Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Білімді ұрпақ-ел болашағы »

Материал туралы қысқаша түсінік
Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Білімді ұрпақ-ел болашағы »

Күні: 19.12.2022

7 «А»

Класс жетекші:

Джанзакова А.Д

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар ұлттар достығының маңызын түсінеді, ұлттар арасындағы достықты нығайту қажеттігін біледі.

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Шаттық шеңбер

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.
Психологиялық тренинг
«Шаттық шеңберін» жасау
Шаттамын мен де!
Шаттанасын сен де!
Шаттанамыз бәріміз!
Арайлап атқан күнге!
Бәрімізге сәттілік серік болсын!

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару

3.Тәрбие сағатын бастау


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


Компьютер






Сабақ басы (10 мин)




Мазмұны:

1 - айналым «Бәйге» 2 - айналым «Дода» 3 - айналым «Жорға» Қорытынды.

Кіріспе сөз.

"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз". (А. Байтұрсынұлы) Оқысаң озарсың, Оқымасаң тозарсың. Білімдіні бала болса да, аға деп біл.Адамның көркі киімі емес, білімі.Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер. Сұрақтар:

1.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар? 1. Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу,4. Ұлт жанды азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты азамат болу. 2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?


Оқушыларға презентация арқылы түсіндіріп береді

слайд

 




Ортасы (15 мин)


ІБәйге» Әр бала бір сұраққа тез жауап береді.

Сұрақтар

Жауаптары:

1.

Білім күні қай күн?

1 - қыркүйек

2

Бес қаруды ата

Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта

3

Еліміз Тәуелсіздік алған күні?

1991ж. 16 желтоқсан

4

Жеті қазынаны ата

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы

5

Үш қуатты ата.

Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат

6

ҚР - ның рәміздерін ата.

Әнұран, Елтаңба, Ту

7

Төрт кітапты атап бер.

Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның кітабы, Құран - Мұхамедтің кітабы

8

Желтоқсан құрбандары кімдер?

Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол

9

ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?

1995ж. З0 тамыз







«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз. Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, Өз кезегін сайыскерлерге берелік.

ІІ – «Дода»Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар.

1

Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама


2

Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы


3

Жүз теңгең болғанша, Жүз.. болсын.


4

Тұмсығымен қозғалар,Соңынан аппақ із калар.


5

Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде


6

Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады.


III - «Жорға».Қазақ тілі мен әдебиеті

1

Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын


2

Қазақ тілдің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала


3

Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай?


4

Әуес көріп жүгірген жас балалар Беті - қолы домбығып үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы, Бет қарауға шыдамай теріс айналды.


Математика

1

Екі жарым таяқтың неше ұшы бар?


2

Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?


3

Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады?


4

Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?


Тарих

1

1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты?


2

2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім?(Хиуаз Доспанова)



3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағының

Батыры атағын алды?


4

4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды?



Берілген нақыл сөздерді оқып мағынасын түсіндіру










Презентация

Соңы 8 мин






Қорытынды.

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2023
493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12