Математикалық
сайыс: «БІЛІМ
ТАРЛАНДАРЫ»
Сайыстың
мақсаты
Оқушылардың математикаға деген
қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған
білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын
жетілдіру.
оқушыларға өз бетінше жұмыс
бере отырып, есептер шығарыуда алған білімдерін қолдана
білу,шығармашылық қабілетін дамыту.
Сайыстың
көрнекілігі:
Тақырыптық сөздер, топшамалар,
сөзжұмбақтар, ұлағатты сөздер. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін –
математика» (М.В.Ломоносов). «Математика – ғылымдардың патшасы», ал
арифметика – математика патшасы» (К.Гаус). «Математиканың өз тілі
бар – ол формула» (С.В.Ковалевская). «Ақын жанды болмасаңыз,
математикте бола алмайсыз».
Сабақтың
түрі: Топтық сайыс
сабағы.
Сабақтың
әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық
жұмыс.
Сайыстың
жоспары:
І.
Танысу
ІІ.Білгіш болсаң,шешіп
көр.
ІІІ. Викториналық
сұрақтар.
IV. Біліктілік
сайысы.
Ү. Ойымды
жалғастыр.
ҮІ . Логикалық есептер
сайысы
VIІ.
Қорытынды.
Сайыстың
барысы:
Мінекей, залда
тыныштық,
Естілмейді дыбыс
түк.
Кешіккендерді
тоспаймыз,
Ғылымдардың ғылымы
–
Математика
жайында
Кешімізді
бастаймыз.
Қазылар алқасымен
таныстыру.
«Үлгілі тәртіп, жақсы
оқу,
Алға қойған
мақсаты.
Әрқашан да
мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты» - дей
келе І
тур бойынша топтар өздерін
таныстырып өтсін.
І топ «Үшбұрыш»
тобы.
Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір
түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан
фигураны айтамыз.
Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш
түрлі:
-
тең қабырғалы
үшбұрыш
-
тең бүйірлі
үшбұрыш
-
әр қабырғалы
үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш
түрлі:
-
тік бұрышты
үшбұрыш
-
сүйір бұрышты
үшбұрыш
-
доғал бұрышты
үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының
қосындысы 1800-қа
тең.
ІІ топ. «Квадрат»
тобы.
Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне
тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.
Қасиеттері: 1) диогональдары
тең
2) диогональдары бір-біріне
перпендикуляр болады
3) ішкі бұрыштарының қосындысы
3600-қа
тең.
ІІІ топ. «Трапеция»
тобы.
Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал
басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция
дейді.
Параллель қабырғалары
табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп
аталады.
Трапецияның
түрлері: 1) тең
бүйірлі
2) тік
бұрышты
Трапецияның орта сызығының
табандарына параллель және олардың қосындысының жартысына тең
болады.
ІІ.Білгіш болсаң,шешіп
көр.(ЛОГИКАЛЫҚ
СҰРАҚТАР)
І топ «Үшбұрыш»
тобы.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса
3- кг болды,ал екі аяғымен тұрса оның салмағы
қанша?
2. Төрт қойдың неше аяғы
бар?
3. Бір жұмыртқа үш минутта
піссе,төрт жұмыртқа қанша минутта піседі?
4.Кенжетай 1968 –жыл
29-ақпанда дүниеге келген. Қазір 41-жаста болса осы кезге дейін
неше рет туған күн жасады?
5 . Айсұлу бір сан ойлады. Оны
5 ке бөліп нәтижесін 28 ден азайтып еді,3 шықты. Ол қандай сан
ойлаған?
ІІ топ. «Квадрат»
тобы.
1.Сағат тілі тәулігіне неше
рет тік бұрыш жасайды?
2.Қатар тұрған үш санның
қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең.Ол қандай
сан?
3.Төртеуі 4 сағат шахмат
ойынын ойнады.Әрқайсысы қанша сағат шахмат
ойнады?
4. Аулада жүрген бұзаулар мен
тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық,неше бұзау болуы
мүмкін?
5. 1 т мақта ауырма ,10 ц
темір ауырма?
ІІІ топ. «Трапеция»
тобы.
1.Інісінің 14 асығы
бар,ағасының одан бес асығы артық. Екеуінің неше асығы
бар?
2.9 бен 27
сандарының арасында
қанша
жұп сан
бар?
3.Отбасында
жеті қыз
және
әрқайсысында бір-бірінен інісі бар.Отбасында неше бала
бар?
4. Бір жанұяның бес ер баласы
және олардың әрқайсысының қарындастары бар .Жанұяның қанша баласы
бар?
5. Ағашүстінде 100 торғай
отырады.Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады
?
ІІІ. Викториналық
сұрақтар
1. Қандай санның атының
жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр
бар?
2. Бір жылда неше ай, неше
апта, неше күн?
3. 30 санын үш 6-ны пайдаланып
шығар? Таңбасын қой.
4. Бір-бірімен қиылыспайтын
түзулер?
5. Қандай сан барлық сандарға
бөлінеді?
6. 225 нешенің
квадраты?
ІҮ. Біліктілік
сайысы.
І-топ 1.Теңдеуді шешіңдер.
-3х2+х+2=0
2. Түбірін
тап ;
:
ІІ-топ 1.Теңдеуді шешіңдер:
5х2-8х+3=0
2. Түбірін
тап ;
:
ІІІ-топ 1.Теңдеуді
шешіңдер: 9х2+6х+1=0
2. Түбірін
тап ;
:
Ү.Ойымды
жалғастыр.
1.ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН
БІЛ-...
2.ОТЫЗ ТІСТЕН ШЫҚҚАН
СӨЗ-....
3. ЕКІ ЖАҚСЫ ҚАС
БОЛМАС-....
4.ЖҮЗ СОМЫҢ
БОЛҒАНША-....
5.ДОСЫҢДЫ ҮШ КҮН
СЫНАМА-....
6.БІР КІСІ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН-
....
7.БІЛЕКТІ БІРДІ
ЖЫҒАР-....
8.БІЛГЕНІҢ БІР
ТОҒЫЗ-....
ҮІ. Логикалық есептер
жарысы
«Поп-корн»
әдісі
Әр топтан бір оқушыдан шығып ,
логикалық есеп таңдап алып шығарады.
Жанкүйерлерге
сұрақтар:
1. Бес ін, бес іннің ауызы бір
ін. (қолғап – перчатка, варешки - glove).
2. Төрт қарны бар, бір ауызы
бар. (үй – дом – home).
3. Қабат-қабат қаптама, ақылың
болса аттама. (кітап – книга - book).
4. Екі тыңшысы, отыз екі
бөрісі бар. (бас – голова - head).
5. Егер Т-дан бастасаң санмын,
Т-ны алып тастасаң жаумын. (өрт – огонь, пожар - fire). 6. Жоқ
өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш – линейка – line, ruler).
7. Он қойым болды өміріме
азық,
Инемен саламын құдық қазып.
Жатсам да, тұрсам да қасымда,
Өзімнен көрген емес кейін
қалып. (он саусақ – палец - finger).
8. Жүз мүйізі бар, үстінде
киізі бар. (киіз үй – юрта -yurt)
9. Алды-артымыз шексіз
де,
Жете алмайсың
біздерге.
Сәуле менен
кесінді,
Шыққан тегі білсің де. (түзу –
линия - line).
ҮІІ.
Қорытынды.
Әділқазы армысыздар,
алқалар,
Талай-талай шындық сізде
бар табар!
Бағаларын балалардың
беріңіз,
Қымбат бізге-билігі бар
орталар – деп сөз кезегін әдіқазыларға
беріледі.
Жеңімпаз топтар
марапатталады.
Осымен бұл қызықты
тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба
жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы
жолы,
Тағы да үйренеміз аман
болсақ! – дей келе сайысымызды
аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен
рахмет!