«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ БОЛАШАҚ ТҰТҚАСЫ» атты математикалық апталықтың ашылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ БОЛАШАҚ ТҰТҚАСЫ» атты математикалық апталықтың ашылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика, физика, информатика аптылғының ашылуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп.

















МИФ апталығыны ашылуы.

Тақырыбы: «Білімді ұрпақ-ғылым мен техниканың болашақ тұтқасы»






Пән мұғалімдері: Қаймолдина д

Бөлтекбаева Г, Солтанғалиева Ә








Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары
Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар
Өтілу барысы: (теледидарды қосады)
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 29-қаңтар-2-ақпан аралағында өтетін математика, физика, информатика апталығын ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары.
2-жүргізуші: Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады.
1-оқушы: /Алина/ Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықта бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Математика, физика, информатика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.

2-оқушы. /Айжан/ Математика – 1,2,3…натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.

3. / Шырай/ Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басп озған,
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түпкірінен басып озған.


4. /Ақжарқын/ Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.

Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Негізі бар ғылымның ол физика


5. /ДИАС/ Шындықты алғаш таратқан,
Жыл күніңді санатқан.
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан,
Компьютер емей немене?

Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер емей немене?

6. /ҚЫДЫРӘЛІ/ МИФ апталығы құтты болсын
Ойлары оқушылардың жаңалыққа толсын
Әрқашан еңбектері жемісті боп
Ежелгі гректердей мықты болсын
Талай ғалым тер төккен біздер үшін
Оқып , білсін , үйренсін ғылым үшін


D-ID-құттықтауы

Ән: Марал мен Балым

2 – жүргізуші:

Осымен «МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА» пәндері апталығының ашылу салтанаты аяқталды. Апталықта осы пәндер бойынша білімдеріңді көрсетіп, белсенді қатысыңдар. Барлығыңызға сәттілік тілейміз.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2024
298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі