Күні: 26.04.2017ж
Тобы: ФиС-16/9
Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі» сыныптан тыс
жұмыс
Өтілетін
орны: 504В
аудиториясы
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және
логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып,
іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға
қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың
мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген
сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне
тәрбиелеу;
Көрнектілігі: физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар, буклеттер, қанатты
сөздер.
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру,
тәжірибе жасау, тест орындау, үш тілде жұмбақтың
жауабын табу.
Сабақ
түрі:
сайыс сабақ
І. Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын
тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар
аудару.
Ойынның барысы:
І. «ТАНЫСТЫРУ» (әр топ тобын,
ұранын айту);
ІІ. «КІМ ЖЫЛДАМ?» (викториналық сұрақтар);
Ш. «КІМ
ТАПҚЫР?» (берілген физикалық
құралдардың атын, атқаратын қызметін
түсіндіру);
IV. «ОЙЛАН
ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе
жасау);
V. «ТІЛ –
ӨНЕР» (Жұмбақтарды жауабын
тауып, орыс, ағылшын тілдеріне
аудару) ;
VI. СЕРГІТУ
СӘТІ
Құрметті оқушылар! Техникалық мамандықтар
пәндерінің «Жоғары талап, кәсіби бағдар – болашаққа жол бастар»
атты апталығы өткізіліп жатыр. Апталықтың бір кезегі бүгін физика
сабағына, ФиС-16/9оқу тобында келіп
қалыпты.
- Олай
болса, «Білімді ұрпақ - ел
тірегі» атты сайысымызға қош
келдіңіздер!
Ойынға 3
топ
қатысады. Олар:
1. «Ойшылдар» тобы
2.
«Тапқырлар» тобы
3.
«
Болашақ» тобы
І. ТАНЫСТЫРУ
(Ойынға қатысушы үш топ өздерін таныстырады.)
(1-5 ұпай)
1-топ: «Ойшылдар»
тобы
Ұраны: Жарыс десе
жанамыз,
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.
Сәлемдесу: Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас,бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
2-топ:
«Тапқырлар» тобы
Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесу:
Біз дайынбыз бұл сайысқа,достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір
екен,
Сәтті болсын сапарымыз
әрдайым!
3-топ: «Болашақ»
тобы
Ұраны: Бәріміз біріміз үшін,
біріміз бәріміз үшін.
Сәлемдесуі: Болашақ тобы
алға,
Биіктерге
самға,
Достығымыз
барда
Жүреміз тек
алда!
ІІ. «КІМ
ЖЫЛДАМ»
(викториналық
сұрақтар)
3 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр
дұрыс жауап-5 ұпай
1.Физика нені
зерттейді ?/Табиғат құбылыстарын
зерттейді/
2.Молекула дегеніміз не? /заттың химиялық қасиеттерін
бойына сақтаған оның ең кіші
бөлігі/
3.Телескопты ойлап тапқан ғалым?
/Г.Галилей/
4.Күн жүйесінде қанша планета бар?
/9/
5.Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған
ғалым. /Әл-Фараби/
6.Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік
тартылыс заңын ашуына не себеп болды?
/алма/
7.Заттың ең кішкентай бөлігі?
/атом/
8.Физика не туралы ғылым?
/табиғат/
9.Ток күшінің өлшем бірлігі?
/Ампер/
10.1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды?
/адам ғарышқа ұшты/
11.Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды?
/Жетіқарақшы/
12. «Қозғалыс» физиканың қай бөліміне жатады?
/механика/
13.Жылдамдықтың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі?
/м/с/
14.Күшті
өлшейтін құрал.
/Динамометр/
15.Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін
бөлімі.
/Термодинамика/
16. Көкке қараған, жұлдыз санаған?
/телескоп/
17) Темір не?
/металл/
18) Электр заряды жоқ бөлшек?
/нейтрон/
19) Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал?
/спидометр/
20) Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай
аталады? / тамшы/
21) Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Мұз
кезінде
Ш. КІМ
ТАПҚЫР!
(берілген физикалық құралдардың
атын,атқаратын қызметін түсіндіру, дұрыс жауапқа 5
ұпай);
Берілетін приборлар: динамометр, термометр,
таразы, амперметр,
вольтметр.
1. Динамометр -күшті өлшейтін құрал. Бірнеше түрі бар:
Қолдың бұлшық етінің күшін өлшейтін, тракторлардың, лакоматовтердің
тарту күшін өлшеу үшін
қолданылады.

2. Термометр
–дененің,заттың, ауаның температурасын өлшейтін
құрал. Ойлап тапқан Галилео
Галилей.

3. Таразы- массаны өлшейтін
құрал.

4. Амперметр
–электр тоғының күшін өлшеуге арналған
құрал.

5. Вольтметр
–тұрақты және айнымалы тоқ тізбектеріндегі
электрлік кернеуді өлшеуге арналған
құрал.

6.
Секундомер
–уақыттың дәл нақтылығын анықтайтын
құрал.
ІV. ОЙЛАН
ТАП! (берілген тапсырма
бойынша физикалық тәжірибе
жасау);
Үш топтан ойыншы шығып конвертті таңдайды.
Конвертте тәжірибе жұмыстары жазылған.
Дұрыс жасалған
тәжірибеге-5 ұпай.
«А» конвертінің
тапсырмасы:
Қажетті
заттар: шикі жұмыртқа,суы бар
стақан,бірнеше қасық ас
тұзы
Тапсырма:
1.Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп қасықпен
сал.
Не
байқалды?
Жұмыртқа стақан түбіне түседі,яғни
батады.
Себебі: Жұмыртқаның тығыздығы
судың тығыздығынан артық.
2.Жұмыртқаны стақанның ішінен ал,стақанға 10
шәй қасық тұз сал,толық ерігенше араластыр.Енді жұмыртқаны стақанға
ептеп сал.
Не
байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады,яғни
батпайды.
Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның
тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа
батпайды.
«В» конвертінің
тапсырмасы:
Қажетті
заттар: Стақан,өлшемдері стақан
диаметрінен үлкен қалың
қағаз
Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су
толтыр.
1. Бетін қағазбен
жап.
2.Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші
қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға
қысып ұста.
3.Енді түбін жоғары қаратып,стақанды өте
шапшаң төңкер.
4.Қолыңды ептеп қағаздан
ажырат.
Не
байқалады?
Су стақаннан
төгілмейді.Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген
стақандағы су неге
төгілмейді?
Себебі: Стақан түбіндегі қатты
қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан
ішіндегі судың салмағынан көп болады.Сондықтан қатты қағаз стақанға
тығыз жабысып,су
төгілмейді.
«С» конвертінің
тапсырмасы:
Қажетті заттар: Ыстық және мұздай су құйылған
стақан, қораптағы
шәй.
Тапсырма: Бірінші стақанға мұздай су, екінші
стақанға ыстық су
құй.
-
Қораптағы шәйдың біреуін мұздай суы бар
стақанға сал;
-
Қораптағы шәйдың екіншісін ыстық суы бар
стақанға сал;
Не
байқалды?
Ыстық суға шәй ериді. Ал мұздай шәй сол күйі
қалады.
Себебі:
Температура
артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады, сол себепті ыстық суда
шәй жақсы ериді.
V. Тіл –
өнер. (Жұмбақтардың жауабын
тауып, орыс, ағылшын тілдеріне
аудару)
1.Аса қажет өмірге халық
үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық
үшін. (ток,ток,
current)
2.Жоқ өзінде бас та,қас та,мойын
да.
Ұзындығы жазулы тұр
бойында. (сызғыш,линейка,ruler)
3.Суға салсаң
батпайды,
Отқа салсаң жанбайды.
(мұз,лед,ice)
4.Қабат-қабат
қаптама,
Ақылың болса
аттама. (кітап,книга,book)
5.Бар ма,жоқ па оны анық
білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп
жүрмейсің. (ауа,воздух,air)
6.Жұрттың бәрі соны
сүйеді,
Бірақ қарағысы
келмейді. (күн,солнце,sun).
7. Жердің жүзін
шарлайсың,
Онсыз еш жерге
бармайсың
Көлікпен де, жаяу
да
Саралайсың,
таңдайсың. (Жол, дорога,
road)
8.Жақылдан соң
жаңағы,
Суға бөкті бар
алап
Көкте түрлі
жолақты
Өрнек тұрды
ғаламат. (Кемпірқосақ, радуга,
rainbow)
9.
Алтын теңге
келеді,
Күміс теңге
кетеді. (Ай мен кун, луна и солнце,
moon and sun)
10.Жылт-жылт
етеді,
Жылғалардан
өтеді. (Су,вода,water)
VI. СЕРГІТУ
СӘТІ
1.
Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30
қабырғалы, 517 мускулдан,алдыңғы аяғында 5 саусақ,артқы
аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр
қашықтықтан көре алатын,адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе
алатын жануар қалай аталады?
Мысық
2.
Машина оңға бұрылған кезде қай
дөңгелегі қозғалмайды? Запастағы
дөңгелегі
3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан
шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Үш стакан
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай
лақтыру керек? Жоғары лақтыру
керек
Мозайка.
Шашылған ғалымдардың суреттерін қайта құрастырып
қай ғалым екенін және қандай жаңалық ашқанын айтып
бер.
Олай болса балалар, ойынымызды
аяқтап сөз кезегін апайларымызға берейік!
Келесі кездескенше күн нұрлы болсың, сау
болыңыздар!