жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Білімді азамат-ел ертеңі»
«Білімді азамат-ел ертеңі» деген тақырыпта өткізілетін коучинг
Мақсаты:Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.Қазіргі заманауи технологиялардың бағалау формаларымен таныстыру.
Күн тәртібінде: 1.Тренинг: шаттық шеңбері 2.Кіріспе сөз:Білімді азамат-ел ертеңі 3.Топтық жұмыс 4. “Баға -еңбек жемісі” атты пікір алмасу
Жиналыстың барысы:
1. Мұғалім: Білімді азамат-ел ертеңі
Кіріспе сөз.
"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз". (А. Байтұрсынұлы) Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың. Білімдіні бала болса да, аға деп біл.Адамның көркі киімі емес, білімі.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге алып отыруымыз керек.
Сұрақтар:
1.Сіздер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін оқушылардың парыздары не деп ойлайсыздар? 1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу,4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу. 2.Өздеріңіз айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет етететін келешегі зор азаматтар тәрбиелеуіміз керек.
Топтық жұмыс
I-ші топ: “Бала”
3-ші сынып оқушысы қандай болу керек?(ата-ана көзімен )
II-ші топ: “Тәрбиеші”
Нағыз тәрбиеші қандай болу керек?
(ата-анамен көзімен)
III-ші топ: “Ата-ана”
Ата-ана қандай болу керек?
Жаңартылған білім беру мазмұны Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі
«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру»
пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсанның («Дене шынықтыру»), жартыжылдықтың («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») және оқу жылының соңында аталған пәндерден «есептелінді»/«есептелінген жоқ» деген белгі жазылады.
Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды.
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау – бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген.
Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның
өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесі
1. Қалыптастырушы/формативті
2. Жиынтық бағалау
Критерийлер – талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме.
Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады.
Көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткен дәрежесін анықтау болып келеді.
Қалыптастырушы/формативті (ағымдағы) бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады,тоқсан барысында жүйелі өткізіліп отырады.қалыптастырушы бағалауда баға,балл қойылмайды,мұғалім мен оқушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.
Қалыптастырушы/формативті бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барасында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы/формативті бағаның түзету мүмкіндіктері бар.
Жиынтық бағалау – белгілі бір мерзімдегі (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы;
Жиынтық бағалау әртүрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады.
“Баға-еңбектің
жемісі” пікір алмасу
Киіз үйдің
суретін салу
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Киіз үйдің сүйегі |
1 |
Шаңырақ |
1 |
Кереге |
1 |
||
Уық |
1 |
||
Сықырлауық |
1 |
||
Киіз үйдің сыртқы көрінісі |
2 |
Туырлық |
1 |
Үзік жабу |
1 |
||
Түндік жабу |
1 |
||
Жалпы балл |
7 |
||

“Сен менің жадымдасың әркез” кім көп біледі? (Бармақпен бағалау)
1.Балаңыздың туылған күні?
2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
4.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
5.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6.Бүгін сабақтан қандай баға алды?
7.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз ауызға түседі?
9.Балаңыздың сыныптағы досы кім?
10.Балаңыздың сүйікті пәні?
Кері байланыс «Күлегеш»
Балалар үшін ата-анасының,отбасының тәрбиесі аса маңызды. «Отбасы адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы» В.А.Сухомлинский
Бейнебаян “Бала тәрбиесі”
«Ашық айтсам...» жаттығуы
Ашық айтсам...»
Коучингтің жүргізілген күні___________________________________________
Менің есімім_____________________________________________
Менің коучинг барысында түйгенім____________________________________
__________________________________________________________________
Ата - аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?_______________________________________________________________________________
Бәрінен де маған ұнады_________________________________
Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?
______________________________________________________________________________
ұсыныс_________________________________________________
Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?_______________________________
_________________________________________________________________ Қолы__________________
Қорытынды.
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілін сүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасаты мол азамат болып өссін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген