4 -сынып.
Тақырыбы: «Білімділер
сайысы.
Мақсаты:
Балалардың өткен тақырыптар бойынша алған
білімдерін жүйелеу, тиянақтау, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып , математикалық біліктерін ауызша
, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру. Оқушыларды өз пікірлерін
дәлелдей білуге, нәтижеге жете алуға, ұйымшылдыққа
баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өз білімдерін көрсете алады, бір-
бірінің жауабын тыңдай отырып қорытынды шығарады, нәтижеге
жетеді.
Ұйымдастыру
бөлімі
Психологиялық
дайындық
Бәйгеге түсіп жарыспай
,
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәлім- тәрбие алар
ма?
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі,
Кім жүйрік ойға -сол
алда.
I.Мақалды толықтырып
жаз.
Білім іздеген
озар-
Білгеніңе сенбе-
II. Кім зерек?
Қазақ халқы қандай сандарды киелі деп
есептейді?
(3, 9, 7)
Осы сандарға байланысты қандай ұғымдарды
білесіңдер?
(Ұғымдарды атау,
түсіндіру)
IІІ. Кім жылдам?
1. Асханаға 300кг күріш және одан 3 есе аз қант
алып келді. Асханаға канша килограмм қант алып келді?(2 ұпай) 2.
Центнермен жазыңыз: 3т100кг, 5т , 1000кг. (1 ұпай) 3. Есепте: 884 :
4 + 696 - 400 (2 ұпай) 4. Мектепте 30 мұғалім және 450 оқушы.
Мұғалімдердің саны оқушылардан нешеге аз?( 1 ұпай) 5. Құлынның
салмағы 28 кг, бұл үйректің салмағынан 7 есе үлкен. Үйректің
салмағы неше? (1 ұпай) 6. Шеберханада 7 қоянбөрік және 7 тымақ
тікті. Әр қоянбөрікке 2 теріден, ал тымаққа 4еуден жұмсалды. Жалпы
қанша тері жұмсалды? (3 ұпай) 7. Теңдеуді шеш: Х + 20000 = 80000 (1
ұпай) 8. Есепте: 4769х3 15450 км : 5 (3
ұпай)
ІV.Қызықты
есептер.
1.«Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап
жүрген бір алты, қосындысы неше алты?» (2 ұпай)
(Шешуі:2·8=16+8+6+6=36=6·6)
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса 1500
теңге болады . Менде қанша ақша болды? (2
ұпай)
3. Отбасында 3 ербала бар, олардың әрқайсысы
алдыңғысынан 4 жас кіші, бәрінің жасын қосқанда 24 болса, 3 баланың
әрқайсысы неше жаста? (2 ұпай)
V.Қорытынды.
19- 20 ұпай-«5»
18-15 ұпай- «4»
14-9 ұпай «3»
Қорытынды.
«Қызықты математика»
факультативтік сабағының бағдарламасы оқу бағдарламасына негізделіп
жас ерекшеліктерін ескере жайдан күрделіге қарай
құрылған. Бұл жинақта берілген тапсырмалар оқушыларға
қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін
жаттығулар , сонымен қатар алған білімдерін қолдана білуге ,
үйретуге бағытталған ізденіске жетелейтін тапсырмалар арқылы
білімдерін толықтыра түседі.Олардың ғылыми-теориялық мазмұнын
тереңдету, нәтижелілігін арттыру, графикалық дағды- шеберліктерінің
қалыптасу сапасын, есептеу, өлшеу, есептерді шығару әдіс-тәсілдерін
түрлендіру мақсатында жүргізіледі.
Жинақта оқытылып жатқан есептеу тәсілдері мен
оқып – үйренген сандар негізінде әртүрлі математикалық мәтіндік
есептер, теңдеулер, теңсіздіктер, ширату тапсырмалары,
сөзжұмбақтар, логикалық тапсырмалар , олимпиадалық тапсырмалар
берілген. Математикалық тапсырмаларды орындау- оқушылардың пәнге
деген ынтасын арттырады, бағдарламалық материалды терең игеруіне
және өз білімін тереңдетуіне әсер етеді, оқушылардың қабілетінің
мейлінше
жоғарлауына мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама жаңа
буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда , оқушылардың білім
деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда , ойларын еркін
айтуда , дұрыс шешім қабылдауға атсалысатын бағдарлама болып
есептеледі.
-