Білім сыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты барлық мұғалімдерге сонымен қатар жас мамандарға көмек ретінде ұсынылады. Қазіргі кезде балалардың кітап оқуға деген қызығушылығы төмен болғандықтан осындай тәрбие сағаттары арқылы балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға көмегі болады деген ойдамын.Сонымен қатар оқушылар оқулықтарын,басқа да кітаптарды күтіп ұстау керектігін түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім сыры

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру .

Міндеті: Оқыған кітаптарын еске сақтап, оны басқа балалармен бөлісе білу қабілеттерін дамыту;

Кітапты күтіп ұстауға, оны құрметтей білуге тәрбиелеу;

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Негізгі бөлім

1. Мұғалім : - Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер біздің мектепте «Жас оқырмандар» атты апталық өтіп жатқанын білесіңдер. Сол себепте сендер үшін ұйымдастырылып отырған «Білім сыры» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймын.

- Қош келдіңдер!

- Енді балалар ертеңгілігімізді бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін кім табады?

Бетін адам ашады,

Білім сырын шашады. (Кітап)

  • Әрине, кітап. Біз кітап арқылы көп нәрсені білеміз, үйренеміз.Олай болса бізге Адабия кітап қалай жасалатыны жайлы қызықты мағлұмат дайындап әкелген екен. Мұқият тыңдайық.(кітаптың жасалу жолы жайлы мағлұматты тыңдату)

  • Мұғалім: Көрдіңдер ме балалар кітап шығару үшін қаншама адам еңбек етеді. Сондықтан кітаптарымызды.оқулықтарымызды күтіп ұстап,жыртпауымыз керек екен.Сендер менімен келісесіңдер ме? (Балалар жауабы )

  • Музыкалық үзіліс. Ән «Тілім менің - ана тілім»

2. Келесі жұмбақты жасыру;

Көп әңгіме өлеңім

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де жақсы көремін. (Кітап)

Балалардың жауабы

- Иә бұл жұмбақтың шешуі де кітап.Олай болса Адам өмірінде кітаптың орыны бөлек. Кітап болмаса біз ешнәрсе білмес едік. Кітап арқылы өлең жұмбақ жаттап, әртүрлі әңгімелер оқып, өткен ата - бабалар тарихын да біз кітаптан оқып білеміз.

3.Ойын «Білімді мыңды жығар» Ойын шарты: қойылған сұрақты мұқият тыңдап оған толық жауап беру.

- Қандай балаларға арналған шығармалары бар жазушыларды білесіңдер?

- Қандай ақын төрт жыл мезгілі туралы жазған еді?

- «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінің авторы?

- Балаларға арналған қандай журналдарды білесіңдер?

- Жергілікті «Ертіс өңірі» газетінде балаларға арналған рубрикасы қалай аталады?

- Мысал дегеніміз не?

(Сұраққа дұрыс жауап берген балаларға сыйлық тапсыру.)

4.Келесі сайыс «Кім көп біледі?» сайыс шарты кім (кітап,оқу,білім туралы) көп мақал айтады сол оқушы жеңімпаз болады.

5. «Ертегілер елінде» үйірмесіне қатысушы оқушылардың орындауында «Екі лақ» атты ертегіні тамашалау.

6.Ертеңгілікті қортындылау:

Мұғалім: Міне, құрметті біздің жас оқырмандарымыз, сендер үшін ұйымдастырылған «Білім сыры» атты ертеңгілігіміз де аяқталды.Өздерің түсініп отырғандай кітаптың көмегімен біз көптеген қызықты ертегілерді оқып танысамыз, танымдық білімімізді дамытамыз,білмеген нәрсемізді оқи отыра үйренеміз.Сондықтан кітап көп оқу керек. Орыстың ұлы жазушысы М.Горький айтқан екен: «Кітапты сүйіңдер,ол өмірді нұрландырады» деп. Олай болса сендер де құрметті оқушылар кітапты сүйіп оқып, оны қастерлей біліңдер. Сонда сендер де білімді, парасатты азамат болып өсесіңдер. Белсене қатысқандарыңа көп рақмет. Қош сау болыңдар , келесі кездескенше!























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
708
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі