Материалдар / "Білімім -Отаныма" тақырыбындағы тәрбие сағаты

"Білімім -Отаныма" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Білімім -Отаныма" тақырыбындағы тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
342
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

"Білімім -Отаныма"

Күні

24.05.2024

Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Білімім- Отаныма»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға білімнің Отан үшін қажеттілігін, күшін түсіндіру және олардың білімге деген құштарлықтарын арттыру. Оқу жылын қорытындылау және өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Сурет, нақыл сөздер

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі (10 мин)


Амандасу.

психологиялық тренинг

«Менің таңбам»

Міндеттері: әр қатысушы өздерінің бойындағы мақсат, орта,  жетістік, сенім, өзі ұнатқан фигураларға түсіру арқылы, өз ойын жеткізу арқылы, өз көзқарасын таныту.

Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмар ойлап тапқан.

15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін белгілеген. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Сол таңба арқылы адамда бедел, қасиет, мадаққа ие болған. Қазір әрқайсың өздеріңе таңба жасайсыңдар. Әр топқа 5 түрлі фигура беріледі. Оның артында әр пішінің қасиеттері жазылған. Сол бойынша әр оқушы өз көзқарастарыңды фигураға бес қасиет арқылы көрсетіңдер және оқып беріңдер.

Шарттары:

  1. Алға қойған басты мақсаттарың. (ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек) т.б.

  2. Өздеріңді жақсы сезінетін орта (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы т.б.).

  3. Ең үлкен жетістіктерің. ( үздік оқушы т.б.)

  4. Сенімді үш адам.

1-топ. Мақсат

2-топ. Орта

3-топ. Жетістік

4-топ. Сенім

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді. Фигураларда жазылған сұрақтарға өз ойларын білдіреді. Мақсат, орта,  жетістік, сенім деп 4 топқа бөлінеді.


Дыбыстағыш





Арнайы шаблондар

«Білімім- Отаныма» тақырыбында видеоролик

ҚР әнұранын орындайды; Бейнеролик тамашалайды.Оқушылар ойларын айтады.

https://youtu.be/surW7kxoD1U?si=CfNbVp9WmXWE5YGN

Сабақ басы

(5 мин)


«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың. Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында, Ізденіңдер, білім алу жолында. Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол білім – танымға асықтық. Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді. Білім де талпынсаң қонады. «Ит маржанды не қылсын» деген ұлы Абай. Ал тереңге бойлау үшін талап керек.

Еңбектену  тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы»  т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?

 Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.

Қандай айырмасы бар?  Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнайы шам жасап қараңғыны жарық етеді?

Оқушылар ойларымен бөліседі



Жетістіктер

Жетістік - нәтиже, тұрақты даму. Жетістікке жеткісі келетін адам бір орында тұрмайды, үнемі ізденіс үстінде, өзін-өзі жетілдіруде болады!

«Біздің жетістіктер» тақырыбында топтар постер қорғайды.

Әр топ постер қорғайды

А3, маркерлер

Жазғы қауіпсіздік

Жазда судағы қауіпсіздік ережесі

Отбасылардың барлығы ыстық күндері балаларымен бірге суға шомылуға барады. Ересектер де, балалар да рақаттана суға түсіп, күнге күйіп, таза ауамен демалады. Суға шомылуға барарда мына ережелерді ескерген жөн:

- Балаға сіздің қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеңіз;
- Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберіңіз;
- Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына қуыспақты да, тығылыспақты да жағажайда ойнауларын өтініңіз;
- Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылаңыз;
- Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал жағып қойыңыз.

Жазда табиғаттағы қауіпсіздік ережесі

Егер отбасыңызбен табиғатқа (орман, саябақ) шықсаңыз, мына ережелерді есте сақтаңыз:

- Мұндай жерлерде әдетте, кене көп болып келеді. Сондықтан балаға жабық шалбар мен жабық аяқ киім кигізген жөн. Шалбар балағын шұлыққа салып қойыңыз;
- Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіріңіз. Олар улы болуы мүмкін;
- Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін айтыңыз;
- Мүмкіндік болса, баланы қараусыз қалдырмаған жөн.

Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелері

Қауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:

- Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;
- Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз;
- Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;
- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз;
- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;
- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.

Топпен талқылайды.

презентация

Соңы

(1-минут)






«Мұғалім: «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуций. қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!

Қауіпсіздік ережелрімен танысып қол қояды.Оқушылар стикерлерге пікірлерін жазады








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ