9
ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ШАЛҚАР ОРТА МЕКТЕБІ КММ
Бекітемін
Мектеп директоры
Т.Касымбекова
_________________
“Білімнің шырағы – Әліппе! ” Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Сынып : 1 «Г»
Сынып жетекші: Асқарова Б.Т.
«Білімнің шырағы -Әліппе!» ертеңгілігі
Сынып : 1
Г
Мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға
салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі
басқаруға үйрету.
Сюжет Шырақ мультфильм желісі
бойынша.
Әр аялдамада балалар тоқтайды. Аялдайтын аялдамалары «Білім», «Логика», «Өнер», «Алғыс» аялдамалары. Білім шырағы оларға жол көрсетеді. Шырақ ұйықтап жатқан жерінен оянады. Шырағы жағылып, айналаның барлығы жап-жарық болады.
Балалар сахнада отырады.
Шырақ: Армысыздар балалар! Мен Білім шырағымын. Бүгінгі «Білімнің шырағы - Әліппе !» ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріңіз 42 әріпті меңгеріп, енді міне сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгін сендер Білім шырағымен саяхаттайсыңдар. Саяхатқа аттанбас бұрын Сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе деп 3 рет айтады.
Ортаға Әліппе келеді.
Әліппе Амир:
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Шырақ: Ендеше саяхатқа аттанайық........
Осы кезде музыка ойнайды. Оқушылар «Білім » аялдамасына келеді.
Шырақ: Ал балалар біз «Білім» аялдамасына келдік. Бұл аялдамада сендер осы уақыт ішінде не үйреніп, не білдіңдер соны ортаға саласыңдар.
Б әріпі Жібек:
Б дегенім білім
Білім жарық күнің
Ашып берер саған
Бар әлемнің сырын!
І әріпі Кәусар:
І дегенім інім
Бауырым ғой күнім
Қызықтаймыз оны
Балдай тәтті тілін!
Л әріпі Аянат:
Л дегенім лағым
Кезіп ауыл маңын
Маңыраған кезде
Бір тынбайды жағың!
І әріпі Шахризат:
Ілгіштегі киімді
Інім киіп сүйінді
Іліп алып шанасын
Ілгері өрлеп түйілді
М әріпі Махсетова Мадина:
М дегенім мектеп
Кітабымды беттеп
Мен өсемін оқып
Мектебімді көктеп!
Шырақ: Тамаша балалар! Әріптерді меңгеріп, тақпақ жаттауды да үйреніп қалыпсыңдар. Керемет! Келесі кезекте ұлдардың өнерін тамашалайық! 1 г сынып ұлдарының орындауында Алаш биі.
Музыка ойнайды. Балалар «Логика» аялдамасына келеді.
Шырақ: Балалар біз Логика аялдамасына келіп қалдық. Бұл аялдамада сендердің математикалық білімдерің шыңдалады.
Логика аялдамасында ортаға:
«Л әріпі » Бекнұр
«О әріпі » Диас
«Г әріпі » Махсат Әлішер
«И әріпі» Рамазан
«К әріпі » Нұриман
«А әріпі» Азамат шығады.
Л әріпіндегі тапсырма:
Қосылғыштардың орны ауысқанмен қосындының мәні өзгермейді.
О әрпіндегі тапсырма:
Суды немен өлшейміз?
Г әрпіндегі тапсырма:
Қарындашты немен өлшейміз?
И әрпіндегі тапсырма:
Азайту компоненттерін ата.
Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.
К әрпіндегі тапсырма:
Қосу компоненттерін ата.
Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.
А әрпіндегі тапсырма:
Қиярды немен өлшейміз? Өлшем бірлігін ата.
Шырақ: Тамаша балалар, сендер Логика тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар. Ендеше 1 Г сынып қыздарының Барби биін тамашалайық.
Биден кейін оқушылар «Өнер» аялдамасына келеді.
Шырақ: Балалар біз өнер аялдамасына да келіп қалдық. Ендеше мен сендерге осы уақытқа дейін үйренген, өз қолдарыңмен жасаған қолөнерлеріңді тамашалауға шақырамын.
Видеоролик көрсетіледі.
Шырақ: Тамаша балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер. Ендеше Әліппеге арнаған өлеңдеріңді тыңдайық.
Хор: Әліппе әні.
Ө әріпі- Жанерке
Ақыл көпке
жеткізер,
Өнер көкке
жеткізер.
Н әріпі- Әли
Өнер таусылмас
азық,
Сарқылмас
байлық.
Е әріпі – Утеп Мадина
Асыл тастан
шығады,
Өнер жастан
шығады.
Р әріпі – Юсуф
Өнерлі бала сүйкімді.
Әліппе Амир:
Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!
Ана тілі Нұрали:
Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Ана тілі барып орнына отырады.
Әліппе Амир:
Әр сөзімді жаттаған,
Балалар үшін мақтанам.
Рахмет айтып, шаттанам,
Риза болып аттанам.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман есен болыңдар!
Әліппе шығып кетеді.
Оқушылар Білім шырағымен «Алғыс» аялдамасына келеді.
Шырақ: Ал, балалар біз «Алғыс» аялдамасына келіп қалдық. Сендер кімге алғыс айтасыңдар?
А әрпі Нұрасыл:
«Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Л әрпі Ернар:
Рахмет саған,
Әліппе!
Көп нәрсені
үйреттің.
Таныстырып
әріппен,
Тақылдатып
сөйлеттің.
Ғ әріпі Қазына:
Әкелді бізді жарыққа
Есігін ашты өмірдің
Баға жетпес бұл сыйлыққа
Қайтарып беру бізге алыс
Ата-ана сізге мың алғыс!
Ы әріпі Алинур:
Қазаққа дархан рахмет!
Салт-санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
С әріпі Алуа:
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Сол жанға айтам мың алғыс!
Сезімі үшін жылытқан.
Шырақ: Тамаша балалар сендерге мектепке келіп еңбектеніп, ынталанып сабақ оқып, білімге ұмтылғандарың үшін сендерге де мың алғыс. Ендеше келесі кезекте 1 Г сынып оқушыларының орындауында Рақмет саған Әліппе флешмоб қабыл алыңыздар.
Ән: «Рақмет саған Әліппе» флешмоб
Шырақ: Құрметті балалар сендер бүгін менімен бірге «Білім», «Логика», «Өнер», «Алғыс» аялдамаларына сапар шектіңдер. Өз өнерлерің мен білімдеріңді ортаға салдыңдар. Сендерге алғысым шексіз. Келесі кезекте сендерге арналған ата-аналарыңның тілегін қабыл алыңдар.
Сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
Шырақ: Ата-аналар сіздерге де үлкен алғыс. Бала оқыту үлкен еңбек. Осы еңбектеріңіз жемісті болсын. Осымен «Рақмет саған Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді. Келесі кезекте 1 Г сынып оқушысы Рахметулла Альфияның орындауында «Ұстаз ана» әні.
«Ұстаз ана» әні. Орындайтын Рахметулла
Альфия.
Шырақ: Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені естелік сыйлықтарды табыстау үшін мектеп директорын ( директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын) шақырамыз. Сыйлықтарды тапсыру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Білімнің шырағы- Әліппе

шағым қалдыра аласыз