жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Білімді ұрпақ – болашақ тірегі» сыныптан тыс -іс шара
Сыныптан тыс іс-шара тақырыбы: «Білімді ұрпақ – болашақ тірегі»
Мақсаты:Оқушыларды сыныптан тыс шараларға белсене қатысуы мен ұжымдық жұмыс жасауын нығайту, ой шапшаңдығын байқау, пәндерді игеруін анықтау және танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Әдеп- ғұрыпты насихаттауға, сөз мәнерлерін сақтауға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, адамгершілігі мол тұлға болуға тәрбиелеу.
Түрі: интелектуалды ойын.
Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Көрнекілік:қалташалар, шарлар, нақыл сөздер.
Барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Армысыздар жиналған қауым!
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын. Сырын білеуге
Көкірегінде болсын көз-, дей келе «Білімді ұрпақ-болашақ тірегі» тақырбындағы сайысымызды бастаймыз.
Сайыскерлерімізбен таныс болайық.
«Қыран» тобы. Топ лидері Алтынбеков Арнұр
1.Алтынбеков Арнұр
2.Алимғожин Әкежан
3.Еренғайып Сая
4.Жарқынқызы Шынар
5.Жеңісұлы Айбек
6.Кабдылрахметова Аружан
7.Ерсінқызы Шолпан
8. Тасболатова Адия
«Тұлпар» тобы. Топ лидері Қабимолла Айдина
1. Қабимолла Айдина
2.Құмарбек Жәнібек
3.Қапанай Ақпейіл
4.Мұхаметқали Айзере
5.Маралбек Мадинұр
6.Жандосқызы Нұрсұлу
7. Теміржан Аружан
8.Советов Мансұр
Әділ қазы –ақ казыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл-,дей келе әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі:Байдусенова Бақыт Жеңісбековна
2.Бастауыш сыныптардың бірлестік жетекшісі:Мындаспекова Шнар Абылкаировна
3.Мектеп психологы:Тауырбаева Бұлбұл Бидақметұызы
4. Ата-ана:Жакаева Айнұр Төлеуғазықызы
Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. « Ұшқыр ой»
2. « Ғажайып төрттік»
3.« Ата салтым-қазынам»
4. « Егер мен Президент болсам...» топ лидерінің сайысы
5.« Полиглот»
6.« Сиқырлы жәшік»
Оқушылардың басты назарларында ұстайтын нәрсе жылдамдық, шапшаңдық, тез ойлап, уақытты ұтымды пайдалану,жауаптары жинақты, нақты болуы керек.
1-кезең «Ұшқыр ой»
Шарты:Мен әр оқушыға 2 сұрақтан қоямын,ойлануға 30 секунд. Егер оқушы жауап бере алмаса, білетін оқушыға жауап беруге болады. Тез,жылдам, нақты жауап беру басты шарт. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-топ «Қыран»
Футболда бір командада неше адам болады?
Мұртты балық? - Шортан.
Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т.Аубакиров,Т,Мұсабаев,А.Айымбетов)
Қызыл планета қалай аталады?
Ұлы Отан соғысынна қатысқан қазақтың батыр қыздарын ата?
Бокс үшін алаң?-Ринг.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуәлсіздігіне қанша жыл толады?
Кимыл,іс–әрекетті білдіретін сөз табын ата?
Жұмадан кейінгі күн қалай аталады?
10.Бір жылдағы күн саны?-365
11.Қай құста мүлде ұя болмайды?
12.Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей,Қытай,Қырғызтан,Өзбекстан,Түркменстан)
2-топ «Тұлпар»
1.Республика күні?-25 қазан
2.Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам?-Юрии Гагарин
3.Жер бетіндегі ең ірі жануар?-Піл
4.Түйе атасы кім?-Ойсылқара
7.Шоқанның шын аты ?- Мұхаммедқанипия
8.Ертегідегі айдаһардың басы?-7
9.Әліппенің атасы кім?-Ахмет Байтұрсынов
10.Қазақстанда неше қорық бар?- 9
11.Негізгі нота сызығында орналасқан кілт қалай аталады?-Скрипка кілті
12.16 желтоқсан қандай мереке?
2-кезең «Ғажайып төрттік»
Бұл кезеңде 4 негізгі пән әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі. Әр ұяшықтардғы сұрақ күрделене түседі.
Математика Әдебиеттік оқу
10 10
20 20
30 30
Дүниетану Қазақ тілі
10
10
20
20
30 30
Математика:
10.Баспалдақ 12 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
20.Бозторғай 9 болса,сарышымшықтардың олардан 3-і артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті.
30.Бір қария 34 балмұздазқ алған. Ол өзіне 4 балмұздақ қалдырып,әр біреуіне 6 балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді.Қарияда қанша немере бар.
Қазақ тілі:
10.Қарсы мағналы сөздерді тауып ата:семіз-(арық),терең-(таяз),қою-(сұйық), қысқарды-(ұзарды).
20.Берілген әріптердің ішінен мағыналы сөздерді табу:
Здбалагбнанврдкитидакөзқлтағажбоқулықпбтас
30.Қатесін түзет:
Ерте,ерте,ертеде бір аңшы болыпты.Ол қайырымсыз екен.Аң-құстардың бәрін ата берген. Атпағандарын торға қамап ұстаған екен. Бір күні ол торға түлкі,айу,қоян,торғайларды,қасқырды қамап тастапты.Түлкі өзінің қулығымен, аю өзінің күшімен құтылмақ болса да , одан ештеңе шықпады.Әбден жаурап, мазасы кеткен түлкі қайғырып:
-Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық болады екен,-дейді.Сонда аю айтады:
-Иә,түлкіжан,ел іші...алтын бесік деген рас екен.Енді қалай құтыламыз өз орманымызға қалай жетеміз деп одан сайын қайғыра түсіпті.Торғайлар:
-Отансыз адам...ормансыз бұлбұл.Біз де өз орман... тоғайымызды қаты сағындық,-деп шиқылдайды.
Дүниетану:
10.Көктемнің жеті белгісін жаз.
20.Кірпіде неше ине бар деп ойлайсын?-6000-7000 ине.
30.Жер бетіндегі ең биік өсімдікті ата.-Секвоя, биіктігі 120 метрден асады, 40 қабатты үйдің биіктігіндей.
Әдебиеттік оқу:
10.Т.Айбергеновтің «Ақ қыс» өлеңінде қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады?
20. «Нағыз» адам мәтінінде үшінші адмды неге нағаз адам деп санады?
30.Мәтіннің мазмұнына сәйкес тақырып қойып,сәйкес мақал-мәтел жазу.
Қайсар жасынан тіл алғыш болып өсіп келеді. Үлкеннің айтқанын бұлжытпай орындайды. Өзінің киімдерін бір жерге қойып дағдыланған. Ойыншықтарын да белгілі жерге жинайтын болды. Ойыншықтың сынғандарын жөндейді. Өз төсегін өзі жинауды үйтенді. Төсектің үстіне киіммен отырмайды.Бөлмесін таза ұстайды.
«Тұған дүние есігін ашады» өлең.
«Өлеңмен жер қойныңа кірер денең»,-деп ұлы Абай айтқандай,шыр етіп дүниеге келгеннен бастап басталған салт-дәстүріміз жер қойнына кіргенге дейін жалғасады. Салт-дәстүрімізді қалай біледі екенбіз?
Ендеше,3-кезең «Ата салтым-қазынам» деп аталады.
Сандықтан тапсырма алып, дайындалу. Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.
1.Байғазы беру.
2.Тұсау кесу туралы не білесің?Тұсау кесетін жіп неге ала? -Жақсылыққа
жақын,жамандықтан алыс болсын. Ешкімнің ала жібін аттамасын.
3. «Тоқым қағу» туралы не білесің?
4. «Бесікке салу» дәстүрі туралы әңгімеле.
4-кезең «Егер де, мен президент болсам...» топ басшыларының сайысы. Топ басшыларының сөйлеу мәнері, сөз саптауы, тіл байлығы ескеріледі.
5-кезең «Полиглот»
Бұл кезеңде тапқырлық пен қанша тілді жетік білетіндерің шыңдалады.
Жұмбақ-сұрақ тез шешіп,
Тек жауабын беріңдер.
Дұрыс тауып жауапты
Ұпай жинап көріңдер,-деп мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер.
Шешуін 3 тілде айту керек: орысша,қазақша,ағылшын тілінде.
Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай,
Тілінді алмайды тетігін бұрамай.-сағат,часы,
2.Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз.-тоңазытқыш,холодильник,
3.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.-кар,снег,
4. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.-қоян,заяц,
5.Ауаға шықса ауырады,
Су ішінде сауығады.-балық,рыба,
6,Мұрыны насос,кран да,
Таң қаламын бұл аңға.-піл, слон,
7. Жолбарыстан аумайды,
Пеш түбінде аунайды.-мысық,кошка,
8.Бұлаңдаған құйрығы, «» «» «»
Бір алдарлық қулығы.-түлкі,лиса,
6-кезең «Өнерлі өрге жүзер»
До,ре,ми,фа,соль,ля,си ноталарының біреуін таңдап, берілген тапсырмасын орындау.
До-Ұстаз туралы ән айту.
Ре-Әр топ адамның бет әлпетін жапсырмалап, салып жасауы қажет. Шар, желім, қайшы, фломастер беріледі. Бет мүшелерінің бөліктерін ұқыпты жасаған топ жеңіске жетеді. 5 минут уақыт беріледі.
Ми- Қошақаным әнін қозының даусымен орындау.
Фа-Айкөлек әнін мысықтың даусымен айту.
Соль-Абайдың бір өлеңін жатқа айту.
Ля-Би билеу
Си-Ұнатқан әншінің пародиясын салу.
7-кезең «Ертегілер елінде»Ертегі «Бір үзім нан»
Ертегіні тыңдау арқылы, сондағы айтылған оқиғаны, негізгі ойды қағаз бетіне суреттеп түсіру. Оны қорғау қысқаша.
Осы кезде Қайнар Зәмзәмнің орындауында ән «Отаным» орындалып жатады.
Барлығы хормен
Талаптанып
Қанаттанып
Өмір сырын ұғамыз
Білім алып
Тұлғаланып
Азамат боп шығамы
ІІІ.Қортындылау
Жеңімпаз болу шарты сол:
Еңбектену, жалықпау!
Жарыс заңы ежелден:
Жеңімпазды анықтау! (Әділқазылар сөз алады)
Білікті бірді
Білімді мыңды жығады,-дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
Марапаттау:Екі топқа мақтау қағаздары беріледі және оқушыларға сыйлықтар таратылады.
«Курчатов қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Білімді ұрпақ – болашақ тірегі
Сыныптан тыс іс-шара
4 «А»сынып
Бастауыш сынып мұғалімі
Ошекеева Маржан Алихановна
2020ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген