400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білімділер елінде" танымдық интеллектуалдық іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша педагогтарға және студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

№15 бөбекжай-бақшасының базасында

«Мектепке дейінгі ұйымдарда мазмұны жаңартылған оқу қызметтері» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырылды.

Мақсаты: педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу. Машықтанушылардың қызығушылықтарын тудыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметі. Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Сауат ашу, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, ағылшын тілі, орыс тілі (кіріктірілген оқу қызметі). Тақырыбы: «Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балаларға дыбыстар мен әріптер туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:

  • Балаларды дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін, дыбыстардың әріп таңбасын танып білу білімділігін арттыру;

  • Сөздерді дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату және сөздік қорын молайту;

  • Өзара қарым-қатынаста достыққа тәрбиелеу. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету.

Сөздік жұмыс: кеспе әріптер, кестелер, буын.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, сөздерге дыбыстық талдау жасау, ойындар, тіл ұстарту жаттығулары, Никитин, ТРИЗ ойындары.

Көрнекіліктер: қызыл, көк текшелер, кеспе әріптер, дидактикалық ойындар жиынтығы, Никитин шаршылары.

Билингвалды сыңарлар: әріптер-буквы6 дыбыстар-звуки, ойындар-игры.

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық,

Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра.

Good morning, good morning!

Good morning to you!

Good morning, good morning!

We are grand to see you.


Кіріспе бөлім:

Педагог: Балалар бүгін біз сендермен білім еліне, Білім ханшайымына қонаққа барамыз. Өзіміздің алған білімімізді көрсетеміз. Білім еліне пойызға мініп, әнімізді айтып барамыз.

Кел, балалар кәнекей

Парақтайық әлипби

Талай қызық күтуде

Бәрімізді әлемде

Жалықпа сен, жалықпа

Оқы тоқы арманда

Бәрін білген балаға

Жақын болар алыста


Негізгі бөлім:

Білім ханшайымы: Салематсыңдар ма балалар? Білім еліне қош келдіңдер! Мен сендерге беретін тапсырмаларым бар, егер осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар тосын сыйым бар. Ал олай болса іске сәт!

1-ші тапсырма: Сұрақ-жауап

        1. Әріп дегеніміз не?

        2. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері қандай?

        3. Әріпті біз не істеймиз?

        4. Дыбыстарды не істеймиз?

        5. Сөз неден пайда болады ?

        6. Сөйлем неден пайда болады?

2-ші тапсырма: Дыбыстардың әріп таңбасын ата.

Шаршыдағы әріптерді санамақ айта отырып атау.

А-дегенім алқа, Тағып алар қалқа,

Б-дегенім балық, Аула қармақ салып

М-дегенім мысық, Отыр көзін қысып,

Н-дегенім нан, Нан болса, болар ән

Ғ-дегенім ғалым, Татқан білім балын,

Т-дегенім тымақ, Қыста кисең жылы-ақ

Қ-дегенім қалам, Көркем сурет салам.


3-ші тапсырма: Дыбыстарға байланысты тақпақ айту:

«А» дыбысы

Астанамыз Алматы,

Алатау асқақ аясы.

Алқабында атақты,

Ал қызыл апорт алмасы.

«Т» дыбысы

Тауықтары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтегесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр тақылдап.

«Қ» дыбысы

Қанаттыға ұқсадым,

Құстай болып ұшамын.

Қызғалдаққа толады,

Қуаныштан құшағым.

«М»-дыбысы

Мойына моншақ іліп ап,

Мысық жатыр пырылдап.

Маңына маса келіп қап,

Мазасын алды, ызылдап.

4-ші тапсырма: Бақа аулау (ойын). Жаңылтпаштар айту.

  1. Тұз мұздай,

Мұз тұздай

  1. Ала-ала алашар,

Тамаша олар.

Оған кім таласа алар.

  1. Сорпа іштік,

Сорпа ыстық,

Сондықтан қорқа іштік.

  1. Қыс қыспаса, кыс па,

Құс ұшпаса құс па.

  1. Омар, Орал орманға барды.

Орманда Омар томар жарды.

  1. Бұрыштың дәмі ащы ма,

Борштың дәмі тұщы ма.

  1. Төсек үстінде төрт бөрік,

Төртеуіде көк бөрік.


Сергіту сәті.

Он саусақ екі қолда.

Он бәшпай екі аяқта.

Екі құлақ, екі көз.

Мұрын жалғыз бірақта.

Десять пальцев на руках

Десять пальцев на ногах

Один нос два уха

Один нос два глаза

Хлопаю два раза

I, ve got ten little fingers

Ive, got ten little toes

I ve, got two ears

I ve, got two eyes

And just one little nose


5- ші тапсырма: Тіл ұстарту жаттығулары.

Ал-ал-ал

Бестік баға ал

Ма-ма-ма

Жалқау бала болма

Ра-ра-ра

Раушан шашыңды тара

Ға-ға-ға

Атам тақты таға

Та-та-та

Ата берші бата

Са-са-са

Ызылдайды маса

Ба-ба-ба

Секіріп жүр бақа


6-ші тапсырма: «Қай әріптен басталады» (үш тілде атау)

Мысық-«М»

Бақа-«Б»

Сырға- «С»

Түлкі-«Т»


7-ші тапсырма:

«Сөйлемді аяқта» логикалық тапсырма.

Лимон қышқыл-шекер....

Ит үреді-мысық...

Түнде қараңғы-күндіз.....

Алма қызыл-банан....

Қыста суық-жазда....

Күндіз күн жарқырайды-түнде....

Мақта жеңіл-тас.....


8-ші тапсырма: «Бота», «Сағат», сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

9-ші тапсырма: Заттың атауы басында кездесетін әріп таңбасын қой. (үш тілде айту)

10-ші тапсырма: Ребус шешу.

Таға, тарақ, Майра, қаймақ, қарға, тасбақа, тон, мата.

Білім ханшайымы: Балалар сендер берілген ойын тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Мен сендерге сиқырлы әріп тәттілерін сыйға беремін. Сау болыңдар!

Педагог: Балалар білім елінен өз тобымызға ұшағымызға мініп қайтайық.

Ұйымдастырған оқу қызметін өткізген Дш-1-17 тобының студенті Бақыт Аида, жетекшілік жасаған ересектер тобының тәрбиешісі Абдраимова Айман Дәулетқұлқызы.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі