Материалдар / Білімім-Отаныма

Білімім-Отаныма

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағатының тақырыбы

«Білімім - Отаныма»

Күні

24мамыр

Сынып

3

Оқу мақсаты

Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту,

іскерлік қасиеттерін дамыту;

Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына

ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға

тәрбиелеу.

Құндылықты дамыту

Ұлттық мүдде , ар-ұят

Өткізілу формасы

Сайыс сабақ

Күтілетін нәтиже

Танымдық көзқарасы қалыптасады.Ой – өрісі , таныымдық

дүниетанымы қалыптасады.Логикалық ойлау , сөйлеу қабілеттері шыңдалады.Туған жерін құрметтейтін саналы ұрпақ қалыыптасады.

Көрнекілігі

слайд , әртүрлі қажетті құралдар.

Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Сәлемдесу , сайыстың мақсатымен таныстыру .

Гимн .

ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бисембаевтың құттықтауы

Тренинг : «Мен өз Отанымның білімді ұрпағымын өйткені мен ... »


Топқа бөлу.

Амандасады, мақсатымен таныс болады.

Гимн айтады.

Тренинг шарты бойынша оқушылар өз ойларын білдіру арқылы сөйлемді аяқтау керек.


Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінеді

Слайд

Негізгі бөлім

Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сендердің ең дұрыс шешімдерің.
Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім. «Ой қозғау»

Қай ғалымның сөзі?

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан

шығады. Абай

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой

азаттығымыздың алдаспаны. Заманауи әлемде елдің қуаты

ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.  Білім -

асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам

қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады.

-Олай болса , бүгінгі тәрбие сағатының аялдама тапсырмаларымен таныс болыңыздар.

Бірінші аялдама тапсырмасы:

1-топ

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға «Біз терең білімді оқушы болу үшін

не істеу керекпіз?» тақырыбында ойларын, идеяларын

талдайды.

2-топ

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға Адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек?

3-топ

Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға Білімді адам қандай жетістіктерге жетеді?

Екінші аялдама тапсырмасы: Жұмбақтар шешу

1.Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама кітап-книга- bооk

2. Тұмсығымен қозғалар,Соңынан аппақ із калар. Бор –мел- chalk

3. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде қалам ручка - реn

4. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады қоңырау- звонок – bеІ


Үшінші аялдама тапсырмасы

1-топ: Білім туралы мақал-мәтелді құрастырып айтады

2-топ: Отан туралы мақал-мәтелді құрастырып айтады

3 – топ Еңбек туралы мақал-мәтелді құрастырып айтады

Төртінші аялдама тапсырмасы:

«Сиқырлы қорапша» ойыны
Сұрақ қорапшасынан әр топ үш сұрақтан суырып, жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса келесі топтар жауап беруге болады.
 1.ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл 16-желтоқсан)
 2. Еліміздің бас қаласы (Нұр-сұлтан)
 3.ҚР президенті кім? (Қ.К.Тоқаев) 
4. ҚР туының авторы (Шәкен Ниязбеков)
5. ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов)
 6. Әнұранымыздың авторлары (С.ж: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. Ө.ж: Ш.Қалдыаяқов)
 7. Еліміздің төл теңгесі қашан дүниеге келді? (1993 жыл 15-қараша)
8.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)
9.Қазақстанның жер көлемі қанша?  (2 млн. 724 мың шаршы километр)

10. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас жатыр? (Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде солтүстігінде және батысында Ресеймен — 7591 км құрайды.

Оңтүстігінде: Түрікменстан — 426 км, Өзбекстан — 2354 км және Қырғызстан — 1241 км, ал шығысында: Қытаймен — 1782 км шектеседі.


Қорытынды:

Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір

кемеңгер де шықпайды»

Д. И. Менделеев

Осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?

«Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке

жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар, сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту.Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел

патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің

тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші  міндеті – сол

елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің

патриоты екенін дәлелдеу. Ұрпағы білімді халықтың

болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, жарқын

болашақ жолындағы игі істеріміз арта берсін!


































Оқушылар топпен жұмыс жасайды

Слайд

Тәрбие сағатының соңы

Кері байланыс :

«Білімім - Отаныма» атты тақырып моделін ұсыну.

«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.





























Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!