Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Білімнің мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Оразалина К.Ж.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

8-сабақ. Тұңғыш ұстаз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

3.​2.​6.​1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.

4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу.

Сабақ мақсаттары

1.Тыңдаған ақпараттың дұрыс/бұрыстығын ажырата білу, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айту.

2. Оқыған мәтінге атау беру, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қою.

3. Жазбаша сөйлемдер құру.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс қайталайды, мұғалімнің көмегімен жазбаша мазмұндайды.

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен жазбаша мазмұндайды.

Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, өз бетінше жауапқа сәйкес сұрақтар құрастырады, жазбаша мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

Мәтінді дұрыс оқып, ондағы ақпаратты түсіну.

Мәтінге атау беріп, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақ қоя білу.

Тірек сөздерге сүйеніп, жазбаша мазмұндау.

Лексикалық минимум

жаңалық, әңгіме

Грамматикалық минимум

сұрау есімдіктері, етістік сұрақтары

Құндылықтарды дарыту


Ұлы тұлғалар, тарихи орындар туралы ақпараттарды білуге қызығушылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім


Абай – ұлы тұлға

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

М ұғалім оқушылардан үй тапсырмасын «Марапаттау» ойыны арқылы сұрайды. Әр оқушының үйде «Абай – ұлы ақын» тақырыбында дайындаған постерлері тексеріліп, сәтті, ұтымды жасалған постерлерге марапаттау қағазы тапсырылады.


Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы сөзжұмбақты шешкізу арқылы сабақтың тақырыбын болжату. Сөзжұмбақ негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту.







1










2






3












4









5












6








Сөзжұмбақ сұрақтары:

1. Тәрелке, кесе, қазан – осылардың жиынтық атауы қандай?

2. Өзен, көлдерде не болады?

3. Мектепте оқиды?

4. Немен сурет саласыңдар?

5. Жеміс атауы?

6. Қонжық, қуыршақ – жиынтық атауы қандай?

Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде ортадағы қарамен белгіленген төрбұрыштарды тігінен оқыған кезде қандай сөз шықты?

Ыбырай.

Олай болса, тұңғыш ұстазымыздың толық аты-жөні кім? Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.


Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • мәтінді дұрыс оқып, ондағы ақпаратты түсіну;

  • мәтінге атау беріп, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақ қою;

  • мәтінді жазбаша мазмұндау.



Сабақтың ортасы

25 минут

(МК, Ұ) Сабақтың жаңа сөздерін (жаңалық, әңгіме)

суреттер мен сөйлемдер арқылы меңгерту.


Диктор теледидардан жаңалықтар оқыды.

Жас ғалым

жаңалық ашты.


Рисунок 2

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласына жаңалық әкелді.



Әңгіме – қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.


(МК, Ұ) Оқылым. Айтылым.

Мұғалім суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқиды, оқушылар соңынан қайталайды.



Қостанай облысы Арқалық қаласындағы

Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі


Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш ұстаз

(Ө) Тыңдалым тапсырмасы. Диалогті тыңдап, ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Тыңдалым мәтіні:

- Ыбырай Алтынсарин кім?

- Ыбырай Алтынсарин – ұлы ұстаз, қазақ даласына жаңалық әкеліп, алғашқы мектептерді ашқан.

- Ол туралы тағы не білесің?

- Ол қазақ балаларына арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.

- Оның мұражайы қай қалада орналасқан?

- Оның мұражайы Арқалық қаласында орналасқан.


Сөйлемдер

Дұрыс

Дұрыс емес

Ыбырай Алтынсарин – мүсінші.



Ыбырай Алтынсарин – ұстаз.



Ғалымның мұражайы Семей қаласында орналасқан.



Ғалымның мұражайы Арқалық қаласында орналасқан.




(Ө) Оқылым. Оқушылар мәтінді оқиды. Оқылым кезінде орфоэпиялық нормалар сақталынуы тиіс. Мәтінге атау беру керек.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ол балаларға арнап көп әңгіме жазған. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласына жаңалық әкелді. Ол мектеп ашты. А.Байтұрсынұлы, С.Көбеевтер сол мектепті бітірді. Ол орыс ғалымдары – В.В.Григорьев, Н.И.Ильминскиймен дос болған. Ыбырай Алтынсарин – ұлы ұстаз, дара тұлға.













Мәтінге қандай атау беруге болады?

  • Ыбырай Алтынсарин

  • Ұлы ұстаз

  • Балалар әдебиетінің атасы


(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2019
793
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12