"Білімділер" сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білімділер" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынаптар арасында өткізуге болатын сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Білімділер» сайысы.

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.


Ән: Турғанбай Арыстан - «Ассалаумағалейкум»

  • Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.


«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Сондықтан да бүгінгі  «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер! Және де алдымызда келе жатқан еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Сайысқа келіп отырған  оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Баға берер топтарға ,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға .
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. Мектебіміздің әдіскері Яқшыбаева Жұлдыз апай

  2. Мәдениет жөніндегі орынбасары Боранбаева Жайна апай

  3. Бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Мария


Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыс
керімізді таныстырып өтейік.
Сайыскерлер екі топқа бөлі
неді.
1.    
4 «А» сынып оқушылары «Білгірлер» тобы.
2.    
4 «Ә» сынып оқушылары «Тапқырлар»тобы.
Сайыс мынадай турлардан тұрады:
1-ші тур- «Кім білімді?»
2-ші тур- «Полиглот»
3-ші тур- «Ғажайып алаң»
4-ші тур- «Кім тапқыр?»
5-ші тур- «Кім жылдам?»
1-ші тур «Кім білімді?»  Әр топқа ортақ 10 сұрақ беріледі. Барлық  10 сұраққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1-топ сұрақтары.
1.  Қазақтың ұлы ақыны.(Абай Құнанбаев)
2.
Ұяң дауыссыздарды ата?( б,в,г,д,ж,з,һ)
3. «Дүниеде жамандық неден?» мәтінінің авторы кім?
(Ы.Алтынсарин)
4. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)
5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қанша? неше? нешінші? нешеу?)
6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
7. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі? (Б. Соқпақпев)
8. Қашан мемлекеттік рәміздер бекітілді?( 1992 жыл 4 маусымда)
9. Абай Құнанбаев қай жылы дүиеге келді? (1945ж Семей қаласы)
10.  Қазақстан Республикасының жер көлемін ата (2,7 миллион шаршы шақырым)
2-топ сұрақтары.
1. А.Байтұрсынов кім?        (ақын, ағартушы , ғалым)
2. .Буын үндестігі дегеніміз не?
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?( Мәншүк пен Әлия)
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
5. Қазақ тілінен дауысты  дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?( 3)
7. «Жетім» әңгімесін кім жазған?(М. Әуезов)
8.  Ата Заңымыз  қашан қабылданды?
(1995 жыл 30 тамызда)
9. Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп  кашан аталды?        (1998 жыл 7 мамыр. )
10.  Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? (Сабырсыз, арсыз, еріншек», т,б.)

Алдарыңызда Қуанышбек Аяулымды Туған жер әнімен қарсы алыңыздар

Келді кезек «Полиглот» шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе
.
2-ші тур «Полиглот» 2 топқа 5 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.)
1.     Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — ……
Cөз – слово- word
2.     Тамшы тас жарады, тас жармаса ……
Бас- голова-  head
3.     Өнер алды – қызыл ………
Тіл – язык — tongue
4.     Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.
Жаман – плохой- bad
5.     …………. жылатып айтар
Дұшпан күлдіртіп айтар
Дос- друг-friend
6.     Көп сөз күміс, аз сөз …….
Алтын– золото– gold
7.     Мектеп – кеме, білім —  …….
Теңіз – море — sea
8.     Денсаулық – зор ……..
Байлық —  богатство — rihes
9.     Білім сандығы — ………
Кітап –книга — book
10.                       Асық ойнаған азады,
….. ойнаған тозады
Доп- мяч- bal

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.


3-ші тур «Ғажайып алаң» Әрбір пәннен 3 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі )
Математика
1)    Жігер Күдердің немересі. Мирас Күдердің немересі емес. Жалғас  Жігердің атасы емес.Жігердің атасы кім? ( Күдер )
2)    Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң  қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар. (Оқ қалтада 8 теңге, сол қалтамда 20 теңге)
3)    Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта қанша килограмм картоп бар болуы тиіс (52 және 48)

Дүниетану
4)    Әлемнің жеті кереметін ата
5)    Қай ағаш  бір жазда 2000 литр суды буландырады? (терек)
6)    Ұлттық теңгеміз қашан айналымға шықты.( 1993 жыл 15 қараша.)
Қазақ тілі:
•    Тұрлаулы , Тұрлаусыз мүшелерді ата?
•    «Қазақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса
•    Қазақ тіліне тән 9 әріпті ата (ә,ө,ұ,ү,і,қ,ғ,ң,һ)
Салт-дәстүр:
•    Жаңа туған нәрестенің ең алғашқы көйлегі. (Ит көйлек)
•    Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын. (шұбат)
•    Бесік жырын айтын бер.

Серкешбай Ақеркенің орындауыда «Мереке» әнімен қарсы алыңыздар

4-ші тур «Кім тапқыр?» (Әріптер сөйлейді, 3 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.)
А- қазақтың ұлы ақыны.(А.Құнанбайұлы)
Ә- алғашқы оқулық.(Әліппе)
Б- қазақтың батыры.(Бөгенбай батыр)
В- Семирамиданың аспалы бағы  қайда орналасқан.(Вавилон каласында)
Г-құрылыс материалдарының бірі(Гранит)
Ғ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер)
Д- «Витамин» орыс тіліндегі сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Е- қызыл кітапқа тіркелген жануар?(Елік)
Е- «Шырша» сөзінің аудармасы.(Елка)
Ж- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.(Жұмбақтас)
З-үлкен, дәу сөздерінің синонимі.(Зор)
И- тігінші құралы (Ине)
Й- қоңыр түсті дәрі (Иод)
К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)
Қ- атақты күйші(Құрманғазы)
Л- ешкінің төлі.(Лақ)
М- күнге ең жақын орналасқан  планета? (Меркурий)
Н-ас атасы -… 
(Нан)
О- Батыс Қазақстандағы қала.(Орал)
Ө- тілсіз жау-… (Өрт)
П- өлеңмен жазылған шығарма.(Поэма)
Р- Көрші мемлекеттердің бірі(Ресей)
С- тілдің негізі не?(Сөз)
Т- үш бидің бірі.(Төле би)
У- Киіз үй бөлшектерінің бірі.(Уық)
Ұ- Абайдың а
насы кім?(Ұлжан)
Ү- алғашқы адамдардың баспанасы не болды(Үңгірлер)
Ф- Әл-Фараби кім?(Философ)
Ч- Крокодил Генаның досы.(Чебурашка)
Ш- тудың авторының есімі.(Шернияз Ниязбеков)
Ы- «посуда»сөзінің аудармасы.(Ыдыс)
І- қарға « қарқ»дегенде аузынан не түсіп кетті?(Ірімшік)
Э- Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы?(Экономика )
Ю- «Киіз үй» сөзінің аудармасы.(юрта)
Я- су көлігі(яхта)
Сергіту сәті –
1)    Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың асында отырады? (сулы ағаштың)
2)    Судың  астында қандай тас болмайды?  (құрғақ)
3)     Жабық көзбен не көруге болады? (түс)
4)    31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)
5)     Тамақ пісірерде  қазанға ең бірінші  не салады? (көз)
5-ші тур  «Кім жылдам?» (Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал-мәтел оқи аласыңдар)


Аа-1  Әә-2  Бб-3  Вв-4  Гг-5  Ғғ-6  Дд-7  Ее-8
Ее-9  Жж-10  Зз-11  Ии-12  Йй-13  Кк-14  Ққ-15
Лл-16  Мм-17  Нн-18  ң-19  Оо-20  Өө-21
Пп-22  Рр-23  Сс-24  Тт-25  Уу-26  Ұұ-27
Үү-28  Фф-29  Хх-30  һ-31  Цц-32  Чч-33
Шш-34  Щщ-35  ъ-36  Ыы-37  Іі-38  ь-39
Ээ-40  Юю-41  Яя-42
1  15  37 16  —  25  20  11  3  1  13  25  37  18        25   20  18.
3  38  16  38  17 – 25  1  26  24  37  16  17  1  13  25  37   18 14 8 18.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен


Осымен сайысымыздың бес шарты да аяқталды. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше,

4 «А» сыныптың ұлдарының орындауында «Алға Қазақстан»


«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.


Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағаздарын табыс етсе.
Осымен «Білімділер» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі