Материалдар / Білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру - заман талабы

Білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Ақтөбе қаласы

«№36 қазақ орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Калназарова Сара Жултаевна


Білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы.

Жаңаша оқыту — заман талабы. Оқыту үрдісінде өзгеріс   енбейінше, нәтиже болмайтынын өмір көрсетіп отыр. Сол себепті әрбір сабақты жаңаша әдістермен оқушының санасына ұялайтындай етіп өткізуіміз керек.

Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі әдісті, жаңа идеяларды жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс-әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге, оқушылардың белсенділігін, жеке – дара жұмыс істеуін ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.

Яғни, әр оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның табиғи қабілеттерін анықтау, өздік танымдық іс-әрекетіне бағыттау, оның субьектілік қызметін жетілдіру, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Білім беру кеңістігінде қазіргі таңда білім беру - әлеуметтік құрылымның маңызды элементтеріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Оның ішінде ғаламдық өзгерулерге бейім жеке адамның да, қоғамның да жаңа іс-әрекет түрлеріне ынталана алатындай, өзгермелі мәдениеттік ортада өзін-өзі анықтай алатындай және адамгершілікке, интелектуалдыққа, кәсіби біліктілікке тәрбиелейтіндей оқытудың үздіксіз жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындауда.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы. Қазіргі қоғам дамуының маңызды міндеттерінің бірі – мектептік білім беру аясында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау болып табылады. Біздің қоғамның болашағы мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Білім саласындағы маңызды өзгерістер болашақ мұғалімдердің кәсіптік дайындығына күрделі де нақты талаптар қойып отыр. Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер білімді, саналы жастарды тәрбиелеуде үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі.

Оқушыларға жүйелі білім беру және алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру сияқты оқу процесінің негізгі мәселелері сабақ беру арқылы жүзеге асады. Сондықтан да сабақ беру әдістеріне әрқашан да ерекше көңіл бөліп, оны жетілдеру күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс.




Оқушылардың сабаққа ынтасын, шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өткізудың де маңызы зор.

Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек. Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен машықтық қалыпқа түскен іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын – ұстаздар екені аян.

Педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығару. Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпараттары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Жаңа оқыту технологиясының принциптері – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады. Білім беру жүйесінде қазір жаңа оқыту технологияларының сан алуан түрлері бар.

Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан да, жаңа мазмұнды білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда тынымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі және оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпас еді.

Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру.





23 Сәуір 2025
217
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі