400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Білімім Отаныма

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Сауат ашу

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ибраева Д.Б.

Күні:

24.05.2024

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Білімім Отаныма

Мақсаттары

1. Оқушылардың  пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.

2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге ,өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше   жұмыс істеуге дағдыландыру.

1.Оқушылардың болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп,елін жерін, оның дәстүрін сыйлауға, дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

 Сабағымызды бастамас бұрын «Менің есімім» ойынын ойнап жіберейік.Бұл ойындағы негізгі мақсат оқушы өзін таныстырады, есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып,, өздерін таныстырады.Мыс: инабатты Индира,құлпырған Қызғалдақ

1. Кіріспе әңгіме. 

Мұғалім.  Бүгінгі ұрпақ -халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Бүгінгі сабақта сендердің ой-өрістерін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын білімді топты анықтайтын, білімге деген қызығушылықтарынды арттыратын «Қазақстан болашағы білімді ұрпақ қолында» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз. Бұл ойында біз осы уақытқа дейін алған  білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін көрсетеміз.  Білімді адам ешнәрседен

қорықпайды, мазасызданбайды.Әр уақытта батыл .

 Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім-кең қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай

Көрнекілер

Сабақтың ортасы

Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.

Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді.
Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама». Омар Хаямның соңғы сөзі былай: «Алла! Мені өзің берген білімің үшін кеше гөр!».

«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.
- Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер, білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,


Сабақтың соңы

Білімді ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!
Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. 




























КЕЛІСІЛДІ

Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

А.Е. Белдеубаева


«_____»_________________2024 жыл

БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры

Д.Ж. Батенов


«____»__________2024 жыл









«Білімім - Отаныма»

Тәрбие сағаты мектепалды сыныбында.







Тәрбиеші: Ибраева Д.Б.















2023-2024 оқу жылы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22.05.2024
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі