Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Білімді мыңды жығар

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:____________

23.10.2018

Тақырыбы: « Білімді мыңды жығар» интеллектуалдық ойын.
Мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Қажетті материалдар: Топ аттары жазылған қағаздар,эмблема, бас киімдер, қоржын, асықтар,интерактивті тақта.
Жоспар: 1. Топқа бөлу. «Білімділер», «Ойшылдар» болып бөлінеді. 2.Кіріспе сөз.

3.Сайыс бөлімдері.
Бірінші айналым.«Керуен»

Екінші айналым. «Қозы көш»

Үшінші айналым. «Бел асар»
Төртінші айналым. «Биік шың»


Барысы:Сәлемдесу.Көңіл-күйлерін сұрау.

Балалар, бүгін біз сіздермен «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз.

Ойын ережесімен таныстыру. Ойын 4 – айналымнан тұрады. Кез келген әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.Ол үшін маған екі көмекші керек.

Топтағы эмблемалар туралы сұраймын.

Әр топ мүшелері өз ұрандарын айтып, өздерін таныстырып шығады. Топ басшыларын сайлап алады.
«Білімділер» тобы.
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»
«Ойшылдар» тобы.
Біздайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»



-Бұл суреттерді көргендерің бар ма? Болса қайдан көрдіңдер? Рухани жаңғыру. Мәңгілік ел туралы өз ойларыңды ортаға салып көріңдерші. Кім не біледі? Өзім көмекші сұрақтар арқылы толықтырып өтемін.

1 – айналым. «Керуен»

Берілген бір сөзден бірнеше сөздер ойлап табуларың керек.
«Ойшылдар» тобы. Атамекен.
«Білімділер» тобы. Болашақ.
Дұрыс, сауатты жазылған әр сөзге 1ұпай беріледі.
Келесі айналымға өтелік.

2-айналым «Қозы көш» Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтінді мұқият түсініп оқып алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
І топ.Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң, алдыңа сол келер.)

ІІ топ.Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.

/Күлме досқа, келер басқа/


3 – айналым. «Бел асар» Сиқырлы сөздер
а)Бұл кезеңде екі топқа шашылған әріптер беріледі.Сөз құрайды оны үш тілде айтады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

к, а,п,і,т; с, е,м,к,ө. (Кітап, сөмке, книга, сумка,

м,к,е, т,п,е; д,е,п,ә,р,т. (Мектеп, дәптер, школа, тетрадь,

ә) Сөзді тап (Бұл әріптерден Отан, туған елге байланысты сөздер ойлап табасыңдар.)

4- айналым. «Биік шың»
Топ басшысына қойылады.
Әр топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады.

«Білімділер» тобы.
1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)
4) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6) 120 минутта 3сағат бар.(жоқ. 2сағат)
7) Жұмбақ – үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең)
8) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)
9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
10) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін көбейтеміз. (жоқ. 4 қабырғасының ұзындықтарын қосамыз)
«Ойшылдар» тобы.
1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2. Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км.(иә)
3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі.(жоқ. Аңыз)
4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта.(иә.)
5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
6. Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.(иә)
7. Мәтіннің үш түрі бар. (Иа әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)
9. Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш.(иә)
10. «Қ» ұяң дауыссыз дыбыс /жоқ қатаң дауыссыз дыбыс./

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау- дей келе, әр топтың ұпай сандарын анықтап асықтарды санау қарсы топтарға беріледі. Ең көп ұпай жинаған топ анықталады. Жеңімпаздар марапатталады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
820
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12