400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Білімнің бастауы – балабақшада"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі педагогтарға.Мектепке дейінгі мекемелерде 1 қыркүйек Білім күніне ұйымдастырылатын шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Түрксіб ауданы КМҚК № 147 бөбекжай – балабақша әдіскері: Шаханова Назерке Мейрбекқызы

Тақырыбы: «Білімнің бастауы – балабақшада»
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.Балаларды адамгершілікке,Отан сүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
1 бала:Себебі бүгін мереке ғой!....

2 бала:Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, Білім күні! Және Ата заң күні.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар! Мерекелеріңіз құтты болсын!
1 бала:

Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
2 бала:

Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік әнұраны
Жүргізуші:
Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші бақшаның!
Сүйікті апайымыз, ұстазымыз балабақша меңгерушісіне құрметті сөз кезегін ұсынамыз!(
Құттықтау сөз.)
Жүргізуші:
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз!
Ән «Сәлем Қазақстан!» - «Бәйшешек» тобы
(Әсем әуен ойналып «Бақыт құсы» ұшып келеді)
Бақыт құсы: Сәлем, баршаларыңызға! Мен - Бақыт құсымын. Қариясы сыйлы,
балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.
Мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына
сиқырлы шарға жинап жүрмін. Лебіздерге толған сиқырлы
шар еліміздің көгінде барша Қазақстандықтарға нұрлы шуағын
шашып тұратын болады.
Жүргізуші:

Неліктен қос мереке дедіңіз? Бүгін білім күнінен басқа тағы қандай мереке?
Бақыт құсы: 30 тамыз – Ата Заң күнін кеше ғана бүкіл ел тойлады. Ата Заң -
елдегі бақыт пен бірліктің, бостандық пен теңдіктің кепілі.
Бұл мереке туралы бұрын сендер естімедіңдер ме?
Жүргізуші:

Естігенде қандай! Ата Заң күні мерекесіне де біз арнайы
тақпақтар жаттадық, тыңдап көріңіз.

1 бала:

Ата заңым – қуатым
Сенім, мақсат, мұратым
Мақтанышым, көк туым
Көкте шалқып тұратын!
Қазақстан - ұлы елім
Әнге қосам өр атын!

2 бала:

Ата заңым – тірегім!

Арман,үміт, тілегім

Өрлеп, өскен бүгінгі –

Өз Отаным, ұлы елім!





3 бала:

Ата заңым – бірлігім

Берекелі іс, тірлігім

Елдің ырыс, бақыты

Бейбітшілі, нұрлы күн.

Хор : «Ана тілім»- Сандуғаш, Айсұлу- тәрбиеші,Айғаным,Батухан- бүлдіршін.

Бақыт құсы: Өте тамаша! Мен риза болып тұрмын. Кеткім келмейді, бірақ
бүкіл Қазақстанды аралап шығу үшін асығуым керек.
Мына сиқырлы шарға мерекелік лебіздеріңді айтып жіберіңдерші:
Балалар хормен:

- Қос мереке құтты болсын!
- Еліміз өркендей берсін!
- Білімділер көп болсын!
- Бейбітшілік күні жарқырай берсін!
- Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік ел болайық! т. б.
Бақыт құсы: Көп рахмет, сендерге, балалар! Мереке мерекеге ұласа берсін!Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші:

Біз – еліміздің жас өркеніміз,
Желді керген желкеніміз,
Желбіретер көкте туын
Біз - еліміздің ертеңіміз!
Би «Жаса Қазақстан!» ересек, мдт балалары

Тәрбиеші: Білім бастауы - балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір
жылы тілектерімізді арнайық!

1 бала:

Өмірдің бейбіт бағы бұл,

Асудан асып асқарлы

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

2 бала :

Бүкіл елде басталып бүгін жыры

Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.

Білім – ғылым бастауы, мерекелі,

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

3 бала:

Қыркүйектің бірінде,

Кеудем толы дірілге.

Құлақ түйем елеңдеп,

«Бақша» деген бір үнге.

4 бала:

Өмір бойы бақшамды жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін.

Құтты болсын білім күні мерекең!

Жүргізуші:

Егемендігіміздің белгілерінің бірі – мемлекеттік рәміздер. «Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл Қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» - деп Төле би бабамыздың айтқанындай егеменді ел атандық.Міне, енді өз Әнұранымыз,Елтаңбамыз, Туымыз бар.Халқымыздың еңсесі жоғары.

Ел Тәуелсіздігіміздің кепілі, келешегіміздің кемелі – Конституция күніне орай келесі бүлдіршіндеріміздің жылы лебіздеріне назар аударайық.






1 бала:

  Елтаңбасы елімнің,

  Неткен әйбат, әдемі!

 Тұнығындай көңідің

 Ортада аспан әлемі.

2 бала:

 Көк аспандай көкпеңбек

 Қазақстан жалауы

 Көк емес ол тектен тек

 Елдің ашық қабағы. 

3 бала:

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған.

Қадірін Ата заңның білемісің?

4 бала:

Ата заңым – бас кітабым, бұлағым,

Ата заңым – ар ожданым, тұрағым.

Ата заңым – шариғатым,шарттарым,

Бағдар шамым, бойға қуат ұраным.

Мақал-мәтел

 1.Отан оттан да ыстық.

 2.Туған жерге ту тік.
 
3.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

4.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

Ән: «Туған жер» Азамат

(Залға әдемі әуенмен Суретші келеді)

Жүргізуші:

Түрлі - түсті қарындаш, тату - тәтті қарындас
Ақ қағаздың бетіне, түрлі өрнек салыпты
Көбелекті, гүлдерді, әсем қала, үйлерді
Түрлі түске бояпты.

Суретші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Тойларың тойға ұлассын!
Балалар: Сәлематсыз ба! Рақмет.
Суретші:Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Кім атап береді?Мен сендерге осы төрт жыл мезгілдерінде кездесетін ауа - райы құбылыстарын айтамын.Дұрыс болса - қол шапалақтаймыз.Бұрыс болса (қате)- аяқпен жер соғамыз.
-  Жазда жиі жаңбыр жауады.
-  Қыста алма піседі.
 - Көктемде жеміс - жидек жинаймыз.
 - Қыста боран соғады.
-  Күзде суық жел соғады.
-  Жазда қарлы, аязды күндер жиі болады.
-  Қыстыгүні гүл жинаймыз. 
-  Көктемде ағаштар бүршік атады

Суретші: - Балалар, сендер түстер туралы не білесіңдер?
Қандай түстерді білесіндер?

Балалар: Қызыл, сары, көк, ақ, күлгін, жасыл.
Суретші: - Керемет, ал сендер ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: - Иә.
 Ойын: «Өз түсінді тап»
Шарты:Жерге төрт түсті гүлдер қойылады, сол түстер қарындаштар беріледі. Әуенмен билеп жүріп, әуен тоқтағанда өз түсіне сәйкес гүлдің тұсына тұрып үлгеру керек.

(Ойын ойналады 2-3 рет қайталанады.)
Суретші: - Балалар, сендер түстерді жақсы айыра алады екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Мен енді кетейін. Сіздерге сәт сапар!
Балалар: - Сау болыңыз!


Би: «Көңілді күн»

( Залға Жалқаубек келеді:)

Жалқаубек: Балалар, сендер мені көрген жоқсыңдар. Мен апамнан тығылып жүрмін. Апам келсе, мені жоқ деп айтыңдар. ( Жалқаубек балалардың артына тығылып қалады.Жалқаубектің апасы келеді.)

Апасы: Амансыңдар ма, балалар! Менің баламды көрген жоқсыңдар ма?( Іздеп жүріп тауып алады.)
Апасы:Балам, тығылып неғып отырсың? Тұр кәне.
Жалқаубек: Ту - у. Қойшы апа.
Апасы: Балам мынауың не? Мынау менің орамалым ғой, ал мынау әкеңнің галустугі ғой. Мынау не, беліңдегі? Балам, жүр мектепке апарайын.
Жалқаубек: Жоқ, бармаймын мектепке.
Апасы: Балалар, көмектесе көріңдер. Менің балам мектепке барғысы келмейді.
Жүргізуші: Жалқаубек, сен санау білесің бе?
Жалқаубек: - Жоқ,жоқ. (Басын төмен түсіріп тұрады.)
Жүргізуші:  Ал, ендеше балалар Жалқаубекке санауды үйретейік. (Балалар хормен санайды.)

Жалқаубек: - Ой, керемет, өздері менен кіші болса да құлшынып тұр ғой тегі. Әттең босқа уақытымды өткізіп алғаным ай - а?! Эх, ерінбей, жалқауланбай балабақшаға келсем ғой, мен де көп нәрсені үйреніп білмек екенмін.
Жүргізуші: Олай деп өкін бе, Жалқаубек, әлі де кеш емес, тек жалқаулықты тастасаң болды.
Балалар:

Білім жалғыз мектепте емес
Білім үйде, көшеде,
Білім сені аялаған
Әлпештеген шешеде - емес пе?
Жалқаубек: - Распа, онда келістік, балалардың алдында сөзімді беремін, бүгіннен бастап, жалқаулықты тастаймын, мектепке барамын.
Жүргізуші: Талабыңа нұр жаусын.Жолың болсын- деп Жалқаубекті апасымен мектепке шығарып салады.
                                 
( Ортаға қоңырау соғылады.)
Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы, кел, төрлет
Дүбірлі думан басталсын
Жүректерді ән тербеп
Шапалақ ұрсын асқар шың.                                                                                  

1 бала: Мінекей 2016- 2017  оқу жылының да алғашқы қоңырау үнін естідік.

2 бала: Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының
алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.
Хормен:

Шаршамай – талмай, білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!

Бүгінгі мерекеміз осымен аяқталды.Сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі