400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білімге бастар жол.......

Материал туралы қысқаша түсінік
интелектуалды ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білімге бастар жол...»
Мақсаты:
Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отыр, өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 1 - ші сынып оқушыларының арасында «Білімге бастар жол..» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
-
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Болашақ» тобы
2 «Шамшырақ»тобы

3 «Бірлік» тобы
4 «Ойшыл» тобы»
- Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын 4 бөлімнен тұрады:

“Бәйге”
“Тіл өнер”
“Ғажайып төрттік ”
«Тапқыр болсаң, талас жоқ»


Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

І - кезең.“Бәйге” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

1 - топ:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2.
Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)

3. Бүгін аптаның қай күні? (Жұма)

4. “О” дыбыбы қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)
5
. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)



2 - то
п:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3.
Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)

4 .Қазақстан Республикасының президенті? (Н.Назарбаев)

5. Сиырдың төлі? (Бұзау)

3 - топ:
1. Өлі табиғатқа не жатады?( тау, тас, бұлт)
2. Жаз айларын ата (маусым,шілде,тамыз)
3. Жылқының сүті(қымыз)
4.
Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)

5. Қой маңырайды, сиыр …… (Мөңірейді)


4-топ

1.Күз айларын ата (Қыркүйек,қазан,қараша)

2.Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)

3.Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)

4.Екі өркешті жануар? (Түйе)

5. Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А).

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

2 – кезең: «Тіл өнер»

Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылып, дұрыс жауапты 3 тiлде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.


1.Қолымды 4 алма,

Табақта 1 алма,

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? Жауабы: бес – пять — five

2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка — grandmother 3.Сылдыр сұйық, су емес ,

Iшсең шөлiң қанады.

Ақ болса да, қар емес.

Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко — milk

4. Аң патшасы ? Жауабы: арыстан – лев – lion

5.Жылы киім тон

Т” алып тастап

Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять –ten

6. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга – book

7.Білімнен мол сый – асы,

Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool

9. Алуан түрлі із салғанмен,

Өзінен де пайдалысы – өзегі. Жауабы: қарындаш – карандаш – реncil

10.Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь — seven

11.Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама – моther

12. Алманың түсі? Жауабы: қызыл– красный – red

3 – кезең: «Ғажайып төрттік»

Бұл тур бойынша ұпай санын (30,40,50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.

Сауат ашу

30. Қазақ әліпиінде неше әріп бар?

40. Дауысты да, дауыссыз да болатын дыбысты ата.

50. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Математика.

30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?

40. 8  х  қандай өрнек?

50. Кеңістік фигураларын ата

Дүниетану.

30. Көкжиек тұстарын ата

40.Сақ ханшайымы кім? (Томирис)

50.Ең алғашқы адамдар қайда пайда болған? (Африкада)


Жаратылыстану

30.Жануарлардың қандай түрлері болады?

40.Ғарышқа саяхат жасау үшін не қажет?(Зымыран)

50.Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам кім? (Ю.А.Гагарин)


4 –кезең. «Тапқыр болсаң, талас жоқ».Адасқан буындардан сөз құрау. 10 ұпай.
1топ:
пан – ба – ла
тап – ха – на – кі

2-топ:
ған – бал – дыр

ле – ди – те – дар.

3-топ:
те – ма – ка – ти – ма
ыр – шақ – қу

4-топ:

шық- ын –ой

ғат – би – та

-Бүгінгі сайысымызды өз мәресіне жетті.Ендігі сөз кезегін қазылар алқасының төрайымы ДОІЖО Жанысбаева Фазила Алтенқызына беріледі.

Бастауышта оқиды,

Ойға білім тоқиды

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай

Аман – есен болыңдар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі