Материалдар / Білімді ұрпақ, мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы

Білімді ұрпақ, мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда білім беретін қайнар көздері көптеп кездеседі. Соның ішінде жан-жақты, инновациялы, жаңа технологиялар мен әдістерді қолданатын оқу орнын таңдау бітіруші түлектер мен ата-аналар алдында тұрған басты мақсат болып табылады. «Білімді ұрпақ мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы» деген сөз білімнің елді алға жетелейтін нысан ретінде қарастырып отырғанын байқауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2024
167
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білімді ұрпақ, мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы


Қазіргі таңда білім беретін қайнар көздері көптеп кездеседі. Соның ішінде жан-жақты, инновациялы, жаңа технологиялар мен әдістерді қолданатын оқу орнын таңдау бітіруші түлектер мен ата-аналар алдында тұрған басты мақсат болып табылады. «Білімді ұрпақ мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіз еліміздің болашағы» деген сөз білімнің елді алға жетелейтін нысан ретінде қарастырып отырғанын байқауға болады. Жоғары оқу орны ғылыми әрекетті жүзеге асыра отырып, жоғарғы кәсіби білім беретін оқу ордасы. Міне, соның ішінде жылдар бойы қалыптасқан тарихы бар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://www.kaznu.kz болып табылады. Еліміздегі үздік университеттердің бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған түлектер тапсырады. Бірақ оған: білім деңгейі жоғары, шығармашылық қабілеті дамыған, талпынысы, ізденісі жоғары, бәсекеге қабілетті жастар ғана түсу мүмкіндігіне ие болады. Ол өз кезегінде бітіруші түлектердің жұмыс берушілер, ірі компаниялар арасында сұранысқа ие болуымен тікелей байланысты. Қазіргі жаһандану заманында университеттер интеграцияға бейім болып келеді. Осыған орай студенттер мен магистрант, докторанттар арасында халықаралық академиялық мобильдік қатынастар қарастырлған. Ол дегеніміз студенттеріміз тәжірибе алмасу, білім жинақтау мақсатында шетелге барып, білім алуға мүмкіндігі бар. Бұл білім ордасын көптеген студенттердің таңдауының келесі бір факторы: озық ғылыми кітапхананың орналасуы. Жас ізденімпаз барлық қажет ақпаратты орталықтандырылған кітапханадан таба алады. Қажет оқулықтың бар жоғын білу үшін электронды кітапханаға кіріп, тапсырыс берсе болғаны, сол оқулық бөлімшелерге келіп түседі. Келесі артықшылығы кітапханада интернет желісі орнатылған, демек ақпараттар оқулықтар мен шектеліп қоймай, шетелдік журнал-газет басылымдарын қолдануға мүмкіндік береді. ҚазҰУ-дегі оқу ерекшелігі: кең ауқымды ғылыми база, жоғары білікті оқытушы құрамы, ғылым мен біліммен айналысуға арналған жоғары мүмкіндік жасалу және жастар үшін тартымды жағы: белсенді де қызықты студенттік өмір. Жастардың белсенді студенттік өмірі мәнді де, әмбебап. Олар түрлі университет, факультет деңгейіндегі жоспарлар мен бағдарламалар негізінде жүзеге асып отырады. Студенттердің уақытын шығармашылыққа бағыттауы көзқарастарын, өз ой-пікірлерін қалыптастырады. Қазіргі күні университет қабырғасында көптеген студенттердің өзін-өзі басқаратын ұйымдар тіркелген. Оған кез келген студент өзінің көшбасшылық қабілетін көрсете отырып мүше бола алады. Бұл ұйымдар негізінде жастар біліммен қатар, шығармашылық пен ұйымдастырушылық, ортамен, қоғаммен қарым-қатынас орнатуға үйренеді, көптеген достарға кезігеді. Бүгінгі күні ҚазҰУ еліміздің ғана емес, Орталық Азия аймағындағы халықаралық деңгейдегі білім беру ордасы болып отыр. Әлемдік білім жүйесінде де өз ұстанымы бар білім ордасы ретінде дамып келеді. Университет қабырғасында ғылыми ізденіске бағытталған жастардың ойлау қабілетін дамытуға, ақпарат пен білім алуына, студенттердің өзін кемелдендіруіне қажетті жағдай мен жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!