400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білімді жетер мұратқа » тақырыбындағы кездесу кешінің бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білімді жетер мұратқа » тақырыбындағы кездесу кешінің бағдарламасы



Ұстаз деген- жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген- анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұзтаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғар.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетті бас иелік мәңгілік!



Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Білімді жетер мұратқа » тақырыбындағы Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Манабаева Шарапат апайымызбен өтетін кезесуге қош келдіңіздер!

Көрініс: 6- сынып оқушылары

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азамат тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Олай болса, алғашқы сөзді сонау Түркия еліне сапар шегіп, білім саласындағы жаңалықтармен танысып қайтқан ұстаз Манабаева Шарапат апайға береміз.



Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды, себебі ұстаздық өнер тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ- даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең» - дей келе кезекті кезекті оқушылардың көркем сөзіне береміз.

Мамеджан Жайхун, Темірғали Балжан, , Ашырқұл Камала , Мамеджан Азада, Абдираман Шарапат.


Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі,

Ән – шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады - дей келе

11- сынып оқушысы Өміртай Алманың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.



«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор.

Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ұзтаздар екені айқын.

Қане достар пікірлесіп қарайық,

Қилы – қилы ойды ортаға салайық.

Сан- салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық.


Олай болса келесі кезекті оқушылар сауалына береміз.


Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар ,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді. 5- сынып оқушысы Айтуған Балнұрдың орындауындағы әнге кезек береміз.


Ұстаз ақыл - ойы мен күш – қуатын балаларға арнап, жанын аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстаздарды қадірлейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі кездесуіміздің қорытынды сөзін мектеп директоры Мұсаев Нұрлан ағайға береміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.10.2018
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі