жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білімді биологтар
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебі
Сайыс
Білімді биологтар
Пән мұғалімі:Г.Айманбетова
7-8 сынып
2018-2019 жыл
Сайыстың тақырыбы: Білімді биологтар
Сайыстың мақсаты:Оқушыларға биология ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып,ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу, оқушылардың танымдық қызметтерін арттырып, пәнге қызығуына ықпал ету.
Жүргізіуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,қымбатты оқушылар! іздің биологиялық кешімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі «Білімді биологтер» сайысына екі топ: «Жас қыранда» және «Жас ұландар» өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Топ мүшелері 9-10 сынып оқушыларынан құралған.
Ойынды сынап, әділ бағалап отыратын қазылар алқасының мүшелері сайланады.
Жүргізуші: Білген сайын келеді білгім келгін,
Біле беру емеспе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек,-деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
І кезең топтардың өзін-өзі таныстыруы.
Жас ұландар.
Ұландармыз белді мықтап байлаған, Білікті болып,белді қатты байлаған біз,
Жарысқа келдік,алған беттен таймаған. Жас ұландар өнерін қараңыздар
Тәуелсіз ел,бір ұрпағы,бұл елдің Тілейміз сәт сапар қарсылас топқа
Көк аспанда көк туы бар асқақтаған Жас қырандар ұша берсін алыстарға
Ал,көрермен,сәлем бердік баршаңызға, Қырандарым талмасын қанатарың,
Біліменен қалғанбыз араңызда, Жете беріңдер асқақтаған армандарға.
( Төсбелгілерін және топ басшыларын таныстырады.)
Жас қырандар.
Біз қырандар алысқа қарай самғаған, Әр сұрақтың жауабын тауып кетер.
Жарысқа келдік жүлде емес ба арман. Жеңу емес мақсаты бұл қыранның,
Абай,Мұхтар,Шәкәрімдей ұлдадың тегіміз, Білімін,сынау,арманы ғой әрбір жанның
Қырандармыз алыста әркез жақын еткен. Тіледік сәт сапар қарсылас ұландарға,
Ұшқыр ой мен білімді алып келер, Алға қарай шаба берсін ақ боз атың!
Сәлемін қабыл алыңыз жас қыраңның!
( Төсбелгілерін және топ басшыларын таныстырады.)
Жүргізуші:Білімді мыңды жығады, Алдағы білім шыңына,
Білікті мыңды жығады. Ең білімді топ шығады,
-деп келесі кезең «Білгірлер сайысына» өтейік.Бұл кезеңде әр топқа 10-10 сұрақтан қойылады. Сұраққа жылдам жауап берілуі тиіс.Егер топ жауап бере алмаса, қасылас топ жауап бере алады.
ІІ.Белгірлер сайысы.
І топқа қойылатын сұрақтар.
1.Бұл бір жасушалы тіршілік иесі шектің бұзылған жерімен және қанмен қорекенеді одан адам зілді ауруға шалдығады.Ол қандай бір жасушалы тіршілік иесі. (дизентерия амебасы)
2.Әрі өсімдік,әрі жануарға болатын ие кім? (жасыл эвглена)
3.Туфелкадағы ядро туралы не білесіңдер? ( үлкен ядро-қозғалу,қоректену,зәр шығару қызметтерін атқарады.Кіші ядро: көбеюге қатысады.)
4.Регенерация дегеніміз не? (жарақаттанған немесе жойылған бөліктің қайтадан қалпына келуі.)
5.Денесі іркілдек, пішіні қолшатырға ұқсас жәндік. (медуза.)
6.Ағза мен мүшелердің пішінін,құрылысын зерттейтін ғылым. (анатомия)
7.Адамның пайда болуын,тарихи даму кезеңдерін зерттейді. (антропология.)
8.Тұқым қуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын бөлік (ген.)
9.Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. (гипоталамус)
10.Аралас бездерге жатады. (ұйқыбезі мен жаныбездері).
ІІ. топқа қойылатын сұрақтар.
1.Жасушалардың пішіні алмұрт тәрізді және 2 талшығы бар қарапайымдылар. (волвокс.)
2.Лас суды тұрқы 0,1-0,3 мм-дей қарапаймды көруге болады ол қайсысы? (инузория туелка)
3.Ішекқуыстылар типінің өкілі ( гидра )
4.Актиния неге жыртқыш деп аталады?( нашар қозғалатын жәндікті жейтіні үшін)
5.Планария оттегін қандай мүшесі арқылы сіңіреді? (бүкіл денесімен)
6.Мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттейтін ғылым (физиология)
7.Адамды жеке тұлғаретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды. (гуманизм)
8.Кейбір жасушаларда пішіні мен құрылысын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (ядрошық)
9.Жас балаларда қалқанша бездің горманы жетіспесе бой өспей жыныстық жетілу тоқталады.Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып,ақыл есі кем болады.Мұндай ауруды қалай атайды? (кретинизм)
10.Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты қалай атайды? (гормондар)
Жүргізуші: Білімін сынап,ойын жүйрік еткен,
Сұраққа қызықты тез жауап берген
Ең қызығы осы емеспе көрермен
Кезекке көрермен ойыны шауып жеткен.
ІІІ.Көрермендер көрімдігі.
Балалар күз айы болғандықтан бір сәт бау-бақшаға саяхат жасап қонақтар келген екен соны бірге тамашалайық.Көрініс: «Бау-бақшаға саяхат».
Жүргізуші: Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып.
Ақын жазушыларымыздың табиғат жайында жазған өлеңдерін жатқа,мәнерін келтіріп оқудан жарыс. Әр топ 2-2 өлеңнен оқиды.
IV. Топ басшылар сайысы.
Жүргізуші: Алғандықтан терең білім,қайрат тың,
Болашаққа нық сезіммен барамыз.
Айдынына білм атты мұхиттың,
Шаршамаймыз тереңіне самғаймыз,-дей отырып биолог ғылымдарымызды есімізге түсіріп,топбасшылар сайысын бастаймыз.Ол кім?
1.Өте ұсақ майда ұяшықтарды микроскоп арқылы көріп,жасуша деп атаған ғалым. (Р.Гук)
2. Ең алғаш жарық микроскобын ойлап тапқан ғалымдар. (Яксендер)
3.Бадырақкөз ауруы туралы сипатап жүген ғалым (Базедов)
4.Өсімдіктердің ұрықтану үрдісін ашқан ғалым (Навашин)
5.Фотосинтезде хлороилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым. (Тимирязев)
6.Канның лейкоцит жасушаларының қызметін жан-жақты зерттеген ғалым (Мечников)
7.Анатомия,изиология,гигиенаға көңіл бөлген ғалым (Досмұхаммед)
8.Көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым.(Гиппократ)
9.Физиологияның дамуына үлес қосқан ғалым (Павлов)
10.Анатомияның негізін салған ғалым. (Везалий)
V.Үй тапсырмасы:
Үйге берілген тапсырма бойынша әр топ жұмыстарын қорғайды.
VI.Қорытынды:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген