400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білімпаз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. пәнге деген қызығушылығын арттыру, тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық ойлауын, білімділігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық ойын «Білімпаз»

 Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы:     «Білімпаз»

(Бастауыш сынып оқушыларына арналған    интеллектуалдық ойын )

Мақсаты: 

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. пәнге деген қызығушылығын арттыру, тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық ойлауын, білімділігін арттыру.

Құрылымы: Бағдарламаға 6 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 12.  Ойын 7 кезеңнен тұрады.

  • Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін  сіздер бастауыш сынып оқушыларына арналған  «Білімпаз» интеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.

Барысы: 1. Ұйымдастыру
Ал, қанекей, келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе серік болып еріңдер
Білгендеріңді тексеріп, еске түсіріп
Интеллектуалды сайыста
Бақтарыңды сынап, қатысып бір көріңдер - деп білім сайысына құлшынып келген білімді оқушыларымызды шақырамыз.
Білім сайысына келген оқушылар суреттерді алу арқылы топқа бөлініп, топ атын құрастырады.
1 - топ –«Болашақ»
2 - топ –« Арман»
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп әділ қазылар алқасымен таныстыру: МАД тәрбиешісі: Қосанова Г.С.
Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
I айналым «Бәйге»

II айналым «Мақал – сөз мәйегі»

III айналым «Танымдық сұрақтар»

IV айналым « Сөз тапқанға»

V айналым «Ең, ең, ең, ең..»

VІ айналым «Тіл өнері»

VІІ айналым «Есіңе сақтадың ба?»

- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші бөліміне кезек береміз.
I айналым: “Бәйге”

1-топ: «Болашақ»

1. Қазақстан Республикасында тілдер мерекесі қашан? 22 қыркүйек

2. Ақылды сөзінің түбірі? Ақыл

3. Абайдың қанша қара сөзі бар? 45

4. Ертегілер неше топқа бөлінеді? 3

5. “Үлкен” сөзі заттың қандай сынын білдіреді? Көлемін

6. Суыққа ең төзімді құстар? Қаз бен үйрек

7. Шөлдегі ең ұзақ ұйықтайтын жәндік? Тасбақа

8. Аты да мінезі де бұзық өзені? Тентек өзені, Талдықорған облысы

9. Қазақ қанша жүзге бөлінеді? 3

10. Қазақтың тұңғыш суретшісі? Ә.Қастеев

2-топ: «Арман»

1. Қазіргі заманға сай әдемі заттар жасау өнері? Дизайн

2. Табиғат көрінісін бейнелеу? Пейзаж

3. Тұмсығында ауы бар бұл қандай құс? Бірқазан

4. Қой атасы кім? Шопан ата

5. Сәндік бұйым жасайтын адам? Шебер

6. Ең тәтті не? Ананың сүті, баланың тілі

7. Шашқа тағатын сәндік бұйым? Шолпы

8. Халқымыздың батыр қыздары? Мәншүк, Әлия

9. Байланыс аппараты? Телефон

10. Балалар әдебиетінің атасы? Ыбырай Алтынсарин

ІІ айналым. «Мақал – сөз мәйегі»
(Мақал оқылады, жалғасын кім бірінші көтереді сол топ жауап береді)

1 топ: «Болашақ»

1 . 7 рет өлшеп , *** рет кес
2. 1 тал кессең  , *** тал ек,
3. Досыңды 3 күн сынама , ***жыл сына  .
4. Білгенің бір 9 , білмегенің ***

2-топ: «Арман»

1.Жігіт 1 сырлы  , *** қырлы  .
2. Ұлға 30 үйден тыю  , қызға ***үйден тию.
3. 100 тенгең болғанша, ***досың болсын .
4. 7 жұрттың тілін біл , ***түрлі білім іл.

IIІ айналым: Танымдық сұрақтар


1 топ: «Болашақ» 2-топ: «Арман»

  1. Көп адамдардың бірігіп ән салуы Хор

  2. Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Ана

  3. Өтірікші кімді алдайды? Өзін - өзі

  4. Аяғымен су ішеді ол не? Бақа

  5. Орман санитары? қасқыр

  6. Аққуда не жоқ? Сүт

  7. Ұзыннан ұзақ, көкке тұзақ? Түтін

  8. Екі жағы шектелген түзу? Кесінді

  9. Күннің көзі жылына неше рет шығады? 365

  10. Үстеудің неше түрі бар? 7

  11. Атқа жегілетін көлік? Арба

  12. Наурыз тағамы? Көже

  13. Қазақстанда неше қорық бар? 9

  14. Қызыл кітап қай жылы шықты 1996 жылы

  15. Ұйытып қойып ішкенім не? Айран

  16. Құлағын бұрап тартқаным не? Домбыра

  17. Тұзын көріп татқаным не? Сорпа

  18. “Алып бала” кім туралы? Қажымұқан

  19. Қара алтын? Мұнай

  20. Екі адамның сөз таластыруы? Айтыс




ІV тур. «Сөз тапқанға»

Сөз тапқанға.(Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)
1- топқа ( Б)
Суды немен ішесің?
Сенің досың кім?
Бүгін сенде неше сабақ?
Қандай тағамды ұнатасың?
Қай көшеде тұрасың?
Жасың нешеде?
Қай ертегіні ұнатасың?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Көршің кім?
Ағаңның есімі?
2-топқа (М)
Сенің көршің кім?
Дос қызыңның есімі?
Қандай ертегі ұнатасың?
Қай жануар ұнайды?
Зат есімге мысал?
Көйлекті неден тіккен?
Пырылдап ұйықтайтын не?
Сүйікті пәнің?
Күн ішінде не бар?
Үй тапсырмасын шығаруға кім көмектеседі?


V тур. «Ең, ең, ең...»

  1. Әлемдегі ең ірі жыртқыш аң? Аю

  2. Әлемдегі ең ірі сүтқоректі? Піл

  3. Жер бетіндегі ең алып құс? Африка түйеқұсы

  4. Ең жүйрік сүтқоректі? Гепард

  5. Ең ірі адамтектес жануар? Горилла

  6. Әлемдегі ең ұзын жануар? Керік (6м бойы)

  7. Ең кішкентай құс? Колибри

  8. Әлемдегі ең ірі теңіз жануары? Кит

  9. Мысық тұқымдастардың ішіндегі ең ірі жыртқыш? Ягуар салмағы – 135кг

  10. Қазақстанның ең биік нүктесі? Хан Тәңірі шыны - 6995 м

  11. Ең үлкен үш таңбалы сан? 999

  12. Ең үлкен көл? Каспий

  13. Ең терең көл? Байкал

  14. Қазақстанның тұңғыш географ- ғалымы?Шоқан Уәлиханов

  15. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? Т. Әубәкіров

  16. Ең жақын жұлдыз? Күн

  17. Ең ұзын өзен? Сырдария

  18. Суыққа ең төзімді құс? Пингвин

VІ тур. «Тіл өнері»

Бұл жерде сіздерге қазір қазақ тілі пәнінен білетін тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз?

  1. Сүт пісірім уақыт (жылдамдық)

  2. Ит өлген жер (Алыс)

  3. Құлақ түрді (Тыңдады)

  4. Су жүрек (Қорқақ)

  5. Тайға таңба басқандай (Анық)

  6. Төбе шашы тік тұру? (Қорқу)

  7. Екі құлағы екі езуіне жетті (Қуану)

  8. Қас пен көздің арасында (тез, жылдам)

  9. Үріп ауызға салғандай (Сұлу)

  10. Бармағын тістеу (өкіну)

VI айналым: «Есіңе сақтадың ба?»

«Есіңе сақтадың ба?» (Есте сақтау арқылы сөздерді сол қалпында жазып беру)
1 - топқа
Қамал, лақ, қаз, зере, елек ,күн, намыс, сағат, тамаша, алаш
2- топқа
Ақпан, намаз, зат, тоқым, маса, алмас ,самал ,леген, намыс ,сан


Көрермендермен ойын

 Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың.
(жол)

 

Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы.   (Ара)

 

Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сiлтер көрсетiп жолынды,

Шығысқа,

Батысқа.    (Компас)

 

Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдыңда тұрады.

Алыстағы орасан.    (Дүрбi)

 

Құстан аумады,

Көкте заулайды.   (Ұшақ)

 

Тақылдатып таңдайды,

Егiндi тез жалмайды.

Дәнiн берер тазалап,

Өзi түк те алмайды.   (Комбайн)

 

. Аппақ, аппақ ақ таңдай,

Жарқырап айдын жапқандай.

Алыстан келген тырналар

Тізіліп қонып жатңандай.  (Ақ қағаз, жазу)


 -Міне, балалар осымен  бүгінгі ойынымыз аяқталды.

Қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. Жеңген топты марапаттау, сыйлықтар беру.










































Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Маралды ауылы













Бастауыш сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық ойын

«БІЛІМПАЗ»


Сыныптан тыс жұмыс


1-4 сынып







Орындаған:Қожақова Б.А






«Маралды орта мектебі» КММ

2019-2020 оқу жылы















«Маралды орта мектебі» КММ

2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі