Материалдар / «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»

Материал туралы қысқаша түсінік
Топ жетекшісі Торбаева А.Т. және Өндіріс шебері: Шабданбеков Е. А. «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсатты; студенттерді білімге қайырымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу; Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет түсінігін, кешірімділіктің қадір-қасиеттінің білім жігерлерін шындай түсу, сыйластық құндылықтарының маңызын дәріптеу. Студенттердің есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз бетірінше жұмыс істеу дағыларын дамыту. Кезінде «ғарышкер болам», «ұшқыш болам» деп армандайтындар көп еді. Қарап отырсақ, қазір, қоғамға қажетті мамандықты меңгерген жастардың қарасында қисап жоқ. Бұл, әрине, көңіл қуантпай қоймайды. Қандай кәсіптің болсын, өз пайдасы, қызығы мен қиыншылығы бар. Дегенмен, жұмысшы мамандықтары бүгінгі еңбек нарығының орасан сұранысын тудырып отыр. Қай колледжді алсақ та, заман талабына жауап беруге ынталы. Кезекпен-кезек қойылған сұрақтарға жауап с
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ИНДУСТРИАЛДЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Топ сағаты

Ү18 7-ҮК

4 басылым

4 парақтың 1 беті



БЕКІТЕМІН

Индустриалды техникалық колледж

Директорының. ОТІ орынбасары

Н.А. Абдуллаев

01.09.2024 ж






Тәрбие сағаты

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»


ЭВ 24-30к тобы

Т/Ж : Торбаева Ә.Т.




Шымкент 2024 ж


Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм”.


Сабақтың тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»

Сабақтың мақсаты: студенттерге 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көрнекі-құралдар:

Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық

Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні.

Еңбекқорлық — адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына уақытында жеткізетін қасиет. Еңбек жауапкершілікке жетелейді.

Отаншылдық — келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын сүюге, ар-намысын қорғауға, және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Оның басты қағидасы Отанға, өзінің халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады. Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі, ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, жасампаз еңбегінен көрінеді.


Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.

                                                                                                                                             Сабақ барысы:


Мемлекеттік әнұранды орындау.

Бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни студенттер үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады.

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер колледжге күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Студенттер біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.

ІІ. Негізгі бөлім.

Назгүл:                Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.

                            Өйткені оны мекен еткен, бабамыз бен атамыз.

                            Отанды әркім анасындай, қастерлейді бағалап

                            Өйткені Отан анасындай, бізді өсірер аялап.


Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлеңдерімізбен сабағымызды жалғастырайық.

Ақбота:              Білім алған өзіңнен, дәрігер, ұшқыш не ғалым.

                            Саған ыстық сезіммен, қарайды жұрт, мұғалім.

                            Мен де өзіңді әрдайым, қамқорым деп ұғамын

                            Күліп атқан таңдасың, жарқыңсың сен, мұғалім.

Біржан:              Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге

                            Құлақ түйем елеңдеп, «Колледж» деген бір үнге.

Аружан:             Сәлем саған Колледжім, алтын ұям сүйікті

                            Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.

Мақсаты: студенттердің сөздік қорын байыту, өз туған жерлеріне, елдеріне, деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Елбасы осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.

Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»- деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

Ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші... білім тәрбие беруші дара тұлғаларға арналған өз туындымды ұсынамын:


Ұстаз деген ұлы тұлға, тау тұлға,

Ғылым — білім үйрететін жұртыңа.

Әкім болғың, мейлі хан бол, қара бол,

Қарыздарсың,...

ұстаздардың алдыңда.


Студенттік өмір бұл балғын шақ,

Артымыздан үлгі өнеге қалдырсақ.

Лапылдап бір жанбай жатып сөнбейік,

Өмір белес арман деген арғымақ.


Алғаш қалам ұстатқан ол ұстазың,

Төрт мезгілмен өлшенгендей қысқа күн.

11 — жылдық білім менен шектелмей,

Бакалавр, Магистрді қорғадың.


Профессор атағын ал ел таныды,

Бар білгенің бөлісе ол ел қамы.

Ұстазынан шәкірт озса жақсырақ.

Жақсарады ел хәлі.


Ұстаз данам, жанашырым көреген,

Сен болмасаң қай биікті көрер ем,..

Білім алдым, маман болдым білікті,

Зеңгір көкке биіктермін төменен.


Ұстаздарым аман бол,

Уақыт өзі марапаттар бағаңды ал.

Барлық адам жер бетіңде бақытты,

Ұстаз көрген, — тәлім алған адамдар.


Сонымен, ұстаз мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі, жан - дүниесі жайдарлы шуақты жан ғана адамның адамшылығын танытар жақсы ұстаз бола алады. Себебі, өзгеге ізгілік нәрін сеппес бұрын, өзі де нәрлі болуы тиіс қой. Сондықтан да, қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынов атамыз «Адамдық диқаншысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған. Өйткені, шәкірттің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан.

Елбасы Жолдауында Қазақстанның әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін жұмысшы кадрларды дайындау сапасын көтеру және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруі қажет екенін баса айтты.

Кезінде «ғарышкер болам», «ұшқыш болам» деп армандайтындар көп еді. Қарап отырсақ, қазір, қоғамға қажетті мамандықты меңгерген жастардың қарасында қисап жоқ. Бұл, әрине, көңіл қуантпай қоймайды. Қандай кәсіптің болсын, өз пайдасы, қызығы мен қиыншылығы бар. Дегенмен, жұмысшы мамандықтары бүгінгі еңбек нарығының орасан  сұранысын тудырып отыр. Қай колледжді алсақ та, заман талабына жауап беруге ынталы.

Міне, студенттер, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен колледжге келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарын үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.





Тәрбие сағаттының


ХАТТАМАСЫ


Шымкент қаласы 01.09.2024ж

Қатысқанар т/ж Торбаева А.Т.

Шабданбеков Е.А.


ЭВ 24-30к тобы


Күн тәртібінде:


  1. Білім, туған жер, Отан ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.

  1. Үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету үшін дұрыс әрекет  жасауға білімге  баулу

  2. Тәрбие, сыйластық құрмет білім арқылы жастарға сенім, жігер беру дұрыс бағыт бағдар беру, - жол көрсету, өз ойларын еркін айтуына қалыптастыру негізгі мақсатымыз.

  3. «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік білім құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.


Тыңдалды:


Топ жетекшісі Торбаева А.Т. және Өндіріс шебері: Шабданбеков Е. А. «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.

Мақсатты; студенттерді білімге қайырымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу;

Үлкенге - құрметкішіге ізет түсінігін, кешірімділіктің қадір-қасиеттінің білім жігерлерін шындай түсу, сыйластық құндылықтарының маңызын дәріптеу. Студенттердің есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз бетірінше жұмыс істеу дағыларын дамыту.

Елбасы Жолдауында Қазақстанның әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін жұмысшы кадрларды дайындау сапасын көтеру және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруі қажет екенін баса айтты.

Кезінде «ғарышкер болам», «ұшқыш болам» деп армандайтындар көп еді. Қарап отырсақ, қазір, қоғамға қажетті мамандықты меңгерген жастардың қарасында қисап жоқ. Бұл, әрине, көңіл қуантпай қоймайды. Қандай кәсіптің болсын, өз пайдасы, қызығы мен қиыншылығы бар. Дегенмен, жұмысшы мамандықтары бүгінгі еңбек нарығының орасан  сұранысын тудырып отыр. Қай колледжді алсақ та, заман талабына жауап беруге ынталы.

Кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу; группалас құрбы-құрдастарының. қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата-баба салтын қастерлеуге тәрбиелеу; студенттерді адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге дағдыландыру. Көрнекілігі: нақыл сөздер, сұрақтар, сөзжұмбақ, дайындалған материалдар. Атадан ұлағат, анадан ғибрат.  үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу жайлы айтылды.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда Білім алу, кітапты көп оқу, үнемі білімді жетілдіріп отыру керектігі айтылды. Үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету сұрақ-жауап түрінде өтті. Кешірімділік ізеттілік сыйластық кішіпейілділік адамның жақсы қасиеттері екеннің айтып таразысына салдық. Өмірдің өзі қарым-қатынастан тұратын болған соң: әркімге өз жолы бойынша құрмет көрсетеміз. Сәйкесінше өзіміз де құрметке бөленеміз Кезекпен-кезек қойылған сұрақтарға жауап сұралды. Біздің өмірімізге түзу қадам басуымызда тәрбиеміз орны ерекше. №ЭВ 24-30к топтың ұстаз мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі, жан- дүниесі жайдарлы шуақты жан ғана адамның адамшылығын танытар жақсы ұстаз бола алады. Себебі, өзгеге ізгілік нәрін сеппес бұрын, өзі де нәрлі болуы тиіс қой. Сондықтан да, қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынов атамыз «Адамдық диқаншысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған. Өйткені, шәкірттің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан.

Үлкенге құрмет жайлы пікірлері. кішіге-ізет Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, қамқорлық, ізеттілік. Экранға көрнекілік құралар көретілі, студентердің пікірі ортаға салынды.



Қабылдаңған қаулы:


1. Білім, тәрбие, құндылық, Білім алу, кітапты көп оқу, үнемі білімді жетілдіру.

2. «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту керек.шешу керек;

3. Студенттер сабақтар мен емтихандардан себепсіз қалмасын.



ОТІ орынбасары: _________________ Аблуллаев Н. А.


Топ жетекшісі: __________________ Торбаева А. Т.


Өндіріс шебері: ____________________ Шабданбеков Е. А.


.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!