400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Би Боранбай атындағы орта мектебі. Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы 2022-2023 оқу жылы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы

Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Мақсаты:    оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру

Көрнекілігі:     Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер


   Барысы:

1- жүргізуші:     Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар, ата-аналар және оқушылар! Арайлы жаздың үш  айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя  мектебімізге оралып отырған оқушыларды және барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 


Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені


2-жүргізуші: 

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен отаншылдық» тақырыбындағы салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Шашу биі


1-жүргізуші:

Биылғы 2022/2023 оқу жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен, Роза Бағланованың 100 жылдығымен, Қазыбек бидің 355 жылдығымен, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығымен, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығымен, сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр.

Олай болса ағайын, барша мерей той құтты болсын!


2-жүргізуші:

Бүгін мерекеміздің құрметті қонақтарын аныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. Барша ауылымыздың ардагер ұстаздар

  2. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы

  3. Қамқоршылық кеңес мүшелері


1-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп    табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне    арналады.

 2-жүргізуші:

Биылғы 2022-2023 оқу тжылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған барша шәкірттерді ұстаздары Қалиаждарова Гүлмира Орынбекқызымен қарсы алыңыздар!


1-жүргізуші:

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен отаншылдық» тақырыбындағы алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын ашық деп жарниялансын!

Гимн


2-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Омаров Қайрат Уашұлына беріледі.


Ән: Аяулы мектебім. Қуанышбекқызы Еркеназ

1-жүргізуші:  құттықтау сөз                    


1-жүргізуші:          

Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

Білім көзін ашатынын біледі, —  деп балаларын мектепке   алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға   нұр бітсін деп құттықтай отырып, бүлдіршіндердің жүрек жарды шумақтарына кезек береміз.

Флешмоб


 Құттықтау сөз

 

Ән:


1-жүргізуші:    

Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.



Алғашқы қоңырау соғу рәсімі


 «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік пен отаншылдық» тақырыбындағы алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын ашық деп жарниялансын!

Гимн

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.10.2022
4127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі