БІЛІМІМ ОТАНЫМА 5 В СЫНЫП

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БІЛІМІМ ОТАНЫМА 5 В СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
БІЛІМІМ ОТАНЫМА 5 В СЫНЫП
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: БІЛІМІМ-ОТАНЫМА
Мақсаты:
-Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
-Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
- Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.

ӘНҰРАН.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
МҰҒАЛІМ:

Біздің бүгінгі «БІЛІМІМ-ОТАНЫМА» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

ЖҮРГІЗУШІ. Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен құрметті ата — аналар қауымы. Бүгінгі біздің «БІЛІМІМ ОТАНЫМА»- атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


ЖҮРГІЗУШІ. Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

 Елім менің – Қазақстан Отаным,

 Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Тек достықпен, өзгеде ел — халықпен — деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

ҒИБРАТ

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді

АЗИЗА

Отан дейміз кең - байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады


АҚЖАН

Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым


ЖҮРГІЗУШІ.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Туған жер, Отанымыз, Қазақстанымыз туралы әнді тыңдалық.


ӘН. АЙЫМ БАЛЖАН.


ЖҮРГІЗУШІ.
Қазақстан дейтін менің бар елім 
Жатыр алып жарты дүние әлемін 
Бұл даланы анам жаспен суарған 
Бұл далада атам қолға ту алған 
Бұл далада жылап келіп уанғам 
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман- дей келе келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.


Бишілер тобы. Балжан. Жұлдызай. Айғаным, Алтынай


ЖҮРГІЗУШІ.

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім 
Азап жүгін ел жауын қуған ері 
Әділет пен бірлікке жанын қиып 
Әділ өткен билердің туған жері-дей отырып кезекті еліміз, Отанымыз туралы оқушылардың өлең шумақтарына береміз.


АЯУЛЫМ

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!

Жас ұландар, берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

АЗАМАТ

Біз жас ұлан - Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

НҰРИСЛАМ

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, сен Отан!


АЙАРУ. ПОЭЗИЯ


ЖҮРГІЗУШІ:

Қатар шапқан қос тұлпар 
Ай астында қазақ үй 
Қалықтаған жас сұңқар 
Шарықтаған таза күй- деп кезекті күйшілерге береміз.


Күйшілер. Ақерке, Әмір, Айберген


ЖҮРГІЗУШІ:

Ақын – жазушыларымыз  
Қандай сұлу, қандай көркем,  
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.


ЖҮРГІЗУШІ.

Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген 
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен  
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын 
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген


КӨРІНІС.


ЖҮРГІЗУШІ.

Көк байрағын көтеріп 
Желбіреткен қазақпыз


ЖҮРГІЗУШІ:

Түбі бірге бауырды 
Елжіреткен қазақпыз


ӘН. АЛТЫНАЙ, ЖҰЛДЫЗАЙ


ЖҮРГІЗУШІ:

Байтақ дала – жерім менің 
Арта берсін кенің сенің 
Көк байрағың желбіресін  
Егеменді елім менің 

Ән. АМАНБЕК ЕРАСЫЛ.


ЖҮРГІЗУШІ:

Астана кеше ғана басқа қала 
Айналды бәйтеректі Астанаға 
Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі: 
Жаса Қазақстан, 
Жаса, менің ұлы елім!

ӘН. АЗИЗА


МАРАПАТТАУ.


ЖҮРГІЗУШІ:

Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым
Алтын бесік байтақ дала – арманым
!


ЖҮРГІЗУШІ

Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз. БІЗ ӘРҚАШАНДА БІЛІМІМІЗДІ ӨЗ ОТАНЫМЫЗҒА, ТУҒАН ЕЛІМІЗГЕ, ЖЕРІМІЗГЕ АРНАЙМЫЗ!

ХОР.


ЖҮРГІЗУШІ. Осымен «Білімім Отаныма» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.


ЖҮРГІЗУШІ. Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2024
2745
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі