400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білімді жастар-еліміздің болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ -демекші, білімді болу заман талабы.Үлкен бол, кіші бол бәрімізге білім керек. Әсіресе сол білімнің бастауы болып табылатын, бастауыш сынып оқушыларына берілетін білімнің сапасы өте маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университеті КЕАҚ"

Педагогика және психология институты


Тақырыбы : Білімді жастар-еліміздің болашағы.

Кілтсөздер : тәрбие, мемлекет, білім, ақпарат,технология, ұрпақ, бағдарлама дүниетаным;

Аңдатпа: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ

-демекші, білімді болу заман талабы.Үлкен бол, кіші бол бәрімізге білім керек. Әсіресе сол білімнің бастауы болып табылатын, бастауыш сынып оқушыларына берілетін білімнің сапасы өте маңызды.  




Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев өзінің жастарға сенетінін болашақ жастардың қолында екенін және де балалардың білімі үшін бәрін жасайтынын нақтылап айтып кеткен. Расындада қазіргі таңда балалардың білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ал сол білімді балалардың бойына сіңіретін мұғалімдердің біліктілігіде үлкен роль ойнайды. Қазіргі заманда жас ұрпақтың  білім алуға деген талпынысы, қызығушылығы өте жоғары деп ойлаймын. ХХІ ғасыр – ақпарат пен технологияның заманы.  Адамдардың білім алу деңгейі жаңа сатыға көтеріліп, жаңа түрлі технологиялар, жаңа бағдарламалар ойлап табылып, білім сапасы артуда. Ізденіп, талпынған адамға білім алу үшін ақпарат көздері жетерлік. Тіпті ешқайда шықпай, бір орында отырып-ақ технологияның арқасында білімімізді жетілдіріп, дамытуға болады.        

         Білімді болып, дүниеге деген көзқарасының оң болып дамуы әр адамның өзіне байланысты. Біздің елімізде оқимын, дамимын деген адамға барынша мүмкіндік жасалған деп ойлаймын. Қазіргі заманда көзі ашық, көкірегі ояу оқыған, білімді азамат болмасан, бір орында қалып, жан-жақты дами алмай қалуын әбден мүмкін. Сондықтан да әр адам өзі үшін тырысып, ізденуі керек. Ең бірінші кезекте әр ата-ана баласының болашағы үшін, мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап, баласының білімді болып, жан-жақты қалыптасуы үшін жағдай жасауы керек деп ойлаймын. Сол кезде қалыптасып келе жатқан жас ұрпақтың білім-ғылымға деген көзқарасы дұрыс болып, саналы білімді ұрпақ болып қалыптасады.      

Білімді адам кез-келген қиын жағдайдан шығатын жолды тауып, өмірде көп нәрсеге қол жеткізуге шамасы жетеді. Адам білімді, сауатты болған сайын оның дүниетанымы кеңейіп, креативті ойлау жүйесі дамып, басқа адамдармен қарым-қатынас жасап сөйлесу барысында көп нәрсе үйренуге және үйретуге мүмкіндігі арта түседі.                                                                                                   

Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, оқу-білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалайтын жастар болғандықтан, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне барынша күш салу керек деп ойлаймын.           



Даутова Айгерим

ПМНО 207






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.04.2024
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі