының топ мүшелерін бағалауын,
бір топтың екінші топ жұмысын бағалауын
ұтымды пайдаландым.
Мысалы,
АҚТҚ мен ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша
өткізген сабақ барысында, білім алушылар
топ ішінде жұппен жұмыс жасап, өз жұбының
іс-әрекеттері мен білім, дағдыларын
өздері алдын ала құрған критерийлері
бойынша бағалады. Осы бағалау туралы
өздерінің пікірлерін айтып шықты.
Олардың айтуынша, бағалау критерийлерін
іс-әрекет жасамай жатып білу, олардың
жұмысына, белсенділігі мен іске
жауапкершілікпен қарауына үлкен ықпалын
тигізіп, жақсы нәтижеге қол жеткізуге
жетелегенін білдім.
Критерийлерге
сүйеніп, өзін-өзі бағалау кезінде, білім
алушылардың өздеріне сыни көзқараспен
қарап, тапсырманы өздігінен орындай
отырып, қиындық тудыратын жерлерін
анықтап, өздеріне шешімді дұрыс әрі
әділ баға беретіндерін байқадым. Ал
бір-бірін бағалауда, бағалау өлшемдерінің
арқасында қойылған баға үшін бір-біріне
деген реніш сезімі тумайтынына көз
жеткіздім.
Сабағыма
критериалды бағалауды енгізу, әрине,
дәстүрлі бағалау жүйесімен салыстырғанда,
сабаққа дайындалуға көбірек уақытты
қажет етеді. Алайда, бағалаудың бұл
түрін сабақтарыма енгізу, бағалау
үрдісін жеңілдете түсті. Критериалды
бағалау біріншіден, студенттерді нақты
талапты көре отырып, керекті нәтижеге
жетуге мүмкіндік беріп, ынталандырады,
екіншіден, студенттерді қызықтырады,
үшіншіден, бағалағанда, бағасын түсіндіру
барысында олардың өз пікірлері туындап,
оны жеткізгенде сөздік қорлары
кеңейетініне көзім толықтай жетті.
Бағалау
мақсаты кең көлемді, дұрыс құрастырылғанда
және әртүрлі болса, нәтижесінде оқу
сапасы артатыны белгілі. Мысалы,
студенттердің жеке және бірлесіп жұмыс
жасауын марапаттау, оқу барысын бақылау,
қаншалықты түсінгенін тексеру және
тақырып мазмұнын қаншалықты мағыналы
түсінгеніне қарай марапаттау және
түсінгенін практикада қолдана білу.
Қалыптастырушы
бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің
бірі - кері байланыс әрекеті деуге
болады. Кері байланыс әрекеті ауызша
және жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Қателіктер болған жағдайда мұғалімге
өзінің жұмысын жақсартуға байланысты
нақты ұсыныс бере алады. Кері байланыс
- бұл оқушының жеке жетістіктері мен
білім алудағы олқылықтарды сезінуіне
және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге
көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын
нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар.
Жазбаша
түрдегі кері байланысқа мынандай даяр
үлгілер беруге болады:
-Мен
білдім.
-Мен
таңдандым.
-Өзіме
ашқан жаңалығым.
-Мынандай
қорытындыға келдім.
-Мен
түсіндім.
«Білемін,Білдім,Білгім
келеді» деп
аталатын байланыс арқылы оқушы бүгінгі
сабақ туралы толық ойын жазады. Осындай
кері байланыс жүргізу арқылы өз
сабақтарымның қаншалықты тиімді немесе
тиімсіз өткен жақтарын анықтадым.
Мен
өз сабақтарымның бірінде бағалау модулін
жүзеге асыру үшін «Микс» әдісін
пайдаландым. Себебі бұл әдіс бойынша
жұмыс жасау білім алушыларға өз бетінше
білім алуға жағдай жасайды және оларды
өз ойын анық әрі түсінікті етіп жеткізуге,
өзінің және курстасының жұмысына
қалыптастырушы баға беруге үйретеді.
«Микс»
әдісін қолданып өткізген сабағымды
талдай келе, өзім үшін мынадай қорытынды
жасадым:
Біріншіден,
топтағы білім алушылардың барлығы
бірдей сабақ барысында жұмыс жасады,
яғни бұрын осы пәнге деген қызығушылығы
төмен білім алушылардың өзі белсенділік
танытты, оқу үдерісіне барлық студенттер
қатысты. Бұрын белгілі бір себептерге,
жеке қасиеттеріне (мысалы, ұялшақтық)
байланысты сабаққа белсенді қатыспайтын
студенттердің бойында өзіне деген
сенімділік пайда болды.
Екіншіден,
берілген тапсырманы оқып, топта талқылап,
негізгісін бөліп көрсетті. Бұл білім
алушылардың өздігінен ақпаратты саралай
алатынының бір көрінісі. Демек, білім
алушылар бұл әдіс бойынша жұмыс жасауға
дайын екендігі көрінді. Менің ойымша,
бұл сабаққа әдістің дұрыс таңдалғанының
бір дәлелі.
Үшіншіден,
білім алушылар өз топтарында берілген
тақырыпты әбден меңгергеннен кейін,
басқа топтарға сол тақырыпты жақсылап
түсіндірді. Бұл жерде білім алушылардың
өз ойларын нақты, анық жеткізгенін
байқадым. Яғни студенттер өздеріне
артылған жауапкершілікті түсініп, басқа
топтарға барынша түсіндіруге тырысты.
Материалды талқылағаннан кейін жұп
бойынша жұмыс жасап, олар бір-біріне
баға берді. Баға беру үшін бағалау
критерийлерін пайдаланды. Баға берген
кезде алдымен артықшылықтарын айта
келіп, келесі жолы мына нәрсені жақсарту
керек деген ұсыныстарды қолданды. Содан
кейін сабақта қарастырылған барлық
мәліметтерді жинақтады, қорытындылады.
Сабақтың
соңында білім алушылардың берген
қалыптастырушы бағаларын ескере отырып,
жиынтық бағалауды жүргіздім. Кері
байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»
«БББ»тапсырмасы арқылы жасалды.
Сонымен
білім алушылар топтарға бірігіп, топ
ішінде өзара әрекет жасап, жаңа материалды
түсіндіріп, оны талқылап, өзінің
іс-әрекетін және басқалардың іс-әрекетін
бағалауды үйренді. Білімалушылардыңбірін-бірі
бағалауы жақсы әсер етті.Кері байланыстарын
оқып отырып, олардың сабаққа деген
қызығушылығының, ынтасының біршама
артқанын байқадым. Олар курстастарының
және мұғалімнің берген қалыптастырушы
бағалауына риза болып, келесі сабақтарда
бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеуге
ұмтылатын болғандарын жеткізіп жазған.
Сондай-ақ қалыптастырушы бағалау өз
қателерін жөндеуіне және ертеңгі күні
білімдерін одан әрі дамыта алатынына
сенімділіктің пайда болуына ықпал
жасайды,болашақта сабақ барысында
бағалау критерийлерге жүгініп жүзеге
асырамын деген шешімге келдім.
|
|
|
Бағалау
парағы
|
«Екі
жұлдыз, бір тілек» әдісі
|
«БББ»
әдісі
|
Қорыта
келе, Теодор Сайзердің «Баға беру
және есепке алу – керемет мақсаттар.
Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін
және біздің жан салып жасап жатқан
ісімізге пайдалы да әділ баға беретін
жүйе...»[7,47] дегендей, қалыптастырушы
бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда
мұғалімге олардың іс-әрекеттеріне
байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере
отырып, жүйелі түрде кері байланысты
қамтамасыз етеді. Кері байланыстың
әсерінен мұғалімдер өздерінің
оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді
қатысады. Ол үшін мұғалім білім алушылардың
оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты
оқыту және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін,
техникасын өзгертіп отыруы қажет. Мұндай
бағалау жаппай тәжірибеде мұғалімнің
қалыптастырушы бағалаудың теориялық
негіздерін және оны ұйымдастырудың
алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге
асады.