Авторы:
бастауыш сынып мұғалімі Жакпекова
Асемгуль Сейрказыевна
ШҚО
Семей
қаласы
«Жалпы
орта білім беретін №38 мектеп-лицей»
КММ
2-сынып
оқушыларына арналған білім сайысы
Тақырыбы:
Білімді мыңды жығар
Мақсаты:
Оқушылардың білім-білік деңгейлерін
байқау, өздерін емін-еркін ұстай білуге
үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін
дамыту, білімге деген қызығушылықтарын
ояту. Білімді оқушыны анықтау, тапқыр,
ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын
ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне
ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық
заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін
білімнің аса қажет екенін елбасы
Н.Ә.Назарбаев жолдауларында баса
көрсетті. ҚР өркениетті ел болу үшін ең
бастысы білім. Білім - патриотизм негізі.
Білімді болу жүйелі түрде үйренудің,
оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті
бірді жығар,
Білімді
мыңды жығар.
Әділқазы
алқасымен танысайық.
1-кезең
"Тез ойла"
2-кезең
"Өлең - сөздің патшасы"
3-кезең
"Сиқырлы сандық"
4-кезең
"Жұмбақ сайысы"
5-кезең
"Орнын тап"
Бойындағы
бар дарынды көрсетуге, - деп бүгінгі
сайысымызға қатысушы
1-сынып
оқушыларын ортаға шақырайық. (Қатысушылар
әділқазы алқасынан нөмір алады да,
кезекпен өздерін таныстырады.)
-
Білмеймін деп қысылма,
Талабың
болса бойыңда.
Өнерлінің
ырысы,
Жарқырап
жатыр бойында.
1-кезең
"Тез ойла"
Сұрақтарға
жылдам жауап берген қатысушыға 1 ұпайдан
беріледі.
1.
Сиырдың төлі қалай аталады?
2.
Жұлдыздар қай кезде пайда болады?
3.
Үй жануарларын ата.
4.
Жуан дауысты дыбыстарды ата.
5.
Балық қайда болады?
6.
1 аптада неше күн бар?
7.
Жыл мезгілдерін ата.
8.
Жапырақ қай кезде сарғаяды?
9.
Тудың түсі қандай?
10.
ҚР президенті кім?
11.
Түйенің сүті қалай аталады?
12.
Қызанақтың түсі қандай?
13.
Кемпірқосақ қашан шығады?
14.
Қар еріп болысымен көктемде алғаш
шығатын гүл.
15.
Қазақстанның бас қаласы қай қала?
16.
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
17.
Сөйлем неден құралады?
18.
Екі таңбалы санды ата.
19.
ҚР Мемлекеттік тілі қай тіл?
20.
Әкеңнің анасы саған кім болады?
21.
Көру мүшесін ата.
22.
Уақытты анықтауға арналған құрал.
23.
Жұлдыздарды бақылауға арналған құрал.
24.
Теледидардың жұмыс істеуі үшін не қажет?
25.
Табиғи жарықтарды ата.
2-кезең
"Өлең - сөздің патшасы"
Өлең
- сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан
қиыстырар ер данасы.
Тілге
жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс,
жұмыр келсін айналасы.
(Берілген
өлеңдерді мәнерлеп оқиды - 10-15-20ұпай)
3-кезең
"Сиқырлы сандық"
Сандық
ішіндегі тапсырмаларды жазбаша орындау.
(теңдеу-10ұпай)
4-кезең
"Жұмбақ сайысы"
Ал,
балалар, ойнайық,
Ойнайық
та ойлайық.
Қандай
жұмбақ болса да,
Шешпей
оны қоймайық.
Жұмбақтың
шешуін тауып, сол сөзді қазақшадан орыс
және ағылшын тілдеріне аудару. Әр тілдегі
дұрыс жауапқа 10 ұпайдан - 30 ұпай.
1.
Үйіңді қорғайды, Үйшікте тоңбайды. (ит)
2.
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама.
(кітап)
3.
Алты қырлы, түсі бар,
Суретпенен
ісі бар. (қарындаш)
4.
Тіл жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қалам)
5.
Туа сала мұрь өсірген мырза, Пеш түбінде
жатқанына ырза.(мысық)
6.
Әрі қызыл, әрі қатты. Татқан жанды
таңырқатты. (алма)
7.
Ұшымен қазық, Торкөзді жазық. Үстіне
өттім, Асыл сөз жазып. (дәптер)
8.
Үйреткен ілімді, 42 білімді. (алфавит)
9.
Оқушыға күнде еріп, Жүретін не? ...
(күнделік)
5-кезең
"Орнын тап"
орны ауысқан әріптерден сөз құрау.
Сендерге
артар міндет көп
Көтер
биік ата салтын құрметтеп
Ақтай
білсең ата-ана үмітін
Әрбір
сөзі - тәлімі мол бір мектеп.
Шыққан
сөзге дыбыстық талдау жасап, сөйлем
құрау. (сөзді құрап тапса - 10ұ, дыбыстық
талдауға-10ұ, сөйлем құрау - 10ұ. Барлығы
- 30ұпай)
-
Әділқазы алқасына сөз берейік. Жеңімпаз
анықталып, марапатталады.
-
Ән-құсын ұялатып жүрегіне,
Ұшырсын
балдәурен жас ұлы еліне.
Бүгінгі
жастарымыз Мәншүкке ұқсап,
Айналсын
елдің берік тірегіне.
Өнер
мен білімнің биігіне шыққан
Көбейсін
білімділер әрбір тұстан.
Ата
салт дәстүрлерге берік болып,
Тәуелсіз
жасай берсін, Қазақстан!