400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

білімнен қуатты күш жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл мақалада үштіліділік бойынша физика пәнін ағылышын тілінде оқу туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы






Байдавлетова Айгерим Болатовна

физика пәнінің мұғалімі

"Шаңырақ" көпсалалы

мектеп-гимназия" КММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Риддер қаласы

Aize1517@mail.ru


Білімнен қуатты күш жоқ


Үш тілді білу-бұл жаһанданған әлемге жолдама деген сөз

Н.Ә.Назарбаев



Қазақстан Республиканың білім жүйесінде қазіргі уақытқа дейін көптеген өзгерістер болып жатыр. Сол өзгерістердің бірі - үштілділік, Елбасымыз айтып кеткендей алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу үшін білімді, мәдениетті, бәсекеге қабілетті және жан-жақты дамыған тұлғаларды қалыптастыру. Ол үшін біздер мұғалімдерде жаңа бағдарламалардың аясында өз білімдерімізді жетілдірудеміз. Осыған байланысты заман ағымына сай біздер, мұғалімдер, көштен қалмай білімімізді үнемі дамытудамыз.

Осы тұста мен Мұхтар Әуезовтың мына бір керемет сөздерімен келісемін "Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек." Себебі, физика пәнін ағылшын тілінде оқушыларға жеткізу керектігін ойлағанда өте үлкен қорқынышты сезіндім. "Физика", "Химия", "Биология", "Информатика" пәні мұғалімдерін жаңартылған білім мазмұнына сай ағылышын тілін үйрету курсына жазылғанымда алдымда не боларын білмедім, курс бойы ағылшын тілін өзіме жаңа бір әлемдей қабылдадым, жаңа мәдениетпен, тілмен таныстым. Курс барысында 2-3 күн сайын біліміміз тексеріліп, тест тапсырмаларын орындап отырдық. Әр деңгейді біткен сайын оқылым, жазылым, сөйлеу және тыңдалым бойынша жетістіктеріміз бағаланды. Бұл курс барысында тек қана ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, өз пәнімізді CLIL әдістемесі бойынша ұйымдастыруды меңгердік. Осыған биайланысты Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәжірибеден өтіп, ондағы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, шет елден келген әріптестерімізбен жүздесіп, тәжірибе алмастық. Курс барысында бізбен жұмыс жасаған біздің оқытушылармыздың сабақ беру кезіндегі әртүрлі оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерді пайдалануы, әр күні мазмұнды, қызықты, шығармашылыққа толы сабақтары маған өте керемет әсер сыйлап, тілді үйренуге деген біздің қызығушылығымызды оятты.

Ағылшын тілі - ғылымның тілі, физика пәнін ағылшын тілінде оқушыларға біліп, үйренулеріне ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын. Көз-қорқақ, қол-батыр демекші Назарбаев Зияткерлік мектебі маған үлгі болды, өз көзіммен көрдім, білдім. Осының барлығы оқушының болашақта заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау мен оның шетелдің тілін, мәдениетін танып білуіне ықпал ету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастырудан туындап отыр деген сенімдемін.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі