400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Білімді,өнерлі баламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепалды сыныбы тәрбиешілерінің қолдануына арналады.Өтілген сабақтарға байланысты аралас сабақтарды қайталауға арналған.Қонаққа келген Үлпілдекке тапсырмаларды орындау арқылы тәрбиеленуші бүлдіршіндер өтілген тақырыптарға оралып естеріне түсіріп қайталайды.Материал сабақты қызықты етіп өткізуге көмегі бар деп ойлаймын.Сауат ашу,математика,бейнелеу өнері, сурет сабақтары бойынша тәрбиеленушілер білімдерін жинақтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білімді, өнерлі баламыз.»


Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы,Майбалық ауылы

Майбалық ЖОББМ

Мектепалды сыныбы мұғалімі Усина К.Б


Мектепалды сыныбы. Өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау,білгендерін ортаға салып қорытындылау.

Берілген тапсырманы өз беттерімен орындап,жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.

Сабақты ұйымдастыру:

Таңғы шеңбер

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!


Балалар орындарына отырады. Есік қағылып қонақ келеді.


Тәрбиеші :- Балалар, бізге бүгін қонаққа үлпілдек келіпті.Қане , амандасып алайық.

Балалар:-Саламатсыз ба,Үлпілдек?

-Саламатсыздар ма, балалар?Мен сендер мектепке дайындалып жатыр дегесін көмек сұрай келдім.Көмектесе аласыздар ма?

Балалар: -Ия!

Үлпілдек : -Мен де оқушы болғым келеді, сол үшін мектепке барып едім мені мектепке қабылдамады.

Тәрбиеші:-Балалар, Үлпілдекті неге мектепке қабылдамады екен? Қалай ойлайсыздар?

Балалар :-???

Үлпілдек :-Маған тапсырмалар беріп еді , ол тапсырмаларды білімді , өнерлі сіздерге алып келдім.

Тәрбиеші : -Балалар, Үлпілдектің тапсырмаларын орындауға дайынсыздар ма?

Балалар : -Әрине!

Үлпілдек : -Балалар , сендер қандай сабақтар оқыдыңдар?

Балалар: сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет.

Үлпілдек: -Олай болса, бірінші тапсырма: сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиетке байланысты болмақ.


1-тапсырма. Балдырған сөзі тақтаға ілінеді.

  • Тақтага ілінген сөзді оқып шық.

  • Дыбыстық талдау жаса.

  • Осы сөздегі әріптерді пайдаланып,сөздер құра.

  • Балдырған б/б туралы көркем сөздер.

2-тапсырма. Тақтаға «ШИЕ» ж/е «ДОП» суреттері ілінеді.

  • Сөздерді жаздыру, буынға бөлдіру.

  • Осы екі сөзге сөйлем ойлату.

  • Сызбаға түсіру. (Сөйлем бас әріппен басталып, нүктемен аяқталады.)

  • «ШИЕ», « ДОП» туралы өлең жолдары.

Балалар Үлпілдекке арнап тақпақ оқиды.

Сергіту сәті: Мысығым –ау, мысығым.

Бетін жуған пысығым.

Піш-піш десем келе ғой,

Мияу деп дыбыс бере ғой.

Үлпілдек: -Балалар , сендерге көп-көп рахмет! Сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет дегендерді енді түсіндім. Ал, сендер математика сабағына қалайсыңдар?


3-тапсырма. Математика.

  • Ауладағы жануарлар мен құстарды санап, мысалдарды орында.

  • Ананасты кемелерге орналастыр.

  • Көбелектерге көмектес.


Үлпілдек:- Тамаша, балалар! Жарайсыңдар!Тағы қандай өнерлерің бар?

Тәрбиеші : -Үлпілдек, балалар сурет салып, жапсыру тәсілдерін жақсы меңгергеді.


4-тапсырма: Жапсыру ж/е сурет.

«КӨКТЕМГІ ТАБИҒАТ»

Жұмыс соңында балалар «ОТАН» «ТУҒАН ЖЕР» туралы мақал-мәтел айтып, жасаған жұмыстары туралы әңгімелейді.


Үлпілдек қуанып ,балаларға «Рахмет!» айтып, мектепке асығыс кетеді.


Сабақты қорытындылау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі