400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білім тарландары,интелектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың шығармашылық пен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс сабақ

Мектеп: Т.Рысқұловатындағы орта мектебі


Күнi: 28.02.2020


Мұғaлiмнiң aты-жөнi: Рахым Сауя


Сынып: 10 а,б,в



Сaбaқтың тaқырыбы

«Білім тарландары» атты интелектуалдық сайыс

Сaбaқтың мaқсaты

оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушылардың ой – өрістерін кеңейту, шығармашылық пен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

Құндылықтaрғa бayлy




Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам жоғары руханият құндылықтарын бойға дарыту мақсатында жұптық, топтық жұмыстар орындай отырып, жақсы қарым-қатынастар орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, сындарлы тіл табу,ортақ жауапкершілікті сезіндіру

Пәнaрaлық бaйлaныс


АКТ қолдану

Интербелсенді тақта,plickers,kahoot


Жоспaрлaнғaн кезеңдер

Сaбaқтaғы жоспaрлaнғaн жaттығy түрлеру

Ресyрстaр

Сaбaқтың бaсы

5 мин


1-жүргізуші:  Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын

2-жүргізуші:  Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар

1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар

2-жүргізуші:  Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып

1-жүргізуші:  Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып

Екеуі бірігіп:   Бәріңізге бір сәлем.

2-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді  «Математика көшбасшысы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Сайсқа 10 «А», 10 «Б», 10 «В» сыныптарын қатысады.

1-жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары әділ шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! – демекші, топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік:

Математика пәнінің мұғалімі: Султанбекова Лаура

Физика пәнінің мұғалімі: Болат Зайра

2-жүргізуші:  Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен

таныстырайық . Сайыс 5 кезеннен тұрады.

І тур. «Бәйге» . kahoot программасы арқылы орындалады.

ІІ тур. «Сиқырлы ұяшықтар».

ІІІ тур. «Ойлы болсаң- озып көр!» ( логикалық есептер)

Plickers программасы арқылы орындалады

IV тур.«Қас қағым сәт».(Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай)

















Қима қағаздар




Сaбaқтың

Ортaсы

30 мин






















І тур. «Бәйге» (әр дұрыс жауап 2 ұпай).

1) Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш математик

А) С. Ковалевская В)А.Франк С) Н.Александрова Д) З. Федотова

2) «Кенгуру» байқауы 1991 жылдан бастап Европада жыл сайын өткізіліп тұрады. Байқау 2009 жылы нешінші рет өтті?

А) 15;      В) 16;   С) 17;    Д) 19

3)Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі

А) Әл- хорезим;  В) Пипагор  С) Аристотель; Д) Евклид ;

4) Үшбұрыштың бұрыштары  7:5:6  сандарына пропорционал, үшбұрыштың ең кіші бұрышын табыңыздар

А) 50°; В) 60° ;   С) 70°;    Д) 30°;

5) Бөлінбейтін бөлшек

А) Атом; В) молекула;   С) нейтрон;    Д) электрон;

6) Дискриминант  …..

А)Айқындауыш; В) толықтауыш;   С)  түбір  Д)жиын ;

7) Ең кіші жай сан.

А) 1;      В) 2;   С) 7;    Д) 0

8) Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген кім?

А) Әл- хорезим;  В) Пипагор  С) Аристотель; Д)Р.Декарт ;

9)Қай ғалым 12 жасында Пифагор теоремасын дәлелдеп берді?

А) Әл- хорезим;  В) Пифагор  С) Эвклид; Д)Эйнштейн ;

10) Тұңғыш қазақ геологы, .қазақ тіліндегі тұнғыш алгебра оқулығының авторы.

А) С.Сатбаев;      В) М.Жұмабаев;   С) Т.Тажібаев; Д) Жаутков.О

11)у= 4х³+5х²+3х+2  функциясының анықталу облысын табыңыздар. А) [-4;2];        В)[-5;3] ;     С) (-∞;+∞); Д) (-∞;2]

12)Бес жарым твяқтың неше ұшы бар?

А) 11;      В) 12;   С)13;    Д)1 0

II- Тур. «Сиқырлы ұяшықтар».


ТҰЛҒАЛАР.

20

30

40

ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ЕСЕПТЕРІ.

20

30

40

Жұмбақтар

20

30

40

Ғажайып сұрақтар

20

30

40

ТҰЛҒАЛАР

  1. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған. Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым.

(Аристотель)

30. Алгебралық теңдеулерді жете зерттеген,белгілі француз математигі

(Франсуа Виет )

40.Евклидтік емес геометрияның негізін салған,орыстың ұлы математигі

(Лабочевский)

ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ЕСЕПТЕРІ.

20. Құнанбай мен жігітек руларының арасында қақтығыс жер дауы ,ел дауы.

Есеп:Құнанбай жігітек сарбаздарының саны – 2040.Құнанбай қолы жігітектен 2 есе көп болса, әрқайсысында қанша сарбаздан бар?

(жігітек сарбаздары 680 , Құнанбай сарбаздары 1360)

30.  Жыл қайыру. –Нешедесің ? -деді ақсақалға жігіт ағасы. –4 жылқы, тоқтымын,-деді Тәтімбет күйші. Тәттімбет нешеде? Дананың сөзі асыл тас.

Жауабы: Тәттімбет күйші төрт жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2жас қос деді,яғни 49+2= 51-ге қарап тұр.

40. «Жүз қаз » есебі.Бір топ қаз ұшып барады, оларға бір қаз қарсы ұшып келе жатып: «Жүз қазға бір сәлем !» - депті.Топ қаз оған былай деп жауап беріпті: «Жоқ біз жүз емеспіз ! Егер бізге тағы осынша қосылса ,тағы соның жартысындай ,тағы соның ширегіндей , оның үстіне сен келіп қосылсаң, біз тура жүз боламыз».Олар қанша болған?

Шешуі:

х + х + х +

x = 36

Жұмбақтар

20. Атадан 10 баламыз
Бір - бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз (цифрлар)


30.  Басынан координатаның өте алмайды,
Осьтерге жақындайды, жете алмайды.
Екеуі екі бөлек тұрғанымен,
Ажырап бір бірінен кете алмайды. (гипербола)

40. Үйшігі бар бір сабаздың
Бірге жүрген бізбенен,
Ұзын екен құйрығы
Оны тіпті сезбеп ем
Құйрығының ұшы жоқ,
Көрейін деп іздеп ем (иррационал сан)

Ғажайып сұрақтар

20. Қазақ халқының салмақ өлшемдері бойынша 100 кг-ға тең салмақ өлшемі. (батпан)

30. 153 +183 қосындысы 33 –ке қалдықсыз бөліне ме? неліктен

40. Бірде патша осы бір математиктен шақырып алып: «Қымбатты досым, сенің мектебіңде өзі неше оқушы бар?» деп сұрапты. Сонда ол: «Барлық оқушыларымның жартысы математиканы, төрттен бірі музыканы үйреніп жүр, жетіден бірі үндемей отырады және бұдан басқа 3 қыз бала бар», -депті. Бұл математиктің есімі кім және мектепте қанша оқушы бар?»

Пифагор, 28


ІІІ тур. «Ойлы болсаң- озып көр!» (Әрбір дұрыс есеп үшін 10 ұпай)

Plickers программасы арқылы орындалады.

1) х –тің қандай мәнінде 2;3;5;7;9;2х сандар қатарының өзгеріс ауқымы 14 –ке тең?

А)7 ; В) 2 ; С) 8 ; Д) 4

2) Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасың. Ол кісі неше жаста?

Шешуі:

Х – жаста дейік. Сонда 3 жылдан кейінгі жасы (х+3) және 3 жыл бұрынғы жасы (х – 3 ) болады

3 (х+3) — 3(х – 3 ) = х

3х+9 – 3х+9 – х =0

х — 18 =0

х =18

жауабы: 18

А)9 ; В) 12 ; С) 18 ; Д) 14

3) 4, 5, 6, және 2 сандарын қолдану арқылы ,әртүрлі неше төрт таңбалы сандар жазуға болады?

А)18 ; В) 24 ; С)2 8 ; Д) 36


Көрермендер мен ойын:

Бұл құралдың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл қандай құрал?Жауабы: Есепшот

«Жермен аспанның астасқан жері».Көкжиек

Жұмулы көзбен нені көруге болады? (түс)


IV тур. «Қас қағым сәт». (Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай).

1-топ сұрақтары:

1)Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

2) Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)

3) 1 саны жай сан ба, құрама сан ба?( екуіне де жатпайды)

4) Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

5) Геометрия терминының мағанасы. (жер өлшеу)

2-топ сұрақтары:

1) Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)

2)1- ге және өзіне ғана бөлінетін сан(жай)

3) Санның жүзден бір бөлігі(пайыз)

4) Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі(ғасыр)

5) Натурал санның мағанасы (табиғи)

3-топ сұрақтары:

1)Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

2) 117 жай сан ба, құрама сан ба?(құрама)

3) Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар?(0)

4) Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді.                   (нол)
5)Қандай жолмен жүруге болмайды?(құс жолымен)



kahoot программасы





























































































































Plickers программасы































Сaбaқтың соңы

2мин

Әділқазылар алқасына сөз кезегін беру,Жеңымпаз топты марапаттау







Саралау–Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау.Сізоқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





































Алматы облысы Жамбыл ауданы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

МЖИ КММ





Бекітемін

Мектеп директоры А.Калыбаева



Shape1

Сабақтың тақырыбы:

«Білім тарландары »атты интелектуалдық сайыс



(сыныптан тыс жұмыс)





Пән мұғалімі : Рахым С.




Ұзынағаш





10а

10б

10в

Бәйге

Әрбір дұрыс жауап 2 ұпай




Сыйқырлы ұяшық

Тұлға 20,30,40.

Байрғы есеп 20,30,40.

Жұмбақ 20,30,40.

Ғажайып сұрақ 20,30,40.




Ойлы болсаң

Әрбір дұрыс жауап 2 ұпай




Жекпе жек

Әрбір дұрыс жауап 1ұпай




Жалпы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі