Сабақтың
басы
|
Сәлемдесу , сайыстың мақсатымен таныстыру . Гимн
.
Сабағымызды бастамас бұрын «Менің есімім» ойынын
ойнап жіберейік.Бұл ойындағы негізгі мақсат оқушы өзін таныстырады,
есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы
сөздерді қосып,, өздерін таныстырады.Кіріспе әңгіме. Мұғалім.
Бүгінгі ұрпақ -халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. «Ұрпағы
білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа
мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты
талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен
бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан
тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа
көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне
белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі
ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Әрбір
өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда
өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы
қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың
ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты.
Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың
дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге
баса көңіл аударуға тиіспіз.
Отан туралы
бейнеролик
Оқушыларды бірнеше топтарға
бөлу.
1. «Миға шабуыл»
әдісі 1.Сендер саналы, білімді
азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп
ойлайсыңдар?. 2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін,
дінін сүйіп, жақсы білім алып халқына адал қызмет еткен кімдерді
білесіңдер?
|
Мыс: инабатты Индира,құлпырған
Қызғалдақ
Тыңдау және тақырып видео бойынша сұрақтарға
жауап беру.
.
Білім алу.2. Отанды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу,4. Ұлт жанды
азамат болу.5. Атамекенді, туған жерді сүю.6. Денсаулығы мықты
азамат болу
|
|
Сабақтың
ортасы
|
2.Сұрақ жауап әдісі арқылы
– «Күн шуағы» ойынын ойнаймыз. Әр бала бір күннің шуағын алып,
артында жасырынған сұраққа тез жауап
береді.
3.«Сиқырлы
қаламдар» оқушылар өздері қалаған
себеттен (сұрақтар және жұмбақтар) қаламды алып сұраққа жауап
береді немесе жұмбақты тауып, оның шешімін үш тілде
айтады.
4.«Ойтолғау» Мен жастарға сенемін, -
дегендей енді өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. 1 – сұрақ:
Қазақстанды 2030 жылы қалай елестетесің?2 – сұрақ: Қазақстанды
гүлдендірудегі өз үлесің.
5. Топтарға аталған тақырып бойынша шағын
постер немесе коллаж жасауға уақыт беру.
Бірінші топ: Сен білетін білімді
адамдар
Екінші топ: Мектеп
өмірі
Үшінші топ:
Армандарым
Менің жастарға айтарым, мемлекет және өздеріңнің
ата – аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан
келгеннің бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ
алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім
алыңыздар. Жұмыс істеуді үйренейік. Қоғамымыздағы бар жаманат
атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар. Жалған әдеттен
безіңіздер. Ел – болашағы мына сіздердің
қолдарыңызда.
|
Жауаптары:
1.
Күш — білімде, білім —
кітапта.
2.
Қына тасқа бітеді, Білім басқа
бітеді.
3.
Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды
жығады.
4. Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш,
Айбалта
5.
1991ж. 16 желтоқсан
6.
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен
мылтық, жүйрік тазы
7.
33 жыл
8.
Әнұран, Елтаңба, Ту
Жауаптары:
1.Теңге
2.Қ,К. Тоқаев
3.ҚР туының авторы кім? (Шәкен
Ниязбеков)
4.ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек
Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов)
5.Әнұранымыздың авторлары кім? (С.ж: Н.Назарбаев,
Ж.Нәжімеденов. Ө.ж: Ш.Қалдыаяқов
5.
Шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар
шаншылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның
жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан»
деген жазу бар.
-
Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама.
(кітап – книга – book
-
Жеті қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы
(ит – собака – dog)
-
Жүз
теңгең болғанша, Жүз .... болсын. (дос- друг – friend
)
-
Тұмсығымен қозғалар. Соңынан аппақ із қалар. (бор
–мел – chalk)
-
Тіс
жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қаламсап – ручка –
pen)
Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады.
(қоңырау – звонок – bell)
|
Қима қағаздар
Презентация
|
Сабақтың соңы
|
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды,
табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы
өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын
таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді
"Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның
болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы,
аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай
өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі,
ақыл - парасаты мол азамат болып
өсейік.
|
|
|