400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білімбердиева Ұлжан Рустемқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналғАН сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні,айы,жылы: 8 сәуір 2020 ж

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»

Мақсаты:Білімділік: Кеңістікте бағдарлай білуді үйрету.

Дамытушылық: Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді білуді үйрету.

Тәрбиелік: Көзді жұмып жүруге жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау мақтау, қорытындылау.

Құрал-жабдықтары: көзді байлайтын орамалдар, текшелер

Жеке жұмысы: Әділбекке жаттығуды үйрету.

Оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Көзді жұмып жүру

Көзді жұмып секіру

ІІ. Негізгі бөлімі:

Көзді жұмып орындалатын

Б.қ: негізгі тұрыс, қолды түсіріп тұру.

1-қолдарымызды екі жаққа созу, 2-оң аяқты неғұрлым алға қарай созу, жоғары көтеру, алақанмен тізе астында шапалақ соғу, 3-аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу, 4- бастапқы қалып. Дәл солай сол аяқпен.

Б.қ: негізгі тұрыс «1-8 »дегенде оң аяқпен секіру шағын кідіріс және «1-8» дегенде сол аяқпен секіру. 2 рет қайталау..

Б.қ: жату. 1-аяқты жоғары көтеру. 2-тізені бүгу.

3-аяқты тік созу,

4-бастапқы қалып.

Б.қ: шалқадан жату

«Велосипед»жаттығуы.

Б.қ: шалқадан жату.

1-қолды аяқтың ұшына дейін созу. 2-б.қ

2. мерген фудболшы ойыны

3.дыбыстық белгіге жүру.

Балалар бірінен соң бірі шеңбердің бойымен жүреді, ысқырық бойынша олар бағытын өзгертеді.

4. Кеңістікте бағдарлау жаттығуы.

ІІІ.Қорытынды бөлім: Команда бойынша жүру: оңға жүреміз, солға жүреміз, алға артқа.

Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова

Күні,айы:









































Күні,айы,жылы: 7 сәуір 2020 ж

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Математикалық жұмбақтар»

Мақсаты:Білімділік: үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету, сандар арасындағы байланысты түсінуге үйрету.

Дамытушылық: сандары бар жұмбақтарды шешуді үйрету, цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу. Кеңістікте бағдарлау түсініктерін қалыптастыру (жақын-алыс) геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды тазалыққа үйрету.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау мақтау, қорытындылау.

Құрал-жабдықтары: әр балаға үлестірмелі құралдар, ұзын жолақтар, сандар.

Жеке жұмысы: Айзереге санауды қайталату.

Оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Балаларға жұмбақ жасыру

  1. Екі қарауыл

Екі тыңшы

Бір жыршы.

  1. Төрт қырлы, өзі аппақ

Тақтадағы ізі аппақ

  1. Екі атым бар тынбайтын

Өзімді ғана тыңдайтын.

ІІ. Негізгі бөлімі:

1 тапсырма. Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.

-суретте неше шырша бейнеленген?

-сонша дөңгелек төменгі қоршауға жапсырыңдар.

Үлестірмелі материалмен жұмыс

Балалардың алдына жолақша береміз және сол жолақшада екі жол болады сол бірінші жолға 1-аю, 2-2балапан орналастырамыз.

Сергіту сәті:

Біздер санай білеміз

Білмегенге күлеміз

Біреу, екеу,үш, төрт деп

Бес, алты деп жүреміз.

2-тапсырма

-әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар?

3- тапсырма

Тәрбиеші балалардан жоғарғы қатардағы фигураларды атап берулерін сұрайды.

-жоғарғы бқрыштағы фигураларды рет-ретімен атап беріңдер.

-екінші және үшінші қатарларға жетпей тұрған фигуралардың суретін жабыстырыңдар.

Қандай фигураларды жапсырдыңдар?

ІІІ.Қорытынды бөлім: өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Тәрбиеші балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.

Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова

Күні,айы:

























Күні,айы,жылы: 8 сәуір 2020 ж

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызметі: экология негіздері

Тақырыбы: «Арпа сеуіп үйренеміз.»

Мақсаты:Білімділік: Арпа сеуіп үйрету. Зерттеу, тәжірибе жасау қорытындысын шығару.

Дамытушылық: өзіне,өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау мақтау, қорытындылау.

Құрал-жабдықтары: арпаның суреті топырақтар және т.б суреттер.

Жеке жұмысы: Әділжанға ауладағы қоқыстарды жинауға үйрету.

Оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Миға шабуыл:

-балалар, біз бүгін арпа себеміз. Арпа өскен соң онымен біз құстарды тамақтандырамыз. Міне, мынау-арпаның дәнегі. Арпаны көшет арқылы отырғыза алмаймыз. Оны тек себуге ғана болады. Біз арпаны сепкенде жай ғана сеуіп қана қойамыз, біріншіден зерттеу жүргіземіз, екіншіден бақылаймыз. Ол үшін сендер алдыларыңа алжапқыштарды кейіп алыңдар.

-сендердің алдыларыңдағы

Ыдыста арпаның дәнегі жатыр. Екі ыдыстағы арпаның дәнегінен қандай өзгеріс байқалады.

Енді құрғақ дәнді қолдарыңа алып, оның екі жақ ұшына назар аударыңдар

Миға шабуыл:

-Қалай ойлайсыңдар, суда тұрған арпа қатты ма, жұмсақ па?

-не себепті суға салынды?

-балалар, арпаның біреуін суға салған себебім: сендер, зерттеп, бақылап көрсін дедім. Казір сендер екі орталыққа бөлінесіңдер.

-арпаны отырғызбас бұрын не істейміз?

-дұрыс айтасыңдар, бәрің бері жақындап жәшіктегі топырақтан стақандарыңа кішкене ғана топырақ салыңдар.

ІІ. Негізгі бөлімі:

Енді бірінші орталықтың балалары құрғақ арпаны, екінші орталықтың балалары сулы арпаны алып топыраққа шаншу арқылы себеміз де үстін топырақпен жабамыз. Сеуіп болғаннан кейін екі жәшікке салып қоямыз.

-Арпа тез өсіп шығу үшін не істейміз? Дұрыс айтасыңдар, құрғатпай суғарып тұрамыз. Және әркім өзінің сепкен арпасын бақылайды.

ІІІ.Қорытынды бөлім: Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын , не үйренгендерін сұрайды.

Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова

Күні,айы:



































Күні,айы,жылы: 8 сәуір 2020 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: «мені қызықтыратын жануар»

Мақсаты:Білімділік: үй жануарларымен таныстыруды жалғастыру,

Дамытушылық: геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып, қойдың суретін сала білуге үйрету,

Тәрбиелік: қол қимылдарын, ойлануға, қиялын дамытуға тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау мақтау, қорытындылау.

Құрал-жабдықтары: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі.

Жеке жұмысы: Шұғылаға қалай бояу керектігін үйрету.

Оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

«Төрт түлік малды ата» д/ойын

Тәрбиеші суретпен жұмыс жүргізеді. Балалардың төлдердің аттарын еске түсіруіне көмектеседі.

ІІ. Негізгі бөлімі:

Тәрбиеші қой малын жалпы сипаттап, ерекешеліктерін айтады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістерімен балаларды толық жауап беруге дағдыландырады.

Сергіту сәтті:

«Атауын естіп, дыбысын сал.» тәрбиеші бір түліктің атауын атайды. Балалар төрт түліктің қимылын, дыбыстарын салады.

-ал, балалар, біз бүгін жануарлардың ішіндегі ең момыны қойдың суретін саламыз. Қойдың денесін салмас бұрын жапырақ тәріздес денесін, басын саламыз құйырығы, ең соңында аяқтары, жапырақ тәріздес қылып екі құлағын саламыз. Бізге керегі екі түс-сұр және қара түстер. Сурет салуға қиналған балаларға көмек көрсетеді.

-дайын бейнені қылқаламмен ретімен бастырып, аяқтарын, жүнін, құлағын, көзерін, аузын саламыз.



ІІІ.Қорытынды бөлім: Балалардан қандай жануардың суретін салғандарын сұрайды, мақтап-мадақтайды, ең әдемі суреттерді көрмеге іледі.

Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова

Күні,айы:



















































Күні,айы,жылы: 9 сәуір 2020 ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Не дәмді?»ертегісі.

Мақсаты:Білімділік: Ненің дәмді екенін ажыратуға дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.

Дамытушылық: Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау мақтау, қорытындылау.

Құрал-жабдықтары: жеміс-жидектер. Т.б суреттер

Жеке жұмысы: Әділжанға жемістерді жаяламауға тәрбиелеу.

Оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты. Сонда тауық: -ең дәмді тамақ-тары-депті қыт-қыттап.

-тапқан екенсің, дәмді тамақты!

Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!-дейді Ит абалап.

-бәрің де білмейсің. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,-дейді Қоян, екі құлағын тірейтіп.

-жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді –деп ешкі маңырапты.

-шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы!-деп мысық тамсанады.

ІІ. Негізгі бөлімі: Сөйтіп, әркім өзі сүйетін тағамды мақтап, қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, тарасыпты.

-Ал, балалар, ертегіден нені түсіндіңдер?

-Балалар, өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?

-көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге блмайды. Астың бәрі дәмді де , тәтті.

Нан қиқымын, шашпаңдар.

Жерде жатса баспаңдар.-деген өлең бар, ешуақытта асты басып кетуге болмайды. Нанды да, асты да қадірлеуіміз керек.

Сергіту сәтті

Алма баққа барайық

Алма жинап алайық

Ең үлкенін дәмдісін

Әжемізге сыйлайық.



ІІІ.Қорытынды бөлім:

Ойында тапқан жемісімізді немесе көкөністі сипап сезу арқылы жылдам баяндап беру керек екенін айту.

Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова

Күні,айы:































Күні,айы,жылы: 10 сәуір 2020 ж

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Дастарханға нан қайдан келеді?»

Мақсаты:Білімділік: Дәнді дақылдарды өсіру туралы түсініктерін қалыптастыру, нан және оны пісіру туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Балалардың білімге құштарлығын, зерттеу әрекетіне ұмтылысын дамыту.

Тәрбиелік: Ересектердің еңбегіне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау мақтау, қорытындылау.

Құрал-жабдықтары: тақырыпқа байланысты суреттер, наның, бидайдың суреттер.

Жеке жұмысы: Салтанатқа наның қыйқымын шашпауға үйрету.

Оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Жұмбақ

Қайдан келдің, бауырсақ

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрды көзін сап:

-қайдан келдің, бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ

-дүкеннен келдім нан сатқан-

Деді оған бауырсақ

-дүкенге келдің қай жақтан?

-наубайдан келдім нан жапқан

-наубайға келдім ұн тартқан

Дейірменге келдім қай жатқан.

-Даладан келдім кең жатқан

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген

Ө.Тұрманжанов

ІІ. Негізгі бөлімі: Тәрбиеші хабарламасы: бидайдан нанға дейінгі жол өте ұзақ әрі қиын. Дастарқанымызда дәмді, хош иісті нан пайда болғанға дейін, алдымен бидайды өсіру қажет. Бұл үшін трактормен жер жыртады. Содан соң дәнді жерге себеді. Оны күн мен желден қорғау үшін бетін топырақпен жебеды. Ылғалды жердің астында өсімдіктердің тамырлары тез өсіп-жетіледі. Біраз уақыт өткен соң-егістікте алғашқы өскіндер пайда болады. Масақтар пісіп жетілгенде, бидайды жинайды-егін орағы басталады. Бидайды жинау-күнделі үдеріс көмегі қажет.

Тракторшы-жерді жыртып, қопсытып, дәнді себеді.

Комбайыншы-дәнді жинайды

Жүргізуші-дәнді диірменге апарады.

Дирменші- дәнді ұнға айналдырады.

Агроном-жерге қандай тыңайтқыш себу керек екенін, дәнді қашан сеуіп, қашан жинау қажет екендігін шешеді.

Наубайшы-нан пісіреді.

Сатушы-нанды сатады.

ІІІ.Қорытынды бөлім: нанның адам өмірінде алатын орнын, дастарқанымызға нан келгенше, қаншама адамның тер төгіп, еңбек етуі қажет екенін.

Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова

Күні,айы:

















Күні,айы,жылы: 10 сәуір 2020 ж

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»

Мақсаты:Білімділік: Кеңістікте бағдарлай білуді үйрету.

Дамытушылық: Күш, ептілік, жылдамдық тәрізді білуді үйрету.

Тәрбиелік: Көзді жұмып жүруге жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,мадақтау мақтау, қорытындылау.

Құрал-жабдықтары: көзді байлайтын орамалдар, текшелер

Жеке жұмысы: Әділбекке жаттығуды үйрету.

Оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Көзді жұмып жүру

Көзді жұмып секіру

ІІ. Негізгі бөлімі:

Көзді жұмып орындалатын

Б.қ: негізгі тұрыс, қолды түсіріп тұру.

1-қолдарымызды екі жаққа созу, 2-оң аяқты неғұрлым алға қарай созу, жоғары көтеру, алақанмен тізе астында шапалақ соғу, 3-аяқты түсіру, қолды екі жаққа созу, 4- бастапқы қалып. Дәл солай сол аяқпен.

Б.қ: негізгі тұрыс «1-8 »дегенде оң аяқпен секіру шағын кідіріс және «1-8» дегенде сол аяқпен секіру. 2 рет қайталау..

Б.қ: жату. 1-аяқты жоғары көтеру. 2-тізені бүгу.

3-аяқты тік созу,

4-бастапқы қалып.

Б.қ: шалқадан жату

«Велосипед»жаттығуы.

Б.қ: шалқадан жату.

1-қолды аяқтың ұшына дейін созу. 2-б.қ

2. мерген фудболшы ойыны

3.дыбыстық белгіге жүру.

Балалар бірінен соң бірі шеңбердің бойымен жүреді, ысқырық бойынша олар бағытын өзгертеді.

4. Кеңістікте бағдарлау жаттығуы.

ІІІ.Қорытынды бөлім: Команда бойынша жүру: оңға жүреміз, солға жүреміз, алға артқа.

Тексерілді әдіскер Г.К.Сагпазова

Күні,айы:















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 мамыр
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі