Материалдар / Білімдінің ойы ұшқыр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білімдінің ойы ұшқыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен Нарманова Ұлданай Бақытбекқызы осы жариялап материалдарды барлық ұстаздарға қажет деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
546
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні : 17.01.2019ж

Тақырыбы : «Білімдінің ойы ұшқыр»

Мақсаты: Оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру және жетілдір Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білімін бағалау,ой-өрісін кеңейтіп,тұжырымдар жасап,өз ойларын айта білуге,шығармашылық қиялын дамыту.

Сабақтың түрі: топтық

Әдісі: интеллектуалды сайыс

Көрнекіліктер:Плакаттар,үлестірмелі қағаздар, слайд

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,математика,физика ,география

Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау,ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Жоспары:

  1. Таныстыру

  2. Ұшқыр ой

  3. «Полиглот»

  4. Кім жылдам

  5. Ойлан тап

  6. Ойлы болсаң озып көр

Құрметті ұстаздар, оқушылар! 5-9 сыныптар арасында «Білімдінің ойы ұшқыр» атты интеллектуалдық-танымдық сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі.Оқушылар ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылықтарын шыңдайтын , білімді жастарды анықтайтын интеллектуалды ойынды бастаймыз.Ойынға 2-топ қатысады. Ұпайы көп жинаған топ «Білімдінің ойы ұшқыр»сайысының жеңімпазы болады. Ендеше, білімділік сайысқа белсене, құлшына катысатын сайыскерлерімізді ортаға шақырайық! 1-топ «Білімділер»

2-топ Ойшылдар

Сайыскелеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ алқасымен таныстырып өтетін болсам,

1) Директордың оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: Қиянбекова Қ.Ә

2) Дефектолог : Илиясова Ж.И

3) Психолог : Өстемірова І.Ә

Енді сайысымыздың негізгі кезеңдерімен таныстырып өтсем. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. Ұшқыр ой

  3. «Полиглот»

  4. Кім жылдам?

  5. Ойлан тап!

  6. Ойлы болсаң озып көр

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойымыздың сайыс түрінде өтеді.Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп ортаға салады.

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер

Өздеріңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер

1-кезең Таныстыру

Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап өздерін танып шығады.

  1. Білімділер

Әр сыныпта оқимыз,бәріміз де

Достық сөзі дәрі бізге

Жарысуға сендермен келіп тұрмыз

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге

Біздің ұранымыз «Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні-кәріп»

  1. Ойшылдар

Біз ойшылмыз, ойшылмыз

Білімге біз құмармыз,

Болашағы қазақтың.

Ұлы , кызы боламыз

Біз ұранымыз:«Òқу -білім бұлағы,білім өмір шырағы»

2-кезең Ұшқыр ой сұрақ-жауап кезеңі әр топқа 5 сұрақ оқылады.Сайыскерлер оқылған сұрақтарға толық жауап береді.Дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.Әр топқа әртүрлі пәндер бойынша сүрақтар қойылады.Тез жылдам, нақты жауап беру керек.

I –ші топқа қойылатын сұрақтар:

1.Өткізгіштің электрлік сипаттамасын ата. (Кедергі)

2.Жай сан дегеніміз не? (Өзіне және 1-ге бөлінетін сандар)

3.Компьютердің миы (Процессор)

4.Компьютердің ішкі жады (Жедел жад)

5.Күштерді ата. (Үйкеліс,ауырлық,серпімділік,Архимед күші)



II–ші топқа қойылатын сұрақтар:

1.Заттың агрегаттық күйін ата. (Қатты,сұйық,газ)

2.Хорда дегеніміз не? (Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді)

3.Ток күшін өлшейтін құрал? (Амперметр)

4.Компьютердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

5.Принтердің неше түрі бар (3)

3-кезең «Полиглот» Онда келесі сайысымызды бастайық.Бұл сайыс – нағыз тапқырлар сайысы «Полиглот» деп аталады.

Құрметті сайыскерлер,қазір сіздерге сұрақтар қоямыз.Сіздер сұрақтар жауабын тауып,сол сөздің орысша,ағылшынша аудармасын айтасыздар. Ойлануға 30 секунд беріледі.

Ал,сұрақтарды оқимын.Сіздер мұқият тыңдаңыздар.

Сұрақтар:

1.Сұйықтың ең басты қасиеті:сұйық пішінін өзгертеді,ал нені өзгертпейді?

Көлем-объем-volume

2.Қандай шама Паскальмен өлшенеді?

Қысым-давление-pressure

3.Дененің қызулық дәрежесін сипаттайтын шама?

Температура-температура-temperatura

4.Неде су буының болуын «ылғалдылық» деп атаймыз?

Ауа-воздух-air

5.8 саны сегіздік санау жүйесіне жата ма?

Жоқ-нет-no

6.Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы

Пернетақта-клавиатура-keyboard


4-кезең Кім жылдам? деп аталады.Енді кезек капитандарға да жетті.Олай болса,екі команданың капитандарын шақырайық.

Құрметті капитандар! Кім жылдам? сайысының шартымен танысып кетейік.Берілген әріптерден көбірек сөз құрастыру

К,І,А,Т,И,Л,Ғ,С,Ә,З,Б,Е,Р,М,П (Мысалы сәбіз, піл,терек,шағала,ит,темекі,шит,кірпі, алма,марал, кит,ешкі,шіл,керік, алша т.б)

5-кезең Ойлан тап! Құрметті сайыскерлер мен сіздерге сұрақ қоямын ал сен жауап ретінде мақал айтасыздар. Мысалы: Қар жанады ма? (Қалауын тапса қар жанады)

I –ші топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Оттан не ыстық? (Отан оттанда ыстық)

  2. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)

  3. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті)

  4. Етікші қонышынан басып киюге бола ма? ( Қолыңнан келсе,конышыңды бас)

  5. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)



II–ші топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Шошқа үре ма? (Қорада ит жоқта шошқа үреді)

  2. Білгенің қанша, білмегенің қанша ? (Білгенің бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз)

  3. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?(Көз қорқақ, қол батыр)

  4. Тауық түсінде тары көре ме? (Тауықтың түсінде тары кіреді)

  5. Ер қаруы нешеу? (Ер қаруы-бес қару)



6-кезең Ойлы болсаң озып көр Рахмет оқушылар!Ал енді 6 бөлім «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады.Бұл бөлімде Ғалымдар,Тарих,Әртүрлі тақырыптар бойынша 10,20,30 балдық сұрақтар беріледі.Егер таңдаған сұрақтарына дұрыс жауап берген жағдайда сол таңдаған балы қосылады.

Ғалымдар

Тарих

Әртүрлі

10 Бірінші ұстаз (Аристотель)

10 Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырда дамыды? (XIX ғасырда)

10 Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (Монитор,жүйелік блок,пернетақта,тінтуір)

20 Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? (Исаак Ньютон)

20 Юрий Гагарин қай жылы ғарышқа ұшты? (1961 жылы.Байқоңыр қаласында)

20 Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін бағдарлама?(Компьютерлік вирус)

30 Алғашқы ұлттық жоғары математика оқулығының авторы кім? (Жәутіков Орынбек)

30 Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы кім? (1879ж. Ы.Алтынсарин)

30 Алғашқы математик әйел. (С.Ковалевская)



Міне бүгін сайысымыздың соңғы туры да аяқталды.Енді рұқсат болса әділқазылар алқасы бүгінгі сайысымыздың қортындысын шығаруға жеңімпаздармыз анықталғанша кезекті әсем әнге береміз.

Ән:








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!