Материалдар / «Білімді ел – мәңгілік ел!» тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Білімді ел – мәңгілік ел!» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге топпен жұмыс жасауда көмек бере алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
2192
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білімді ел – мәңгілік ел!»

Іс-шараның мақсаты: 1)Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, студенттердің ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстан туралы білімін тереңдету.

2) Студенттерді елін сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, слайд, логотип.

Өткізілген мерзімі: 1қыркүйек – Білім күні.


Іс-шараның барысы: ҚР-ның Әнұраны шырқалып, «Менің Қазақстаным» тақырыбында дайындалған слайд көрсетіледі.

Қызығушылықты ояту.

Биылғы оқу жылы қандай тарихи мерекелермен тұспа-тұс келіп отыр? Тәуелсіздіктің 25жылдығы, Алматы қаласының мың жылдығы

Кіріспе сөз: Білімі мен білігі, мәдениеті жоғары, іс­­­кер­лікке қабілетті елдің азаматтары өркениет көшін өрге бас­­­тай­ды. Бұл орай­да жас ұрпаққа білім-тәрбие беріп, атал­мыш дағды­ларды жастардың бойына дарытуға оқытушылардың қосар үлесі мол. Студенттердің оқу орнында алған білімін өмірде кеңінен қолда­нуына жол ашу­ды мақсат тұтатын бүгінгі білім беру жүйе­сіне қойы­лып отырған талап та зор.

Ой қозғау: « Мәңгілік ел: Білімді ел – мәңгілік ел!» дегенді қалай түсінесіңдер? (студент ойымен бөлісу).

Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Іс-шара барысында топ студенті Айтхожин Дінмұхаммед «Мәңгілік ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты» атты баяндамасын оқыды:

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялық көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды ресімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көп ұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастықта лайықты орын алды. Бұған жету жолы да оңай болмағаны аян. Иә, ел болып еңсе тіктедік дегенде – арғы жағында арқасүйер, табан тірер не бар екенін қазақ жұрты мен қазақстандықтардың жарасымды тіршілігінің дәлелі болды. Бір кездері Алаш арысы Міржақып Дулатов «Түрік баласы» атты жазбасында: «Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», – деп, сонымен бірге тағы жазған мақаласында: «Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады», – деді. Біздің Отанымыз Қазақстан – бүгінде тәуелсіз мемлекет.Елбасымыз өз сөзінде «Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз.Басқа бақыттың қонуы бір бөлек,сол бақытты бағалай білу бір бөлек.Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ.Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол- өткен бабалардың алдыңдағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдыңдағы зор жауапкершілік.Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп,тәубе деп,Тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз.Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз» деген еді.Шынында да тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман – есен өтуіміздің өзі баға жетпес мұра емес пе?!

Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі –Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс тапқандай.  Еліміздің өзіндік стратегиясы қалыптасқан, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан орын алуы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен көреген саясатының жемісі. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы қазірдің өзінде елді біріктіруші күшке, ұлттық идеологияға айналды. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы жаңа дәуірдің,келісті келбетінің көрінісін саралап берді деп толыққанды сенімді айтуға болады. «Мәңгілік Қазақстан» деп аталуы арқылы тұғырлы еліміздегі әрбір отандастарымыздың жүрегіне жылу ұялата,мақтаныш сезімінің және оған деген сенімін айқындады.Елбасымыз тағы бір сөзінде, бүгінімен ертеңін ғана ойлап,кеңшілікті ойлаудан түсер пайданың қазіргі бәсекелестік заманында түкке тұрмайтын тіршілік екенін баса айтты. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен сынақ,осыдан мүлтіксіз орындап, сүрінбей өту – ортақ парыз,абыройлы міндет екенің баса айтты.Шынында да, бұл біз үшін жүктелген,мақсат етілген,жұмыла жеңетін алдағы міндетміз.Осы орайда басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ілігуі, яғни «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Атап айтар болсақ, тұңғыш мемлекеттік тұжырым идеологиясының елең еткізерлік жаңалық екені бізге мәлім.Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін – тұжырым ретінде «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануының айтсақ болады. «Мәңгілік Ел» идеясы,қазақ елінің тәуелсіздік жолында еңбекпен қол жеткізген биік асу,үлкен белес. «Мәңгілік Ел» ұғымын тереңірек түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету маңызды болып табылады. Қазақстан халқының, дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлттық идеясы анықталды.Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Алтын Күн шуағын шашқан Көк байрағымыздың астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. Елбасы:«Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» деп атап өтті.


Сонымен қатар топтағы студенттер «Мәңгілік ел» тақырыбында өлең оқыды:

Мәңгілік Отаным бар бақыттымын,

Бабалар арман еткен шаттық күнін

Өткенін бағаласын жас ұрпағым

Қуанышпен қарсы алсын әрбір таңын

Мақтан тұтар «Мәңгілік еліміз» бар

Әлем білген кең байтақ жеріміз бар.

Батырларым білегімен қорғап өткен,

Тұлпарлардың тұяғының іздері бар

Талай тұлға тарихтың толқынында

Бәрінің теңдік еді арманыда.

Ата – баба рухымен бізге жеткен,

Бостандықтың баға жетпес құны осында!

Туған елдің көк туы Тәуелсіздік,

Желбірейді, әрқашан тұрып биік.

Тәуелсіз елде туған өрендерім,

Өр намысты, білімді, рухы биік

«Мәңгілік ел» мұратым, мақсатымда,

Болашағы айқын болар сара жолда.

Тәуелсіздік қасиетті тұмарымдай,

«Мәңгілік Қазақ елі» тұрағымда.


 І-топ
Жолдауда Елбасымыз Үкіметке 2014 жылдан бастап еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Осыған дейінгі Жолдауда 2050 - жылға дейінгі стратегиялық бағыттар айқындалса, енді осы стратегияның жүзеге асырылу тетіктері көрсетілді. Мысалы, айтылған мерзімге дейін жеті бесжылдық болса, осы әрбір бесжылдықта жаңа инновациялық идеялар іске асатын болады.
ІІ-топ
Елбасымыз Жолдауында еліміздің келешегі – жастар білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі толғақты сауалдарды дөп басып отыр. Елбасымыздың Жолдауына орай тағы бір айтпағым, қазақ тіліне қатысты мәселе. Бүгінде біздің ана тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналған. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болады. Еліміздің ертеңі – жастардың қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап, сабағымызды жақсы оқып, еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек.
ІІІ- топ

«Мәңгілік Ел – ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан – 2050» Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол»,- деген Президентіміз. Қазақтың «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген даналығы бар. Біздің ата - бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. «Білікті мыңды жығарын» өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни оқушылардың алдына қойған мақсаты.


Қонақтармен жүргізілген жұмыс.

Құрметті ұстаздар, қонақтар!

Интерактивті тақтадағы мына 20 сөзді пайдаланып, барша Қазақстан халқына ақ тілек білдірсеңіздер.

1. Жолдау
2. Мәңгілік ел
3 Елбасы
4 Заң
5 Қыз
6 Ұл
7 Қазақстан
8 Ата - ана
9 Ту
10 Әнұран
11 Астана
12 Қазақ тілі
13 Жер
14 Байлық
15 Тыныштық
16 Мектеп
17 Білім
18. Оқу
19. Ақыл
20. Достық
Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер айту. (Интерактивті тақтада мақал - мәтел жазылған, оны жалғастыру керек.)

Қорытынды сөз: «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын - бүгінгі жастар. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін, этностарды біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс. Ел мәртебесіне, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық және сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс.

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.

Ән: «Көк тудың желбірегені».

Picture 1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!