400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білімділер додасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету. Оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойларын еркін жеткізуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Білімділер додасы»

Сынып: 6 «а,ә,б»

Пәні: Биология

Мақсаты: Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету. Оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойларын еркін жеткізуге баулу.

Түрі: сайыс

Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап әдісі

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, ағылшын, орыс тілі

Көрнекілігі: карточкалар, слайдтар,

Өткізу түрі : сайыс, ойын


Сайыстың барысы

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биология апталығына байланысты 6-сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Білімділер додасына» қош келдіңіздер!

Сайысымызға әділ бағасын беретін әділ-қазылармен таныс болайық.


І тур «Таныстыру» Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.


ІІ тур «Кім көп біледі?» Барлық топқа бірдей 15 сұрақ қойылады. Білген оқушы қол көтеріп жауап береді.

Сұрақ:

1.Микроскоптың ең негізгі бөлігі (көру түтігі)

2.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым (ботаника)

3.Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты? (1978ж)

4.Қазақстанда қанша қорық бар? (9)

5.Өсімдіктің өсімді мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)

6.Шығу тегіне қарай тамыр нешеге бөлінеді? (3)

7.Күн гүлі деп аталатын өсімдік (күнбағыс)

8.Тек өсімдік жасушасына тән денешік (пластид)

9.Түрі өзгерген жер асты өркендері (тамыр, сабақ, пиязшық)

10. Қай жануар өз үйін арқалап жүреді (тасбақа)

11. Жасушада қор жинауға қатысатын түссіз пластид? (Лейкопласт)

12.Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайтын ұлпа? (Жабын ұлпасы)

13.Өсімдікке жасыл түс беретін пластид? (Хлоропласт)

14.Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері (Гүл табаны)

15. Өсімдіктің жер асты мүшесі? (Тамыр)

ІІІ тур «Кім тапқыр» жұмбақтың шешімін табу.

1 топ Бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс (жүгері)

Ұзын мұртты сарылар, қырман толы дәні бар (бидай)

2 топ Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады (пияз)

Қабығы қатты, іші тәтті,

Алайық таңдап, ол не?(жаңғақ)

3 топ Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр (қызылша)

Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз)



ІV тур «Көп тіл біл» ойыны.

1 топ Қыз өссе елдің көркі, .... жердің көркі (гүл,цветок, flower)

.... аралаған үйші болар, қобыз сыралаған күйші болар (орман, лес, forest)

2 топ Адам көркі шүберек, .... көркі жапырақ (ағаш,дерево, tree)

.... ішетін арығы жоқ елдің, сүзіп алатын .... жоқ (су/балық, вода/рыба, water/fish)

3 топ Біреуге .... қайғы, біреуге жан қайғы (сиыр, корова, cow)

....., .... - Ас екен, алтын, күміс – тас екен. (арпа/бидай, ячмень/пшеница, barley/wheat)


V тур «Жалғастыр...»

1 топ Жазда жылы, ал қыста .... (суық)

Құстар ұшады, ал жыландар .... (жорғалайды)

2 топ Күзде жапырақтар сары түсті, ал жазда .... (жасыл)

Қант тәтті, ал лимон .... (қышқыл)

3 топ Құстар әндетеді, ал ит ..... (үреді)

Мысықта жүн, ал үйректе .... (қауырсын)


VІ тур Бір сөзбен атаңдар. Мысалы Орындық, үстел, шкаф (жиһаз)

1 топ Раушан, қызғалдақ, пион, лала (гүлдер)

Қияр, қызанақ, орамжапырақ, сәбіз (көкөністер)


2 топ Алма, алмұрт , апельсин, лимон (жемістер)

Алабұға, шортан, бекіре, көкбас (балықтар)


3 топ Қайың, терек, емен, шырша (ағаштар)

Инелік, маса, дәуіт, қандала (жәндіктер)


VІI тур «Сәйкесін тап» Суретті құрастырып, берілген сұраққа жауап беріңдер.


1 топ

Бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі?

Ризоид


2 топ

Бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке ұластыру?

Телу



3 топ

Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы?

Гүлшоғыр


VІІІ тур «Ол кім, бұл не?»

Мен кіммін?

1 топ

Мен ұлым екеуіміз өсімдік жасушасын зерттеуде үлкен мүмкіндік жасап, микроскоп ойлап таптық. Менің аты-жөнім кім? (Янсен)

2 топ

Мен алғаш рет өсімдік қабығынан майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атадым. Менің аты-жөнім кім? Және бұл қашан болды? (Р.Гук 1665ж)

3 топ

Алғаш рет өзіміздің ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жаздым. Солардың бірі «Жануарлар» 1922 жылы басылып шықты. (Халел Досмұхамедов)


Ол не?

1 топ

Кез-келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі не? (жасуша)

Жасушаның көбеюге қатысатын бөлігі не? (ядро)

2 топ

Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы не? (ұлпа)

Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ не? (өркен)

3 топ

Тұқымның басты бөлігі не? (ұрық)

Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады, оны не дейді? (жылдық шеңбер).


Қорытынды

Қазіргі білім – ХХІ ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр- бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры. Сондықтан білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
1324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі