Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Білімнің бастауы - балабақшада"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Раушан» бөбекжай – бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Бекітілді

«Раушан» бөбекжай – бақшасы»

КМҚК-ның әдіскері

______Сакбаева Р.Х.





Мерекелік іс – шара:

"Білімнің бастауы – балабақшада!"









Тәрбиешілер: Жобалаева Д.Д.

Шуленбаева А.У.

Төле би ауылы

2018 – 2019 оқу жылы

Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.


Ортада жүргізуші 5 бала қалады:
1 - бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
2 - бала: Себебі бүгін мереке ғой!....
3 - бала: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!
4 - бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді.........
5 - бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?
Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?
1 - бала: Кеттік онда! (Ортаға тақпақ айтатын басқа балалар ауысып тұрады)



Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар! Қымбатты балалар, ата – аналар және барша қазақстандықтар! Сендерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!


Б.Арсен:

Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.


Алима:

Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.










Сұлтан:

Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.

Мадина:

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

Аяулым:

Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!

ҚР Мемлекеттік әнұраны


Нұрислам:

Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Әміржан:

Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!
Сүйікті апайымыз __________________________________________ құрметті сөз кезегін ұсынамыз!

Құттықтау сөз





Адия:

Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық.
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз

Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз!



Ән: «Балабақша»

(Көңілді музыкамен Буратино ойнап келеді)

Буратино:

О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды!
Келіңдер балалар, қызы - ы - ық ойын ойнайық!
Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?......


Мальвина:

Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке!
Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.


Буратино:

Солай деңдер?! Ал көп оқып миды ашытып керегі не?



Мальвина:

Көп оқыған бала өте ақылды болады. Білім арқылы болашақта үлкен жетістіктерге жетуге болады.Буратино сен біздің балалардың тақпақтарын тыңдап көрші.










З.Айзере:

Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!

Айбике:

Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!


Буратино:

Керемет!

Мальвина:

Онда біз басқа да қуыршақ қыздарымызды
шақырып сендерге мереке құрметіне би билеп берейік,
шашуымыз болсын!

Би «Қуыршақтар биі» Ересектер «Күншуақ» тобы

Бақыт құсы: 

Сәлем, баршаңызға! Мен - Бақыт құсымын. Қариясы сыйлы,
балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.
Мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына






сиқырлы шарға жинап жүрмін. Лебіздерге толған сиқырлы
шар еліміздің көгінде барша Қазақстандықтарға нұрлы шуағын
шашып тұратын болады.


Буратино:

Неліктен қос мереке дедіңіз? Бүгін білім күнінен басқа тағы
қандай мереке?

Бақыт құсы:

30-шы тамыз «Конституция күні» болды. Біздің өз Ата – Заңымыз, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, тәуелсіз мемлекетіміз бар. Ал, сендер балалар, осы тәуелсіз Қазақстанның түлектерісіңдер.

Би: «Ойыншықтар» ІІ кіші «Достық» тобы

Бақыт құсы: Өте тамаша! Мен риза болып тұрмын. Кеткім келмейді, бірақ бүкіл Қазақстанды аралап шығу үшін асығуым керек.
Мына сиқырлы шарға мерекелік лебіздеріңді айтып жіберіңдерші:


Балалар:

- Қос мереке құтты болсын!
- Еліміз өркендей берсін!
- Білімділер көп болсын!
- Бейбітшілік күні жарқырай берсін!
- Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік ел болайық! т. б.


Бақыт құсы: Көп рахмет, сендерге, балалар! Мереке мерекеге ұласа берсін!
Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!


Би: «Аист» Ортаңғы «Ақбота» тобы





Ересек «Күншуақ» тобы:

Біз – еліміздің жас өркеніміз,
Желді керген желкеніміз,
Желбіретер көкте туын
Біз - еліміздің ертеңіміз!



Жүргізуші:

Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!

Ән: Ересектер «Күншуақ» тобы «Бақытты балалық»

Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының алғашқы оқу қызметін бастау үшін тобымызға асығайық.
Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
550
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12