400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Bilimclass анықтама тоқсан қорытындысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Bilimclass анықтама тоқсан қорытындысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

2024-2025 оқу жылы Bilimclass платформасы туралы

Анықтама

Bilimclass платформасының білім беру ресурсы мұғалімге және білім алушыларға ыңғайланып жасалынған функционалдық сауаттылықты дамытуға және білім алушыны  бағалауға арналған  таптырмас көмекші оқу  құралы дер едім. Дәл қазіргідей дамыған заманда оқушыларды оқытуда тек қана кітап,дәптермен,бормен,тақтамен ғана жұмыс жасау мұғалім үшін де  білім алушылар үшін де тиімсіз.  Сондықтан сабақ өту барысында тест жұмысы,кесте,диаграмма,тірексызба,сәйкестендіру секілді тапсырмаларды орындату, жаңа сабақты түсіндіргенде оқушылардың білімдерін толықтыру үшін бейне сабақтарын қарау, оқытуға арналған анимациялық фильмдерді қолдану  және де сабақты бекітуде интерактивті тапсырмаларды орындату өте тиімді. Бейне сабақтарда тақырыптар қарапайым және қолжетімді тәсілмен түсіндіріледі. Оқушылар үшін ең тиімді тұсы сабақтан тыс, өздеріне ыңғайлы уақытта Bilimclass платформасының ресурстарына қол жеткізе алады және күнделікті сабақтардан алған бағаларын күнделіктен көріп, тоқсандық қорытынды бағаларын және де  бөлімді және тоқсанды бақылау кезінде жинаған ұпайларын сол күні-ақ қарап біле алады. Әрбір ата-ана да кез-келген уақытта өз перзенттерінің  білім деңгейін оңай бақылап отыра алатыны қуантады. Сонымен қатар,  қолжетімді ресурстар тек бір ғана тілде тоқталып қалмай,  үш тілде қамтылғаны кез-келген  ұлт өкілі үшін тиімдірек.

Сонымен қатар порталдағы арнайы әзірленген педагогтар үшін кәсіби біліктілікті арттыру курстары, цифрлық білім беру ресурстарына деген қолжетімділік,білім алушылардың функционалдық сауаттылығына диагностика жасау,педагогтердің қызметіне мониторинг,білім алушылардың оқудағы жетістіктеріне мониторинг жасалу барысы да  керемет үйлесімділікпен әзірленген.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі сараптамасының Bilimclass-тың құрастырған өнімдеріне оң бағасын беріп, білім беру мекемелеріне пайдалану жөнінде ұсыныс жасағаны, порталдағы жасалынған видеосабақтар мен сабақ мақсаттарының оқу бағдарламасына сәйкес келуі, әрбір қолданушының табысты білім алуына жағдай туғызатын , функцияналды сауаттылыққа бағыттайтын, көп деңгейлі тапсырмалардың қамтылуы, оны орындау барысында білім алушының жан-жақты дамуы, сыни тұрғыдан ойлауға ұмтылуы, педагогтардың цифрлық интерактивті сабақтарын өткеруін  жеңілдетуіне септігін тигізіп отырған  бұл  платформаны білім берудің сапасын арттыруға бағытталған ірі сандық кітапхана деп атар едім.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында «Жаркент орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі толықтай Bilimclass платформасына көшірілді. 62 мұғалім тіркеліп, сабақ кестесі құрылып, 475 оқушы тіркелді. Әр пән мұғалімі КТЖ-ларын кіргізіп, күн сайын толтырылып, оқушылардың білімі бағаланып отыр.

Директордың ақпараттық жүйелер

жөніндегі орынбасары: Сағындықова С.М.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
30.01.2025
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі