Материалдар / Білімім - Отаныма!

Білімім - Отаныма!

Материал туралы қысқаша түсінік
"Білімім - Отаныма!" 24-мамырға арналған дайын сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2024
708
13 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№25 ЖББМ» КММ








СЫНЫП САҒАТЫ



Тақырыбы: «БІЛІМІМ – ОТАНЫМА»





















Сынып:

Сынып жетекшісі:












«Білімім – Отаныма!» атты сынып сағаты

Өту уақыты: 24.05.2024ж.

Сынып: , сынып жетекшісі

Мақсаты: Білімді, танымдық көзқарасы қалыптасқан, өз елін сүйетін, құрметтеп қастерлейтін, өз елінің тарихын білетін, ұлтжанды, патриоттық сезімі жоғары оқушыларды қалыптастыру.


Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ата-аналар.

Міне, қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тағы бір сыныпқа есею. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!

Салтанатты сынып сағатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастаймыз!

(Гимн орындалады).


Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын үлкен сый. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Білім – адамзат мәдениетінің ең көрнекті және ауқымды ұғымдарының бірі. Сонымен қатар, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтап тұрушы негізгі фактор. Әуелі адам баласының басқа жаратылыстан ерекшелігі саналылығы болса, сол саналы жаратылыс иелерін бір-бірінен үстем көрсетіп, бір-бірінің алдында шынайы құрмет пен атақ-абыройға бөлейтін – осы білім. Ол турасында ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлы: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады»,-деп тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеген.

  • Оқу — білім бұлағы,

Білім — өмір шырағы.

  • Оқу — білім азығы,

Білім — ырыс қазығы. 

  • Білім — ер азығы,

Ер — ел азығы деген мақал-мәтелдер де білімнің қадірінің асқақ екенін дәлелдесе керек.


Сейтенова Шехризат. Эссе: «Елімнің болашағы менің қолымда».


Мұғалім: Иа, күллі білімді қор қылатын: тәкәппарлықтан, ұялшақтықтан, жалқаулықтан өзімізді қашық ұстайық. Сонда ғана керегесі кең, іргесі бүтін, алпауыт мемлекетке айналарымыз анық. Қорыта келгенде: «Білім – кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады»,-деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, келешекте біреуге бағынышты болғымыз келмесе, оқиық, ізденейік, білім алайық. Шынайы білім – жарқын болашақ кепілі. Өзіміздің жарқын болашағымыз өз қолымызда екендігін ешқашан естен шығармайық.


Келесі сұрақтарға жауап беріп, білімімізді сынап көрейік.

  1. Білім күні қай күн? (1-қыркүйек).

  2. Мемлекеттік рәміздерді ата? (ту, елтаңба, гимн).

  3. Еліміз Тәуелсіздік алған күн? (1991 жыл 16 желтоқсан).

  4. Тудың авторы кім? (суретшы Шәкен Ниязбеков).

  5. Жеті атаны ата? (бала, әке, ата, немерешөберешөпшекнемене).

  6. Жеті қазынаны ата (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік).

  7. Ұлы ақын кім? (Абай Құнанбайұлы).

  8. Теңге қашан қабылданды? (1993 жыл 12 қараша).

  9. ҚРның ата заңы қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз).

  10. Адамдардың қатынас құралы (тіл).

  11. Астананың туған күні? (6 шілде).

  12. Біздің туда не бейнеленген? (Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт , күн).

  13. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

Оқу  - білім азығы,

Білім – .............(ырыс қазығы).

*** 

Білім басы - бейнет, соңы - ...............(зейнет).

*** 

Оқығаныңды айтпа, ................(тоқығаныңды айт).

***

Білімдіге дүние жарық.

......................(Білімсіздің күні ғаріп).

*** 

Жердің сәні - егін,

...................(Ердің сәні – білім).

*** 

Жер - ырыстың кіндігі,

.......................(Білім - ырыстың тізгіні).

Білегі күшті бірді жығады,

.............................(Білімі күшті мыңды жығады).

Ақыл — тозбайтын тон,

....................(Білім - таусылмайтын кен).


  • Олай болса балалар, біз де биылғы оқу жылында алған білімімізді, жеткен жетістіктерімізді қорытындылайық. 2023/2024 оқу жылында аса үздік білім көрсеткен оқу үздігі – Мұрат Аңсар.

Жақсы білімі, үлгілі тәртібі үшін марапаттарға ие болғандар: Амангелді Ақмаржан, Ғаббасәлі Медина, Жоламанов Мирас, Шаймұрат Перизат (аталған оқушылар ортаға шығады).

Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!


  • Мектеп қабырғасындағы білім жетістіктері өз алдына, қосымша білім алу, өзінің білімін сынап көру, іздену, оқу мақсатында түрлі сайыстар мен байқауларға, олимпиадаларға қатысқан оқушыларымыз да бар. Мысалы, Ғаббасәлі Медина Қарағанды университеті өткізген «Ғылым әлеміне ұмтылыс» конференциясынан 3-орын, мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференциядан 2-орынды иеленсе, Атай Малика .......Абайділдә Зере, Жоламанов Мирас «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» Республикалық байқауында диплом, грамотамен, Керімқұл Шыңғыс «Туған соқпақтар» байқауына қатысып 2 орынды иеленді.

Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!


  • Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі» деп тәрбиеге аса қатты көңіл бөлу керектігін айтқан. Мектеп қабырғасында білім мен тәрбие қатар жүретіні белгілі. Осы оқу жылында кұнделікті сабақтардан бөлек 34 сынып сағаты, түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттары, мерекелік кештер, байқаулар, спорттық жарыстар өтті. Олардың барлығының мақсаты біреу еді: жас ұрпаққа саналы да сапалы тәрбие беру. Сыныбымыздың оқушылары олардың барлығына белсене атсалысты. Атқарылған жұмыстардың барлығы мектептің әлеуметтік желілерінде жарық көрді. Мысалға айтар болсақ, «Адал ұрпақ» мектебінің қатысушылары Абдували Сезім, Ғаббасәлі Медина, Манат Кәусар, Амангелді Ақмаржан, Жүнісова Мақпал мектеп ішілік іс-шараларға үнемі, жыл бойы белсене қатысты. Олардың қатысуымен «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі», «Наурыз мерекесі», «Қыз сыны» байқауы, мектептер арасындағы қалалық байқау, «Әжелер мектебі» іс-шарасына қатысу, «Таза қала – бізден басталады» акциясы өтті.

Белсенді оқушыларымызды ортаға шақырамыз және оларға қошемет көрсетеміз.


  • Спорттық жарыстар — қатысушы жақтардың өз қайрат-жігері, өнерібілімі, айла-тәсілі, тәжірибесі, шеберлігімен бір-бірінен басым түсуге бағытталған еңбек, ойын тәрізді іс-әрекеті. Жарыстың спорттық түрі адамды күш-қуат жағынан жан-жақты жетілдіруді көздейтін педагогигалық тәрбиенің құрамдас бөлігі болып табылады. Жарыс адамның ынта-ықылас, құмарлық-құштарлық түйсігіне әсер ететіндіктен, қатысушылардың күш-жігерін, жылдамдық, қайсарлық, төзімділік, жеңіске ұмтылушылық, өзі туып-өскен елі мен жеріне деген отансүйгіштік қасиеттерін шыңдап, қалыптастырады. Оқушыларымыздың арасында спорттық жетістіктерімен көзге түскен оқушыларымыз да аз емес. Мысалы, Кабдуалиев Бахтияр гандбол жарысынан жетістіктерге қол жеткізді. Тәуекел Бексұлтан, Көшкінбай Айқын, Мағауия Жарқын ережесіз жекпе-жек спорттық ойындарынан жақсы нәтижелер көрсетті. Оқушыларымызды ортаға шақырамыз және оларға қошемет көрсетеміз.


  • Биылғы оқу жылында есте қаларлық қызықты сәттер де көп болды. Қазір сіздердің назарларыңызға келесі бейнероликті ұсынамыз (мектеп қабырғасында өткен қызықты сәттер қамтылған бейнеролик көрсетіледі).


  • Мектеп қабырғасында өздерін әр қырынан көрсеткен оқушыларымыз бар. Атап айтар болсақ, Аман Айым мектептегі домбыра үйірмесіне қатысып, өзінің өнерін шыңдады. Қазір алдарыңызға шығып өзінің үйренген жетістігімен бөліседі.

Аман Айым, Ғаббасәлі Медина. «Бір бала» күйі.


Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек,

Өнер - білім, адалдық, ар – намысты

Жоятын надандық қой емсіз індет.

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.

Білімге ел боп аңсап құмарланса,

Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай білімді болу әр адамға керек. Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында. Оқу, білім алу, өнер үйрену, тіл білу – заман талабы. Уақыт көшінен қалмай алға ұмтылу – әр адамның мақсаты болуы керек. Ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында. Ендігі біздің мақсатымыз – жақсы білім алып, өмірде, еңбекте жақсы жетістіктерге жету.


Ойымен, тілегімен, пікірімен бөлісу үшін сөз кезегін оқушыларға, ата-аналарға береміз.


Мұғалім: Көздеген мұрат-мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді болып, алда талай асу белестерді бағындыра беріңдер!

Келесі оқу жылында кездескенше хош-сау болыңдар! 

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!