Білімді ел озар

Тақырып бойынша 19 материал табылды

Білімді ел озар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімді елдің болашағы туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімді ел озар...




Сабитова Ұлмекен Бауыржанқызы

Қарағанды қаласы,Академик

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды

зерттеу университеті,Шетел

тілдер факультетінің

3-курс студенті


Білім- ұрпақтан ұрпаққа берілетін ұлы құндылық. Қай жерде, қай заманда болмасын білімнің алатын орны, маңызы зор. "Білімді ел озар, білімсіз ел тозар" деп дана халқымыз айтпақшы, әр елдің дамуы, өркендеуі үшін де оның әрбір азаматының сауаттылығы мен білімді болуы айтарлықтай рөл ойнауы сөзсіз. Себебі XXI ғасыр - бәсекеге толы заман, яғни күшпен емес біліммен таласатын заман деп айтсақ та артықтық етпейді. Сондықтан да, заман талабына сай білім беру жүйесінің өзгеруі қалыпты жағдай.

Білім ешқашан тұрақты және өзгермейтін бола алмасы анық. Ол заманмен бірге жаңарып, дамып отыратын дүние. Бұл орайда Елбасымыздың мына сөзі ойға оралады : "Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ". Иә, расында да, қазіргі күнде дамыған елдердің қатарына қосылу жолында ең маңызы бар дүниенің бірі білім жүйесі болса керек. Ал, қазіргі білім беру жүйесі заман талабына сай ма?

Бүгінде елімізде кез келген адам білім алуы үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Бұрынғыдай кітапхана аралап мәлімет іздеудің де қажеті жоқ. Қолыңа гаджетіңді алып іздесең болғаны, керек заттың бәрі де шығады. Білім беру жүйесінде де айтарлықтай жаңалықтар болғаны рас. Қағаз құжаттардың көбісі дерлік электрондық нұсқаға ауысты. Бұрынғыдай журнал мен күнделік тек қағаз түрінде болмайды. Ата- ана өз баласының оқу үлгерімін өз телефонынан-ақ қарап біліп отыра алады. Бағалау жүйесі де өзгерген. Бұрын балалар баға үшін оқитын болса, қазір балл шкаласы арқылы балаларды бағалайды. Осыған қарап дамыған заманда жұмыстың көбісін технологиялар арқылы орындауға көшіп жатқанымыз байқалады. Семинар, ашық сабақтарда слайдпен жұмыс жасап, электронды тақтада түрлі мәліметтерді жеткізе отырып сабақты түсінікті әрі қызықты өткізуге болады. Бұлардың барлығы жаңа технологияларды толық меңгеріп үйренуге жол ашары анық. Сонымен қатар елдегі соңғы жағдайларға байланысты жаппай онлайн білім алғанымыз рас. Қашықтықтан алған білім басында ешкімге ұнай қоймады, себебі, бұл нәрсеге басында үйренісу қиын болды. Бірақ, соңынан бұл нәрсеге де етіміз үйреністі. Бұлар қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі. Білім беру жүйесінің заман талабына сай болуы елдің дамуы үшін қажетті дүние әрине, алайда, оның теріс әсері болмауы бізге одан да маңыздырақ.

Мысалы жай ғана осы дүниені алып қарастыратын болсақ, технология дамыған заманда біз ұрпақты сол технологияларға тәуелді етіп қойдық. Қашықтықтан оқытуға үйреніскенмен одан алып жатқан білім дәстүрлі білім сияқты сапалы емес. Біз дамимыз деп балаларды телефонға телміртіп соңында оны өздерінен алып қоя алмай жүрміз. Олар баяғыша ізденбейді, оқымайды. Ол керісінше дамуға емес білімнің тежелуіне алып келетін жағдай. Екінші мәселе кітап мазмұндарының өзгеруі. Мектеп бағдарламасындағы кітаптардың жаңаруы жақсы, бірақ олардың мазмұнын өзгертудің аса қажеті бола қоймас. Себебіекеуінсалыстырақарасақ, бұрынғымазмұндамәліметтеркөп те әрітілітүсінікті, ал қазіргімазмұндакейбіреуімәліметтертолықболмайды не өтекүрделітілдетүсініксізболыпкеледі. Осы жағдайлардықарастыракележаңабілімалужолындағыкемшіліктердіқайтақарастыруқажетдепесептеймін.

Білімнің негізгі көзі мұғалімнен беріледі. Егер білім тура да мұғалімнің сараптауы қате болса оқушы оны сол күйінде қабылдайды. Яғни, менің айтқым келгені білім қай жағынан да өзгергенімен, жаңарғанымен оны мұғалім жетік түсініп дұрыс бағытта жеткізе алса, білімді игеруде оқушы да ешқандай кедергіге ұшырамасы анық.

Қазіргі замандағы білім беру жүйесі- бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Жоғарыда айтып өткендей, бәсеке заманында білім беру жүйесінің дамуының зияннан қарағанда пайдасы едәуір зор. Тек біз сол жаңаруды дұрыс игере білуіміз басты мақсат.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі