Тақырыбы:«Білімнің бастауы - балабақшада»
Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құрап білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме құрметті тәрбиешілер! Қымбатты балалар, ата-аналар және барша Қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Шарамызды бастамас бұрын еліміздің әнұраны орындалсын!
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі мерекелік шарамыз біздің білім күніне, бірінші Қыркүйек күніне арналады. 1-ші Қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. 1-қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар, тәрбиешілер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде алғашқы қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы алғашқы қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым Жомарт Кемелұлы.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай ауылда туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Батыр ауылында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Әмина» балалар бақшасы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Жарайсыңдар!
Әсем әуен ойналып «Білім ханшайымы» келеді)
Білім ханшайымы: Сәлем, баршаңызға! Мен - Білім ханшайымын. Қариясы сыйлы,
балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.
Мәңгілік ел халқының мерекеге арнаған мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші:Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған әнімізбен жалғастырайық.
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Балдырған, Балдәурен, Құлыншақ, топтың балдары тақпаққа шығады.
Тақпақ:
1.Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдынында
Жайып білім желкенін.
2.Кел – кел досым бақшаға
Естимісің үнімді
Сауат ашып тіл дамытып
Үйренейік білімді.
Тәрбиеші:
Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні! (шапалақ).
«Қарлығаш» тобының балаларының орындауындағы биге кезек берейік.
Би: «Кітапхана»
Тәрбиеші: енді балалардың мақал-мәтелдерін тыңдап көрейік мен басын бастап беремін ал сіздер жалғастырасыңдар?!
1-ші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
2-ші: Кітап- білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
3-ші Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
4-ші: Оқы да біл,
Ойна да күл.
Тәрбиеші:
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы –
Балабақшадан басталады!
Ән:»Оқуда озат боламын»
Білім ханшайымы: Балалар сіздер қандай ақылдысыңдар мен сендерге ризамын! Мені басқада балабақша балалары күтіп отыр қош сау болыңдар!!!
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу іс-әрекеттеріміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз. Бүгінгі мерекелік шараға жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған мерекеміз аяқталды! Сау болыңыздар!!!
Мұнайлы ауданы
«Әмина» жекеменшік балабақшасы
«Білімнің бастауы -
балабақшада» 
Әдіскер: Шонаева.Қ.Р.
Тәрбиеші: Медетбай.С.Е.
2025ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Білімнің бастауы - балабақшада"

шағым қалдыра аласыз