400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білімнің бәйтерегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің бәйтерегі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімнің бәйтерегі


Ұлассын ұлы мереке күні ұстаздың

Мерейі үстем болсыншы ұлы тұлғаның

Құттықтап бүгін өлеңмен арнау арнаған

Шәкіртіңіз Жарқынаймын ізді жалғаған


Әлемнің ізгілігін үлгі еткен

Ұстазым ұлылықты бастау еткен

Білімін бір жүйеге топтастырып

Ағайым өнегелі көркем неткен


Қадірін біле білген жан бақытты

Ұстазымды үлгі етіп ұлағатты

Бой түзеп құлақ түріп өсиетіне

Ұстазбен көркемделген кең дүние


Көркем екен көз қарасы сыртыңнан

Ағайым жайнайды әркез нұр тұлғаң

Ізгіліктің ірге тасын қалайтын

Иеленіп мәртебені таң қылған


Ұстаз ісі ұлылыққа кенелген

Ілтипатқа зор құрметке бөленген

Ағайымдай ұстазым бар қашанда

Білім нәрін құя білді тереңнен


Тебіреніп тыңдаушы едім әр сөзін

Ағатайым тағылымың биік шың

Ұстаздықтың үйретіп қыр сырын

Ізгілікті сөзін ұқтым жан күйін


Биікке өрлеу пенденің басты арманы

Ұстазым үйреткен ұлы мақсатты

Санаулы жан ұғынған кезде сабағын

Ұмтылар алға жат сынып ескі ойларын


Байкенже ағай қайран қалам сіздегі

Қайсарлықтай,жігерліктей бар күшке

Білімділік өз алдына шарықтар

Өзіңіздей жанды біздер пір тұтар


Жақсылық жолын жалғадың жігерге

Жеңісті сәттер көбейді қилы өмірде

Сеніммен сиқыр әлемін шарлап тұңғиық

Жақсылық нұрын орнаттын ұстаз жүрекке


Баккумекова Жарқынай

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.07.2021
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі