400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Білімді ел- мәңгілік ел»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Білімді ел- мәңгілік ел»

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Балаларға 1-қырқүйек күні-білім күні жайында түсінік беру.Дамытушылық:Білімнің қасиеті туралы әңгімелеу. Тәрбиелік:Өз туған елдеріне,жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу,

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Армысың ашық аспан!

Армысың Жер- Ана!

Армысың балабақшам!

Армысың достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Сабағымызды мемелекеттік Гимынды орындаудан бастайық.

II.Жаңа сабақ.

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерінде тұңғыш қоңырау соғылады.

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы,білімді, тәрбиелі азамат болу үшін,ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып тәрбие алу керексіңдер.

Балалар біз ортаңғы тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қ.Р рәміздерін білеміз.

-Дұрыс, Ән ұран, елтаңба, ту.

-Балалар, айтыңдаршы біз қай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Републикасының президенті кім?

-Өте жақсы.Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

-Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

-Біздің балабақшамыздың аты қалай аталады?

Өте жақсы балалар. Сендер өздеріңнің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер.

Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.

Арман: Саған білім жемісін

Оқулығың береді

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Ерәлі: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке

Диана: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым ағасы

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Әселім: Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтын, сары күз

Алтын ұя бақшада,

Сабақ бастар шағымыз.

Сергіту сәті:

Әрқашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Өте жақсы балалар. Сабағымызды мақал-мәтелдермен жалғастырайық.

1.Білім-таусылмайтын байлық. (Бакир)

2.Кітап оқығандікі,

Білім тоқығандікі ( Ерасыл)

3.Білім ел ішінде. (Медина)

4.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ ( Бакир)

III.Қорытынды бөлім.

Ән: «Сәлем Қазақстаным»

Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз,қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз батсалады.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен,барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе түлектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүек-білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.



















№1 «Арман» бала бақшасы









Тақырыптық сабақ

Тақырыбы: «Білімді ел-мәңгілік ел»

№16 «Ботақан» ересек тобы









Тәрбиеші: Хұндызбай Г.























Көкшетау -2017 ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі