15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білімдінің күні жарық жарыс.МАД-қа
Тақырыбы:
Білімдіге
дүние жарық
Мақсаты:
Оқушыларды
көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету
арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға
ұмтылуын дамыту. Оқушылардың сыни ойлау
қабілетін,белсенділігін арттыру.
Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Армысыздар
құрметті қонақтар, жарқын болашаққа
нық қадам басқан жас бүлдіршіндер.Зерделі
де, білімді №207 «Жаңатұрмыс »орта
мектебінің мектепалды даярлық сыныбы
бүлдіршіндерінің «Білімдіге
дүние жарық»
танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Үш
қасиет кең көлемді білім, ойлай білу
және қайырымдылық сезім адамның шын
мағынасындағы білімді болуына аса
қажет.
Қазір
жан - жақты білімдерімен сарапқа салатын,
сайысқа қатысатын биік талапты
бүлдіршіндермен таныс болыңыздар.
Құрметті
ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда
жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты
анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен
сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады.
Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді
сайыстың кезеңдерімен таныстырып
өтейін.
І.кезең Таныстыру.
ІІ.
кезең Нақты
сұрақ,дәл жауап
ІІІ.
кезең «Ғажайып
сурет»
ІҮ.кезең
«Шешімін
тап!»
Ү.
кезең
Үй
жасаймыз
YІ.
кезең Капитандар
сайысы
Шын
жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың
ба, орта жолда қалыспа!
Бағалайды
әділқазы сіздерді.
Жеңіс мәре жақын
ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ
баға беретін әділқазылар алқасын
таныстырып өтейін.
1.______________________________________
2.
______________________________________
3.
______________________________________
Ал,
қанекей, келіңдер,
Біріңе-бірің
еріңдер.
Біліміңізді
тексеріп,
Ойынға
қатысып көріңдер,- дей келе ойынға
қатысушыларға сәт сапар тілеп,ортаға
шақырамыз.
Білім
деген биік шың
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың
Қиындықтан
өткізер,- деп сайсымыздың алғашқы шарты
«Нақты сұрақ, дәл жауап» бөлімін
бастаймыз.
І
кезең:
Нақты
сұрақ,дәл жауап
Бұл
бөлімде әр топқа 7 сұрақтан қойылады.
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Оқушы
жауап бере алмаған жағдайда келесі
сұраққа жауап беруге мүмкіндігі болады.
І
топқа:
1.Есту
мүшесі не? (құлақ)
2. Көру мүшесі. (көз)
3. Апта күндерін ата?
4.Үй
жануарларын ата?
5.«Д» қандай дыбыс?
6.Сметананың қазақшасы?
7.Екі қоянның құлағы қанша?
ІІ
топқа
1.Иіс
сезу мүшесі? (мұрын)
2. Дәм сезу мүшесі.
(тіл)
3. Жыл мезгілдерін ата?
4.Жабайы жануарларды ата?
5.«Ы» қандай дыбыс?
6.Творгтың қазақшасы?
7.Екі сиырдың аяғы қанша?
(Әділқазылар 1–кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
ІІ
кезең «Ғажайып сурет»
Ұшқыр
ойға серік болсын шеберлік,
Бұл
кезеңді ғажайыпқа берелік.
Арамызда
тапқыр топтар көп екен,
Соларды енді
жарыстырып көрелік! – деп, мұнда оқушылар
беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін
ашып, қалағанын табу керек.
(Әділқазылар
2 –кезең бойынша ұпайларды айтып
өтсеңіздер)
Жүргізуші:
Есептеуге
жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға
орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым
соған үйір болады,
Досың солар
табылатын қасыңнан.
ІІІ кезең «Шешімін тап!» (математика)
1-топқа
1.20-ға дейін сана?
2
.Пішіндерді
ата?
3.Көршілерін
тап. Білім лендіден көрсету
4.Есепті шығар.
5.Логикалық сұрақтар
1.
Мынау қандай фигура? Осы үшбұрышты
ортасынан кесіп тастасақ неше үшбұрыш
шықты?
2. Свет өшіп қалды,стол үстінде
сіріңке,шырақ тұр қайсысын жағамыз?
2-топқа
1.20-дан,10-ға дейін кері сана?
2
.Пішіндерді
ата?
3.Көршілерін тап.Білім лендіден көрсету
4.Есепті шығар
5.Логикалық сұрақтар.Практикалық жұмыс
1.Бұл қандай фигура? Бұл төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? Бұл төртбұрыштың бұрыштары азайды ма балалар әлде көбейді ме?
2
.Үстел үстінде үш стакан су тұр. Марат
бір стакан суды ішіп қойды. Неше
стакан қалды?
Жауабы:
үш стакан
(Әділқазылар
3 – кезең бойынша ұпайларды айтып
өтсеңіздер)
Әдемі
үйлер салатын
Қоныстанған ел -
жұртым
Рахаттанып қалатын дей келе
ІҮ.
Кезең.Үй жасаймыз
Конструктордан
әр топ үй құрастырады.
Үйді 1- болып
және әдемі құрастырғанға 10 ұпай. 2 ші
болғанға 5 ұпай.
Y.кезең. Капитандар сайысы. Капитан командасы слайдтағы сөзді қатесіз әрі,жылдам оқу.
1-топқа.Қызғалдақ:
қыз, дақ, ала, қала, қал, қалақ, аға, қазақ,
ақ, қағаз, алға
2-топқа.Жауқазын: жау, жаз, қазына, қаз, қазы, жақ, ана, ауа, қазан, уыз, ау
(Әділқазылар 5 – ші кезең бойынша ұпайларды айтып өтсеңіздер)
Жүргізуші:
Ашық
– жарқын жүзді,
Әділқазы біздің.
Таңдап
баға беруге
Шақырайық төрге – деп,
сайысымыздың қорытындысын шығару үшін
әділқазыларға сөз кезегін берейік!
Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды,
қалған топтарға ынталандыру сыйлықтары
тапсырылады.
Жүргізуші:
Алдыңызда
әлі талай асу бар,
Асулардан қиналмай
– ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін
бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам
басыңдар! – дей отырып, «Білімдіге дүние
жарық» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Жарыс
болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар
жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде
оқуда жеңіске жете берулеріңе
тілектеспін.
Назар
қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген