400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білімділер додасы

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптарға арналған сыныптан тыс жұмыс. Оқушылардың пәндік білімін тексеру. Сайыс 5 кезеңнен тұрды, оқушылар жеке жеке қатысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Білімділер додасы»


Мақсаты: Оқушылардың математика, жаратылыстану, орыс тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.

Барысы: («Білімділер додасы» сайысына 5 «а», 5 «ә» және 5 «б» 5 «в» сынып оқушылары жеке- жеке қатысады.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты білімге қызығушылар

Естігенін естіп тұрып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Біз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

Жүргізуші: Әділ бағаға қалтасы толы, әділ – қазылармен таныс болайық. (Әділ – қазы алқасымен таныстыру)

Жүргізуші: Математика – бұралаңсыз нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – дей келе бүгінгі өткізілетін «Білімділер додасы» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар.

Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе, 5 сынып оқушыларынан құралған дарынды оқушыларымызды қарсы алайық.

(өздерін таныстыру)

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз ІІІ турдан тұрады.

І тур: «Кім жылдам» математикалық есептер.

ІІ тур: «Ойлан тап»

ІІІ тур: «Сиқырлы шаршы»

Олай болса, сайысымызды бастайық.

Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз математикалық сұрақтарға береміз.


Жүргізуші: «Кім жылдам». Оқушыларға бірдей 3 есеп беріледі, әр есепке 10 ұпайдан иеленіп отырады. Ең бірінші болып бірінші аяқтаған үштікке 5 ұпай жеңілдік беріледі, егер үш есепте дұрыс болып бірінші болып аяқтаса сізде жалпы балл 35 ұпай болуы керек.


Жүргізуші: Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрің де

Орыс тілі, жаратылыстану— Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл деп отырып — келесі кезең «Ойлан тап» сайысы. Оқушылар өздеріне берілген пәндік сұрақтарға тез тез жауап беріп, әр сұраққа 5 ұпайдан иеленеді.

ІІІ тур: «Шығармашылық тапсырма»



Жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды.

Жүргізуші: Ендеше осымен біздің «Білімділер додасы» сайысымыз аяқталды келесі кездескенше сау болыныздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі