жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Білімді ел - мәңгілік ел» өнер фестиваль сценариі
«Білімді ел - мәңгілік ел» өнер фестиваль сценариі
Ұйымдастыру кезеңі: «Жұлдыздар» би тобы
Мәңгілік ел (видео қойылады Б.Тілеухан әні фон болады)
Назарбаевтың сөзін аламыз (видео кесу)
Бағжан:
Біз қазақпыз !
Ежелден–ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн,әр түн,атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз,жалынды от
Ел боп келдік,қалып қоймай қатардан
2-Айдана:
Мәңгілік Ел ұғымы қасиетті, киелі,
Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені.
Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы,
Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі
Көрініс:
Автор: Мәңгілік ел тарихтан басталады.
Қаз дауысты Қазыбек елге енді билік айтып келе жатқанда бұқараның 12 фәнилік ілімінің иегері атанған Тобықтыдан шыққан Әнет бабаға келеді.
Қаз дауысты Қазыбек:
-Ассалаумағалейкум баба
-Уалекум ассолом
-сізден бір сұрақтың жауабын іздеп келдім.
Әнет баба: -Е,шырағым сұрай гой.
Мынау ел басқаратын ойым бар.
Құрметті Әнет баба жаз жатып,қыс қыстап қасыңыздан білім алдым,бірақ мына сұрақтарға мен жауап іздеймін.
Дүниені не бұзады?
Ар мен адамгершілік,азаматты не бұзады?
Күнә неден шығады?
Қарапайым халықтың көңілінен қалай шығамын?
Әнет баба:Араптың әкім деген үш ауыз сөзі бар,екі рет айтсаң екі ауыз сөз болады,алты әріп болады.Ол алтын,әйел,кек,кесір,мақтан,мансап.
Дүнені бұзатын да,адамды аздыратын да осылар
Алтын мен әйел,кек пен кежірлік,мақтан мен мансап айналайын.Алдыңғы төртеуі әркімнің өз ісі болар,соңғы екеуі мақтан мен мансапқа көп көңіл бөл.Мақтан мен мансап үшін емес,сен халқыңның болашағы үшін қызмет етуің керек.Қарапайым халықтың көңілінен шығам десең,сен тас санасаң халқың құм санайды.Құм санаған халықтың көңілінен күнде шығу оңай емес айналайын.Сондықтан ең бірінші арлы бол,арлы болсаң,жарлы болмайсың.Азаматтың ақ туын бік ұста,өзің арлы болсаң,елге сыйлы боласың,азамат деген ақ тілегіңді жұрт әрдайым ардақтап жүреді.Қарағайдың қырық бұтағы болғанмен біреуі ғана түзу таяқ болады,қалған итаяқ пен саптаяқ болады.Қазақтың әр азаматы түзу таяқтай өсіп,елдің кәдесіне жарау керек.
Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырғанда, «Төле бала бірде Әнет бабаға барыпты.
Төле: -Ассалаумағалекум
-Уағаллейкумассолам!
-Кел, балам
«Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» деген сұрақтың жауабын білейін деп едім.
Әнет баба:
-Шырағым,Төле бала
Әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алып кел.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле: Буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
Әнет баба: - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?
Төле:Ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді.
Әнет баба: - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда Төле бала: - Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
Әнет баба: - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл.
«Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті».
Бағжан:
Аспанның
нұрланып ажары,
Тасытты
береке қазанын.
Азаттық
қыранын самғатып,
Әлемнің
аудардық назарын.
Айдана:
Жасампаздық
көшіндегі
Ұрпақтарды
бастасын.
Ұлы
Дала төсіндегі
Мәңгілік
Ел жасасын!
Бағжан:
Жаратқан
Тәңірге сиындық,
Ұлағат
сөзіне иілдік.
Ынтымақ
ұйытқан халықпыз,
Көк
тудың астына жиылдық.
Айдана:-Ия,ұлағатты Ұлылардың есімі ғасырлардан ғасырларға жетті.
Бағжан:-Адамдардың жүрегінде мәңгі сақталды.
Айдана:-Ұлылырдың жасампаз істері шәкірттердің олардың балалары немерелері шөберелеріне дейін ұмытылмайтын болады.
Бағжан:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма?
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл
Әл фараби,Ахмет, Ыбырай, Абайда
Көрініс шығады (видеосымен)
Бағжан:
Қазақстан –көк байрақты нұр едің
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім
Өзің менің қуанышым, бақытым
Өзің менің мақтанышым ,тірегім
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар,берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын!
,
Жасұлан балалар ұйымы:
Ернар:Бабалардан қалған құс ұшса қанаты,тұлпар шапса тұяғы талатын,осынау кең байтақ жерім қазақ жері.Шығыстан шыққан күн бастысқа қарай кең даламды қимай-қимай батады.
Жұлдыз: Ия, сондай әсем жер әскерлердің соғысы,қуғындардың қонысы жұп пен қаттың мекені қорқыныштың секемі болмауы ғажап.
Әділет:Енді алашыма ел намысын үкілейтін,мықтылардан үркімейтін күн туады.Себебі дүнеге сән құрып желді бағыттастыратын,мәңгілік елді қалыптастыратын шекесі торсықтай ұлдың дүнеге келуі қазақ деген халықтың маңдайына біткен бақыт емес пе?
Элмира: Нұр төгіліп әрбір басқан қадамына
Алға жүрді жетемін деп арманына
Жарқыраған жарық,алып жұлдызы ол
Туа біткен қазағымның маңдайына
Жеғңіс: Нұрлы жолды болашаққа бастады
Тәуелсіздік бақыттың бар бастауы
Нұрсұлтан мен тәуелсіздік екі ұғым
Біте қайнап кеткен дейім астарлы
Ақерке: Жарқыраған алтын қанат тұлпарым
Тәуелсіздік желі есіп келеді
Ұлы дала шекарасын бекіткен
Ақ тұлпарым тәуелсіздік кемелі
Күнге қарай ұмтылады шабады
Нәр мен нұрын күннен келіп алады
Елбасы да сол тұлпардай іспетті
Нұрыменен биік асып барады.
(Елбасының мәңгілік ел идеясын ұсынуы видео)
Назерке:Көшбасшы өзі,тұтқасы елдің Нұраға
Қиялын баптап қондыра білген қияға
Күн санап менің құлпырып жатса бай далам,
Қуанышы шіркін кеудеме менің сия ма
Жігіт: Адамзаттың артықтығы білімде
Қор болмайсың білім алсаң күніңде
Назарбаев мектептері ашылмақ
Қалай ғана ұмтылмайсың білімге
Аяна: Қазақпыз біз кең пейілді дарханбыз
Бар адамды қабылдаған досындай
Білім қуған жастарымыз көп елде
Қазақ елі,қазақ жері осындай
Бақ келеді.(Қарлығаш Ағабек)
(Ақереке) Береке: Бақ қайда барасың?
Бақ: Береке,бірлік,ынтымағы жарасқан,дәулеті асқан,мәңгілік елді қалыптастырған қазақ дейтін киелі жерге барам.
(Элмира) Бірлік: Олай болса біздің қатарымызға қосыл
Назерке:
Бақыт құсы қонарда, Мәңгілік Ел боларда,
Періштенің қасына жаман сірә жолар ма?
Мәңгілік Ел белгісі – аспандаған Байтерек,
Жайнап тұрған Астана, жарқыраған Ақорда!
Жақсы-жайсаң кеңесіп, төрт құбыла теңесіп,
Арман болмас, айналсақ, алынбайтын қамалға!
Ән: «Нұрлы жол»
Шығармашылық жұмыс:
Хор:
Трио: «Мәңгілік ел»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген