Білімім -Отаныма

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білімім -Отаныма

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшісіне 24 мамырға арналган сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Білімім-Отаныма

Күні

24.05.2024

Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу

Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі- өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына- кітап әлеміне шолу жасау.Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту

Кітапты құрметтей білуге,ұқыптылыққа,адамгершілікке көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу.




Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, кітаптар көрмесі, Ұлы адамдардың кітап, оқу-білім туралы айтқан дана сөздері


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)




Сабақтың бағдарламасымен таныстыру.

І-бөлім. Тарих тағылымы / оқушылар ізденісі/

Кітаптың шығу тарихы

Баспахана өндірісі қашан пайда болды?

Ең алғашқы кітапханалар қай кезде пайда болған?

Кітап оқудың да сыры бар?

ІІ-бөлім. Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары / ойын/

Кітаптар сыр шертеді.

Жеті жұрттың тілін біл.

ІІІ-бөлім. Қорытынды.
















Компьютер














Сабақ басы (13 мин)






















Адамзат қоғамы тарихында жазу-сызу басталғалы кітап бейне кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық есептеледі. Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында әр қоғам өзінің құндылықтарын әр кез соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Шындығына келер болсақ, кітап таусылмас рухани қазынаның ең негізі, бастау алар бұлақ көзі есептеледі. Енді бір қырынан кітап оқу деңгейінің азайып бара жатқандығын адамдардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларынан, не базар экономикасының өзіндік кінараттарынан қарастыратын жағдайлар да бар. Бұл орынды көзқарас емес. Өйткені халқымыздың әл-ауқаты төмен делінген жылдардың өзінде де, олардың кітапқа құштарлығы онан ары арта түспесе кеміген жоқ болатын Компьютер керемет, интернет тамаша екені рас. Бірақ, біз кітап оқуды, көркем әдебиетке қызығушылығымызды компьютер әлеміне жұтқызып қоймауымыз керек. Кітаптың құндылығы жәйында дана халқымыз «Білімнің бастауы кітап»,-десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,-дейді. Ал ұлы драматург Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,-деп кітаптың қүдіретін, оның мәртебесін онан ары асқақ көтеріп көрсеткен болатын. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбатты қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын -кітап екенін білуге, бұл кітаптар қайдан шығатынын онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері ,қол жетпес мұралары жазылатыны туралы бүгінгі сабағымызда ой бөліссек.





















слайд




















Ортасы (20 мин)


.ІІ-бөлім .Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Кітаптар сыр шертеді.

Әр ұяшықты таңдау арқылы сондағы белгілі жазушылар, ойшылдар туралы қысқаша мәлімет береді оқыған кітаптарына тоқталып өтеді



№1 Қорқыт ата -сырлы әлем.

№2 Мұхтар Омарханұлы Әуезов- Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.Елеулі шығармасы: «Абай жолы», «Қараш-Қараш», «Еңлік-Кебек », «Көксерек» т.б. Төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

№3. Н. Ә. Назарбаев еңбектері тек ТМД елдерінің тілдеріне ғана емес, негізгі әлемдік тілдердің барлығына аударылған./ ағылшын, француз, неміс, қытай, венгр, поляк, болгар, араб, испан тілдерінде / Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы кітабы - «Қазақстандық жол» деп аталады. Ол 2006 жылы шықты.

№4.Бауыржан Момышұлы-даңқты қолбасшы «Ғасыр адамы»Өзінің қаламынан шыққан-«Офицер жазбалары», «Артымызда - Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Жонарқа», жинағы, екі томдық шығармалар жинағы, «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап» туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

№5.Сәкен Жүнісов- қаламынан туған таңдаулы шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алған құнды дүниелер болып табылады. . Туған халқы талантты перзентін сан қырлы өнері үшін Сәкен сері атап, аялап еркелетті.. Оның озық туындылары халқының рухани қазынасына айналып, болашақ ұрпақтармен бірге жасай береді."Ақан сері" "Жапандағы жалғыз үй", романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. "Ажар мен ажал", "Тұтқындар", "Қызым, саған айтам", "Жаралы гүлдер", "Қос анар", тағы басқа пьесалары республика театрларында табыспен қойылды. «Аманай мен Заманай» повесі.Повесте XX ғасырдың отызыншы жылдарындағы заман дүрбелеңі суреттелген. Оқиға ұжымдастыру кезінде жат жерге қоныс аударған қазақ аулының жүдеу тіршілігінен бастау алып, шегіністер арқылы суреттелген.

Көрініс. С.Жүнісов «Аманай мен Заманай»

...... Атамекенін аңсаған кейуана, заман талқысына түсіп, Заманайымен зар жұта жат елге кетіп еді. Енді міне, құтты мекеніне аманаты - Аманайын алып келе жатыр.






белгілі жазушылар, ойшылдар суреттері

слайд

Соңы










«Мен жастарға сенемін»,-деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сол жастарымыз рухани сауаттылығы мықты болса, ұлтымыздың ұлағаттылығы мәңгі сақтала бермек.

Халқының көңілінен шығатын, елінің үмітін ақтайтын,өткен ұрпақтың есесін түгендеп,келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің азаматтары рухани сауаттылықпен білім көгіне самғай беріңдер демекпін.

Тәуелсіздік күні құтты болсын! Елімізде қашанда татулық пен бірлік болып, еліміздің көк байрағы көгілдір аспанда желбірей берсін! Өз бастарыңызға ,отбастарыңызға зор денсаулық, құт-береке амандық тілеймін.Тәуелсіздігіміз тұғырлы,еліміз еңселі болсын!



Жазғы демалыста оқу үшін кітаптар тізімін, сондай-ақ қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынып, қауіпсіздік шараларын, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтарын, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігі туралы айтылады






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.05.2024
877
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі