Білім беру
саласы: Таным
Кіріктірілген білім беру
саласы: қатынас,шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу
қызметі:Математика негіздері,сөйлеуді
дамыту, жапсыру
Тақырыбы: Білімділер еліне
саяхат
Мақсаты:Балалардың тура және кері
санауды дағдыларын бекіту,салыстыруды ұғымдарын
қалыптастыру.
Түстерді топтастыра білуін
дамыту,ойындар арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін
арттыру.Балаларға қыстап қалатын құстар туралы түсінігін
кеңейту.
Ойын ойнау арқылы
ұқыптылыққа,сүйіспеншілікке,еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Алдын ала жасалатын
жұмыс:Қыстап қалатын құстарды
қайталау,еске түсіру.
Заттық дамытушылық
орта:Тал,құстардың
суреттері,сандар.
Полингвалды
компонент:
Әдіс-тәсіл: қайталау,сұрақ-жауап,түсіндіру
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барыс:
-Балалар,бүгінгі күнімізді
көңілді етіп өткізейік. балалар тәртіпті,әдепті екенімізді
көрсетіп,келген қонақтармен амандасып
алайық.
Қайырлы таң, көк
аспан!
Қайырлы таң , жер
ана!
Қайырлы таң ,
достарым!
Қайырлы таң,
қонақтар!
-Сәлеметсіздер
ме-здравствуйте-нello
-Балалар ,бір жылда неше
мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Қыс мезгілінің қандай
ерекшеліктері бар?
-Балалар,біз қандай құстардың
түрін білеміз,атап көрейікші.
-Мен сендерге жұмбақ жасырайын
жауабын таба аласыңдар ма,көрейік
Қанаты бар
талмаған,
Аспанда ұшып
самғаған.
Жауы шыбын
шіркейдің,
Табиғатты
қорғаған.
(осы кезде есік қағылып,үкі
кіреді)
-Сәлемдесіп,балалар мені
таныдыңдар ма?
-Әрине таныдық,құстардың
ішіндегі данышпаны көпті көрген ұкісіз ғой,сізбен кездескенімізге
өте қуаныштымыз,солай емес пе ,балалар.
Біз ұкімен бірге ғажайыптар
әлеміне саяхат жасасақ қалай болады.
-Ал,қане, балалар ,біз
ғажайыптар әлеміне жету үшін саяхатқа поездбен
барамыз.
-Қане, поездға ұқсап
жүрейікші,-гу,-гу,-гу,-пыш,-пыш,-пыш.
1-аялдама: "Геометриялық
пішіндер"
Ойын: Құстардың үйшігін
орналастыру
Ойының шарты:Үстел үстіндегі
геометриялық пішіндер орналасқан.Сол пішіндерден құстарға үйшік
құрастырады.
-Балалар түстерді үш тілде
атап көрейікші:
қызыл-красный-ред;көк-синий-блу;сары-желтый-еллау;жасыл-зеленый-грин.
-Балалар ,енді ары қарай
саяхаттайық.
2-аялдама: "Құстар
әлемі"
Мпқсаты:Қыстап қалатын құстар
және жыл құстарын ажыратып,қыстап қалатын құстарды ағашқа
орналастыру.
-Балалар,бұл аялдаманың да
тапсырмасын орындадық,алға қарай жүрейік.
3-аялдама: "Бой
сергіту":
Сергіту сәті:Тоңса біздің
қолымыз,
Шапалақтап
аламыз.
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ
соғамыз.
Тоңса біздің
аяғымыз,
Етік киіп
аламыз.
Тарс,тарс,тарс,
Тарсылдатып
билейміз.
Тоңса біздің
денеміз,
Тонды киіп
аламыз.
Зу,зу,зу,
Шанаменен
зулаймыз.
4-аялдама: "Сиқырлы
сандар"
Шарты:балалар сандарды
үйшіктермен салыстырады.Сандарды тура және кері санайды.Балалар
1-ден 5-ке дейін ретімен санап құстарды ағашқа
іледі.
-Балалар,сандардың құпиясын
білуге асығып отырған сияқтымыз,олай болса,маған жауап
беріңдерші.
-бір деген ұғымға сәйкес
әлемде не бар?
-1 саны жайлы мына өлең
шумағын айтып көрейік
Жіңішке жазу
таяқша,
1 саны ол
айрықша.
2 деген ұғымға сай 2 мемлекет
бір-бірімен тығыз байланыста болады.
ата-анамыз тығыз
байланыста
Дене мүшелерімізде бірдей 2
мүше бар ма?
Міне,екі саны
тұр,
Қараңдаршы неткен
түр,
Мойнын алға
иеді,
Құйрығы артта
ереді.
5-аялдама: "Торғай"
аялдамасы
1-топ:тұзбен жұмыс
жасайды
2-топ:геометриялық пішіндерден
үйшік құрастырады.
-Балалар,ғажайыптар еліне
саяхат ұнады ма?
-Қандай түстерді
ажыраттық?
-Балалар,бүгін бәрің де оқу
қызметіне жақсы қатыстыңдар.
-Қане ,балалар,орнымыздан
тұрып,келген қонақтармен қоштасайық.
Біз ақылды
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз,
Бүгінгі келген
қонаққа,
Сау болыңыз деп
айтамыз.
-Сау болыңыздар,
досвидания, good
bye.