400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Білім шыңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибелік әдістер алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Білім шыңы» сайысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "
Білім шыңы " сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
a) Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық әзірлік.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
б) Қызығушылығын ояту

Балалар, бүгінгі сабағымыз да жылы лебізден, бойға қуат беретін сөздерден басталды. Ендеше, додаға түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма дегендей, сендердің білім бәйгесіндегі жүйріктіктеріңді сынайтын мезгіл де жеткен сияқты. Бүгінгі сабақ сендердің қазақ тілі пәнініе алған бір жылғы білімдеріңді қорытындылайтын сабақ болмақ. Ендеше «Білім шыңы» сайысын бастайық.
Сайысымыз 3 топтың арасында өтпек. Бұл топтардың атаулары төмендегідей:
1 - қатар – «Фонетика» тобы
2 - қатар – «Лексика» тобы
3 - қатар – «Сөзжасам» тобы

І кезең :Таныстыру, сәлемдесу.
II кезең :"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.
III кезең : "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)
ІVкезең: «Тапқырлық» 
Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру

V кезең :«Бірге ойланайық» (әдебиет пәнінен сұрақтар)

VI кезең :«Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу. Өлең оқу.

VII кезең :Сергіту сәті

VIIІ кезең: «Ойлан тап»

ІХ кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.

І кезең :Таныстыру, сәлемдесу

Әр топ басшылары өздерінің топтағы мүшелерін таныстырады.

1 - қатар – «Фонетика» тобы
2 - қатар – «Лексика» тобы
3 - қатар – «Сөзжасам» тобы

II кезең :"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.Әр топтан бір оқушы шығып өлеңді мәнерлеп оқиды.

III кезең : "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)

1 - қатар – «Фонетика» тобы

1.Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
2.
Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
3. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
4. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
5.Буын түрлерін ата?

6.Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?

7.Дауыссыздар қандай топтарға бөлінеді?

8. «Дәрі», «киім» сөздерінен қос сөз жаса.

9.Тәрбие,мекеме сөздерің фонетикалық талдау жаса

10. Екпін түрлері нешеу?




2 - қатар – «Лексика» тобы

Кірме сөз дегеніміз не?

Тұрақты тіркес дегеніміз не?

Лексика нені зерттейді?

Көп мағыналы сөз дегеніміз не?

Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

«Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)

8. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

9.Бәйтерек,сабақ сөздерің фонетикалық талдау жаса

10. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)

3 - қатар – «Сөзжасам» тобы

1.Фонетика нені зерттейді?

2.Екпін түрлері нешеу?

3.Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз

4.Қысаң дауыстыларды ата?

5.Қазақ әліпбиі

6.Жуан және жіңішке дауыстылар

7. Табу дегеніміз не?

8.Кірме сөз дегеніміз не?

9.Ғалым,мамандық сөздерің фонетикалық талдау жаса

10. Тұрақты тіркес дегеніміз не?


ІVкезең: «Тапқырлық» 
Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. 

1 - қатар – «Фонетика» тобы
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар). 
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс) 
5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар) 
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ). 
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер). 

2 - қатар – «Лексика» тобы

8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
10. Тіл қылыштан ... (өткір). 
11. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 
12. Тілден артық ... (қазына жоқ). 
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді). 


3 - қатар – «Сөзжасам» тобы
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде). 
15. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл). 
16. Өнер алды - ... (қызыл тіл). 
17. Айтылған сөз - ... (атылған оқ). 
18. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады). 
19. Басқа пәле - ... (тілден). 
20. Білім кілті - ... (тіл). 
21. Тілге құрмет - ... (елге құрмет). 

V кезең : «Бірге ойланайық» (әдебиет пәнінен сұрақтар)

Әр топқа өтілген тақырып бойынша мәтіндер оқылады .Оқушылар шығарманың авторы тақырыбын табуы керек.


1 - қатар – «Фонетика» тобы

1.-Апа, мен ауылға қайтпаймын. Осында қалып, оқу оқимын... дедім апамның білегін басыммен сүзгілеп,қыңқылдап, еркелей сөйлеп.Апам мырс етіп калды.

Мария апайдан басқаның бәрі де мырс етіп күліп жіберді.

- Көрдіңіз бе, баланыз қандай ақылды. (Ғ.Мұсірепов «Жаңа достар»)


2.Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

«Қарашығым,құлыным!»деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым. (М.Жұмабаев «Сағындым»)
2 - қатар – «Лексика» тобы

1. Биыл төртінші жыл елімізге жау тиіп,жылқы біткеннен тұяқ қалдырмай айдап алып әкетті.Әке алып ұйқылы батыр еді.Ұзақ жортуылардан келгенде,алты күн қатарынан ұйықтайтын.

(«Керқұла атты Кендебай» ертегі)

2.Асқар тқбе бел деген,

Ақ бармақпен жемдеген,

Ауырса желмен емдеген,

Өзінен басқа көрмеген,

Өзінен басқа білмеген,

Бағып тұрған анасы,

Күтіп тұрған анасы,

Өзі әйелдің данасы. («Қобыланды батыр»жыры)


3 - қатар – «Сөзжасам» тобы

1.Сен кеткелі көп уақыт болды, мұнда жұртты сен неге иіріп, отырғызып кеттің?- деді.

Жігіт басынан өткен оқиғасын айтқан соң,әйелге ғашық хан онан сайын ынтық бола түсті. («Аяз би» ертегі)


2.Шығамын тірі болсам,адам болып,

Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?

Жүргенше өмір сүріп,надан болып.

(С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам,адам болып»)

VI кезең :«Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу.


Оқушылар Қазақстан туралы өздері өлең,әңгіме жазады.

VII кезең :Сергіту сәті

Оқушылар музыка әуенімен қимыл жасайды.


VII Ікезең: «Ойлан тап»

Берілген мәтін бойынша тапсырмалар орындайды.


1 - қатар – «Фонетика» тобы

Септік жалғауын жалғаңдар.

Мен кинотеатр...отырмын. Сен кітапхана... бара жатырсың. Сіз емхана... келесіз бе? Ол кітап... алды ма ? Біз дүкен... нан әкеле жатырмыз. Сіз Арман... қарындасысыз ба? Сіздер Әлия... келіңдер. Олар Орбита ықшамауданы... бара жатыр.

2 - қатар – «Лексика» тобы

Синоним сөздерді тап.

1. Қой аузынан шөп алмайды - момын 
2. Жүрек жалғау- 
3. Төбе шашы тік тұру- 
4. Қас пен көздің арасында- 
5. Бармағын тістеу- 
6. Аузына құм құйылу- 
7. Ит өлген жер- 
8. Тайға таңба басқандай- 
3 - қатар – «Сөзжасам» тобы
Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.

1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.

2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.

3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.

ІХ кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушыдан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)

Сабақты бекіту.
Қорытынды

Ел басы өзінің биылғы жолдауында тіл туралы: ана тіліміз мәңгілік елімізде, мәңгілік тіл болып қала беретіндігін айтты.


Үй тапсырмасын беру.
Тұрақты тіркестерді пайдаланып, «Мен - елімнің ертеңмін» деген тақырыпта ой толғау жазып келу.
VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау





































































Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі




Ашық сабақ



Тақырыбы:

Сөйлемнің түрлері



Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:Э.Шоманова


















2017-2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі